1. Кіріспе. Ғылым және ғылыми зерттеулер туралы түсінік


Негізгі бөлім, қорытындыны дайындау мен рәсімдеу



бет3/5
Дата27.08.2017
өлшемі0,9 Mb.
#29790
1   2   3   4   5

4.Негізгі бөлім, қорытындыны дайындау мен рәсімдеу Ғылыми-зерттеу жұмыстың қолжазбасын стандартты жазу қағазында орындайды. Мұндай қағаздардың тек бір жағына жазу жұмысын жүргізген ыңғайлы, егер қажет жағдай туса қайта көшірмей екінші бетіне түзетулер енгізіледі. Әр бетті толық толтыру қажет емес, толықтырулар мен қосымшалар енгізу үшін орын қалдырып отырған дұрыс. Жазу жұмысын жүргізгенде негізгі, маңызды ойлар анық көрінетіндей етіп белгілеп қою керек. Ол үшін түрлі түсті белгілеуші қарындаштар, маркер қолданған ыңғайлы болады. Ең бастысы негізгі ойдан ауытқымау керек. Ғылыми-зерттеу жұмысын кіріспеден бастап жазбаңыз. Кіріспені кейінірек, басқы бағыт белгіленгеннен кейін жазған дұрыс.

Алдымен жұмыс тақырыбы бойынша сізге не белгілі соны анықтап алу керек. Ойлау нәтижесін толық сөйлеммен емес жеке түсініктерді белгілейтін сөздермен көрсету керек.

Баяндаудың ең оңтайлы, логикалық ретін таңдап, әр түрлі нұсқаларды ойластырып, неден бастаған дұрыс, бастаған ойды қалай жалғастыру керек деген тәрізді мәселелерді шешкен жөн.

Жұмыстың негізгі бөлігін қысқаша абзац түрінде жеке бетке немесе мәтіндік редакторға орналастыру қажет. Ғылыми-зерттеудің жұмыстық нұсқасын неғұрлым ертерек құрған дұрыс. Жұмыстық нұсқаға көп уақыт жұмсалса оның сапасы соғұрлым жоғары болады.

Негізгі бөлімнің жұмыстық нұсқасы құрылғаннан кейін қорытындыны жазу керек. Осылайша негізгі бөлім мен қорытынды жазылып біткеннен кейін кіріспені жазамыз. Сонда жазылғанның барлығы мазмұнына автоматты түрде сәйкес келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық бөлімінің жұмыстық нұсқасы дайын болғаннан соң оны өңдеу керек. Әрбір абзац жеке ойды білдіріп, алғашқы жолдарды оқығанда-ақ не туралы сөз болып отырғаны белгілі болуы керек.

Әдетте ғылыми жетекшілер жұмыстың мазмұнынан хабардар болу үшін әр абзацтың бірінші сөйлемін ғана оқиды. Ғылыми-зерттеу ның жұмыстық нұсқасын өңдегеннен кейін біраз уақыт жұмысты тоқтатып, кейінірек сырып қойыңыз. Бірнеше күннен кейін қайта қолыңызға алсаңыз енді жұмысқа сын көзбен, тексерушінің көзімен қарайтын боласыз. Нәтижесінде жазылған жұмыстың қателерін байқап, оның мазмұнын түзету жұмысын енді оңайырақ жүргізетін боласыз.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мәтінін құру кезінде міндетті түрде ғылыми жетекшінің кеңесіне құлақ салыңыз. Айтылған сынның қайсысына көңіл аудару керектігін өзіңіз шешесіз.

Әр зерттеуші өз ойын анық әрі мәнді етіп жеткізуге ұмтылады. Біреулер зерттеу жолын қысқаша пайымдап, соңғы нәтижені бергенді ұнатады. Ал кейбір зерттеушілер оқырманды өзінің шығармашылық зертханасына біртіндіп, кезең-кезеңмен, жұмысының әдістемесін толық, белгілі ретпен баяндай отырып енгізгенді қалайды. Осылайша оқырманның көз алдынан зерттеушінің барлық күрделі зерттеу жолы: түпкі шығармашылық ойынан бастап жұмыстың қорытынды бөлігіне дейінгісі өтеді.

Жұмысты баяндаудың бірінші нұсқасын көбінесе монография авторлары қолданады, себебі олардың жұмысы мамандардың ат төбеліндей алқасына арналған. Ал ғылыми-зерттеу жұмысын жазғанда екінші нұсқаны қолданған дұрыс, сонда зерттеуші өзінің жұмысының дербестілік сипатын жақсы көрсете біледі.

Ғылыми материалды баяндаудың бірнеше тәсілі белгілі. Олардың ішінде ең жиі қолданылатындары: 1) қатаң реттілікпен беру; 2) тұтастай (әр тарауды өңдеу арқылы беру; 3) ішінара (тараулар кез-келген ретпен жазылады) беру.

Қатаң реттілікпен материалды баяндауға зерттеуші ұзақ уақыт жұмсайды. Себебі автор бір бөлімді аяқтамай келесісіне көше алмайды. Кейде бір бөлімді өңдеу үшін бірнеше нұсқаны байқап көру қажет болады.

Тұтастай материалды жазу жұмыстың дұрыс нұсқасын дайындауға екі есе аз уақыт жұмсауға мүмкіндік береді. Мұнда жұмыс алдымен дөрекілеу түрде толық жазылып соңынан қателері түзетіліп, қосымшалармен түзетулер енгізіледі.

Ішінара баяндау да жиі қолданылатын тәсілдердің бірі. Автор материалды өзіне ыңғайлы реттілікпен өңдейді.

Қолжазбаны дайындау кезеңдерінде ғылыми-зерттеу жұмысының келесідей композициялық элементтері міндетті түрде болу керек. Олар: 1) кіріспе; 2) қорытынды мен тұжырым; 3) әдебиеттер тізімі; 4) қосымшалар; 5) белгілеулер .

Ғылыми-зерттеу ның жұмыстық нұсқасын өңдемес бұрын ғылыми жетекшімен ақылдасқан дұрыс.

Ақтық ғылыми-зерттеу жұмысын жазуды жұмыстық нұсқа толық әзір болғаннан кейін жүргізу керек. Барлық материалдар толық жиналған, ғылыми жетекші қолдаған кейбір ой қорытулар мен тұжырымдар әзір, енді қолжазбаны тек дұрыстап өңдеу керек. Әрбір сөз, сөйлем, тұжырым, формула, кесте тексеріліп, сын тұрғысынан бағаланады. Зерттеуші жұмысын бірнеше қайтара тексеріп, әр бөлімнің атауы қаншалықты мазмұнға сай келетіндігін анықтайды. Мазмұны жағынан дмплом жұмысы(жоба) жоғары курс студентінің белгілі мамандық саласы бойынша өздігінен орындаған, қолжазба құқындағы ғылыми-зерттеу жұмысы. Ғылыми-зерттеу жұмысының көлемі 60-90 бет көлемінде. Гуманитарлық бағыттағы мамандықтарда бет саны 100 көлемінде болуы мүмкін. Қосымшалар бет санына кірмейді. Ғылыми-зерттеу жұмысының құндылығы тек көкейкестілігі, теориялық маңызы мен алынған нәтижелердің қолданбалы маңызымен мен ғана емес оның құрылымымен де бағаланады. Ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымы оның негізгі бөліктерінің реттілікпен орналасуы.

Ғылыми-зерттеу жұмысының дәстүрлі құрылымы келесідей:

1.Сыртқы мұқабасы

2.Беткі парақ

3.Ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға берілген тапсырма

4.Мазмұны

5.Кіріспе

6.Негізгі бөлім

7.Қорытынды

8.Әдебиеттер тізімі

9.Қосымшалар

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспені, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің рет санын, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімін, қосымшалар аты мен бетін көрсетеді. Кіріспеде ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) көкейкестілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық құндылығы беріледі. Сонымен қатар зерттеу мақсаты, міндеті, зерттеу нысаны, теориялық, әдіснамалық негізі, зерттеу орны көрсетіледі.

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін айқындайтын мәліметтерден құралады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі бөлімдер мен бөлімшелерге жіктеледі.

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысының қысқаша тұжырымдамасы, зерттелген нысан бойынша нақты нұсқаулар келтіріледі.

Қорытындыда зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады.

Олар, әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа әрі анық та айқын болуы тиіс.

Қорытындылар мен ұсыныстарды баяндауға екі нұсқаның (тәсілдің) бірін пайдалануға кеңес беріледі, бұл жұмыстың жекелеген тарау параграфтарында олар толық ашылып көрсетілу-көрсетілмеуінен байланысты болады. Егер зерттеу пәнін зерделеу салдарынан пайда болған қорытындылар мен ұсыныстар сәйкес тарауларда жасалса, онда «Қорытынды» бөлімінде олар, тізбе түрінде, негізінен, дәлелдерсіз, бірақ та оларды толық негіздей, ғылыми-зерттеу жұмысының тиісті беттеріне сілтеме жасай отырып ұсынылады.

Егер қорытындылар мен ұсыныстар «Қорытынды» бөлімінде ғана ашып көрсетілсе, онда олардың тізбесімен қатар, әрбір ұсынысты тәжірибеде қолданудың дұрыстығына және тиімділігіне негіздемелер келтіріледі.

Зерттеу мәселесін жетілдіру бойынша, ғылыми-зерттеу жұмысы авторының енгізген ұсыныстары ерекше қолдауға лайықты. Мұндай жағдайда қорытындылар мен ұсыныстарды мына жалғастықпен баяндаған дұрыс болады: алдымен, жұмыс авторының пікірі бойынша кемшіліктер туралы қорытындылар, содан соң – зерттеу нысаны болып саналған ұйым бойынша сәйкес сипаттағы қорытындылар мен ұсыныстар.

Қолданылған әдебиеттер ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар бойынша көркемделеді. Әдебиеттерді ғылыми-зерттеу жұмысына енгізу оларды жұмыста қолдану ретіне байланысты болады. Аталған тізім «Қорытынды» бөлімнен кейін ғылыми-зерттеу жұмысының соңында келтіріледі (Қосымша Г).

Қосымшада негізгі бөлімде берілмеген материалдар келтіріледі. Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) ішінде келтірілген мәліметтердіңнақтылығы мен шынайылылығы үшін студент ғылыми-зерттеу жұмысының авторы ретінде жауапты болады.



Ғылыми-зерттеу жұмысын (жобаны) көркемдеу ережесі. Ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба) компьютер мен принтерді қолданып, баспа әдісімен А4 форматты ақ қағаздың бір жағында бір интервал арқылы жазылуы керек. Кәдімгі 14 кегльді шрифт қолданылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мәтін бетін келесідей өлшеммен орындау қажет: сол жағы 30мм, жоғарғы жағы 20мм, оң жағы 10мм,төменгі бөлігі 25мм. Компьютер мүмкіндіктерін қолданып әр түрлі термин, формула, кесте, ережелерді жазуда әр текті шрифтерді қолдануға рұқсат етіледі. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау әдісіне байланыссыз басылған мәтін, кесте, суреттерді көркемдеу, принтерден шығару талапқа сай болып, анық көріну керек.

Ғылыми-зерттеу жұмысын (жобаны) әзірлеу кезінде анықталған қателерді ақ бояумен бояп, машинамен немесе қара сияны, тушты қолданып қолмен түзету енгізуге болады.

Фамилия, мекеме аты, бұйымдардың аты ғылыми-зерттеу жұмысында (жобада) жұмыс қай тілде орындалса сол тілде келтіріледі.

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) «мазмұны», «нормативтік сілтемелері», «анықтамалары», «белгілеулер мен қысқартулары», «кіріспесі», «қорытындысы» жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырып атауы болып есептеледі.

Ғылыми-зерттеу жұмысын (жобаны) бөлімдер мен бөлімшелерге бөлеміз. Әр бөлім мен бөлімше аяқталған ақпараттан тұруға тиіс.

Бөлімдер аты ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) тақырыбын, ал бөлімшелердің аты сол бөлімшенің тақырыбын анықтауы керек.

Бөлімдермен бөлімшелердің аты ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) мазмұнын дәл әрі нақты айқындауы қажет.

Бөлімдер мен бөлімшелердің аты азат жолдан соңында нүкте қойылмай, асты сызылмай баспа әріптермен басылады. Егер атау екі сөйлемнен тұрса оларды нүктемен бөлеміз.

Ғылыми-зерттеу жұмысының(жобаның) беттерін бүкіл мәтіннің өн бойынан араб цифрларымен нөмірлеу керек. Бет нөмірі беттің төменгі жағында, нүктесіз, ортасына қойылады.

Беткі парақ бет санына саналады, бірақ оған нөмір қойылмайды. Жеке беттедегі суреттер мен кестелер ғылыми-зерттеу ның (жобаның) жалпы бет санына есептеліп, нөмірленеді. А3 форматтағы сурет, кестелерді бір бет деп санайды. Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) бөлімдері бүкіл құжаттың өн бойында араб цифрларымен, нүктесіз, азат жолдан ретімен нөмірленіп жазылады.

Бөлімшелер әр бөлімнің ішінде нөмірленеді. Бөлімше нөмірі бөлім мен бөлімшенің нөмірінен нүктемен бөлініп жазылады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер бір немесе бірнеше бөлімшеден тұруы мүмкін.

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) әр бөлімі жаңа беттен басталады. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер мәтіннен екі жол арқылы бөлінеді. Ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба) беттерінің және қосымшалардың нөмірленуі ғылыми-зерттеу жұмысының өн бойында болу керек. Иллюстрациялар (сызбалар, карталар, графиктер, сызбанұсқалар, диаграммалар, фотосуреттер) ғылыми-зерттеу жұмысында (жобада) мәтіннен кейін бірден немесе келесі бетте орналастырылады. Иллюстрациялар компьютерде орындалады, түрлі түсті болуы да мүмкін. Барлық иллюстрацияларға ғылыми-зерттеу жұмысында сілтеме болу қажет.

Ғылыми-зерттеу жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, графиктер, сызбанұсқалар, диаграммалар) жобалық құжаттың біркелкі жүйесінің мемлекеттік стандартына сай келуі талап етіледі. Қосымшада берілген иллюстациялардан басқа ғылыми-зерттеу жұмысының мәтінінде кездесеті иллюстрациялар ретімен нөмірленеді.

Егер мәтінде сурет берілсе онда «Сурет 1» деп жолдың ортасына жазылады. Кейде бөлім ішінде суретті нөмірлеу рұқсат етіледі, ондай жағдайда сурет нөмірі бөлімнің нөмірі мен сурет нөмірінен нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі. Мысалы: Сурет 1.1

Иллюстрацияларда қажетіне орай түсіндірме сөз немесе атауы болуы мүмкін: Иллюстрацияларға сілтеме бергенде егер жұмыстың өн бойында нөмірленген болса «сурет 2 сәйкес», ал бөлім ішінде нөмірленген болса «сурет 1.2 сәйкес» деп көрсетеміз.

Кестелер ғылыми-зерттеу жұмысында берілген мәліметтерді салыстыруда қолданылады. Кесте атауы қысқа да нұсқа болу керек. Кестенің атауы оның үстіңгі жағында, азат жолдан «Кесте 1» деген сөзден бір жол кейін беріледі.

Кестені мәтінде ол туралы алғаш рет айтылған жерде бірден орналастырады, немесе келесі бетте келтіруге болады.

Барлық кестелерге ғылыми-зерттеу жұмысында сілтеме беріледі. Үлкен кестелерді келесі бетке көшіруге болады. ондай жағдайда кестенің бірінші бөлігінде «Кесте» оның нөмірі көрсетіліп, келесі бетте «кестенің жалғасы» деген сөз және кестенің нөмірі жазылады, мысалы: «Кесте 1 жалғасы». Кестені келесі бетке көшіргенде оның атауы тек біріші бөлікте жазылады. Кестені көшіргенде оның төменгі бөліп тұрған көлденең сызығын келтірмейді. Көп графадан тұратын кестелерді әдетте қосымшада береді. Егер кесте графаларында бір мәтін қайталанып келсе оны қайталап жаза бермейді, «тағыда» деген сөзбен көрсетіп, әрі қарай тек тырнақшамен көрсетеді. Тырнақшаны қайталанатын цифр, белгі, математикалық, химиялық таңбалар орнына қою рұқсат етіледі. Қосымшада берілген кестелерден басқасы ретімен қойылған нөмірмен, араб цифрларымен нөмірленеде. Кестелерді бір бөлімнің ішінде де нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда кесте нөмірі бөлім нөмірі мен кесте нөмірінен нүктемен бөлініп белгіленеді. Кесте графалары мен жолдары әр қайсысы жеке мағаналы болса бас әріппен жеке жақта, ал графа тақырыпшалары кіші әріппен жазылады.

Тақырыптар мен тақырыпшалар соңында нүкте қойылмайды. Кестелер оң жағынан да сол жағанан да, асты мен үстінен де сызықтармен шектеледі. Кестеде мәтіндегіден кіші шрифтерді қолдануға болады. Графалардың тақырыптары кесте жолдарына параллель жазылады. Кейде перпендикуляр жолмен тақырыптарды жазуға рұқсат етіледі. Кестенің басы басқа бөлігінен сызықпен бөлінеді. «Ескерту» деген сөз бас әріппен азат жолдан, асты сызылмай жазылады. Ескертулер ғылыми-зерттеу жұмысында (жобада) егер кестені немесе графикалық материалды мәтінде түсіндіру қажет болса ғана беріледі. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, сөз бас әріппен жазылады. Жалғыз ескерту нөмірленбейді, Бірнеше есекерту болған жағдайда олар араб цифрымен нүкте қойылмай, ретімен нөмірленеді. Кестеге берілген ескерту кесте соңында, кестенің аяқталғанын көрсететін сызықтың үстіне жазылады. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен жеке жолға шығарып жазады.Егер теңдеу бір жолға сыймаса, (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (-), көбейту (х), бөлу (:) таңбаларынан кейін келесі жолға тасымалдайды, белгі жаңа жолда қайтадан қойылады.

Белгілер мен сандық коэффициенттерге түсіндірме формула астында, формулада берілу ретіне орай келтіріледі.

Ғылыми-зерттеу жұмысында (жобада) формулалар араб цифрымен бүкіл жұмыстың өн бойында, жай жақшамен, мәтіннің оң жақ шетінде, бір жолдың бойында нөмірленеді. Мысалы:

Ғылыми-зерттеу жұмысының мәтінінде формуланың рет санына сілтеме жақшамен беріледі. Мысалы: (1) формулада...

Бір бөлімнің ішінде формулаларды нөмірлеуге болады. Онда формула нөмірі бөлім мен формуланың нүктемен бөлінген реттік санынан тұрады, мысалы: (3.1).

Қолданылған әдебиеттерге сілтемені квадрат жақшаның ішінде береді. Қолданылған әдебиеттер туралы мәліметтер сілтеменің пайда болу ретіне орай, ғылыми-зерттеу жұмысының мәтінінде араб цифрларымен, нүктесіз, азат жолдан нөмірленіп беріледі.

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) қосымшаларын ғылыми-зерттеу ның соңында, ретімен келтіреді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме беріледі. Қосымшаларды сілтеменің мәтінде берілу ретімен орналастырады.

Әр қосымша жаңа беттен басталып, беттің жоғарғы жағында, ортада «Қосымша» деген сөзбен , белгілеуімен беріледі. Қосымшаның атын мәтінге қатысты алғанда симметриялы түрде үлкен әріппен, жеке жолға жазады.

Егер ғылыми-зерттеу жұмысында (жобада) бір ғана қосымша болса оны белгілемеуге болады.

Қосымшалар беттері де ғылыми-зерттеу ның басқа бөліктері тәрізді өн бойымен реттеліп нөмірленуі қажет.



5. Ақпараттық іздеу: түрлері ж/е жүргізу әдістемесі.

Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттермен танысу алдымен жоспарланған ойды жүзеге асыру барысында белгіліенген жоспарда белгіленеді. Ол осы салада бұрын зерттеу жұмысы қаншалықты деңгейде жүргізілгенін анықтаудан басталады.

Осыдан кейін әдебиеттер бойынша картотека құрылады. Картотекада әдебиеттің аты, автордың аты жөні, баспа туралы мәлімет, жарық көрген уақыты, томы (журнал нөмірі, беті), бет саны, тиражы көрсетіледі. Қысқаша мазмұнын келтіруге болады.

Жүргізілген талдауды дәптерге немесе карточка түрінде көркемдеп жазған дұрыс.

Ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша әдеби шолу толық жүргізілгені дұрыс. Оған жататындар әр түрлі басылымдарда жарық көрген материалдар, мақалалар, монографиялар. Басылымдар реферативті журналдар, реферативті жинақтар, экспресс ақпараттар, шолушы басылымдар, бюллетеньдер түрінде белгілі. Таңдалып алынған тақырып бойынша әдеби шолу алдымен негізгі сұрақтар туралы мәлімет беретін жалпы жұмыстардан басталады содан кейін ғана жаңа материалдар іздестіріледі. Ғылыми әдебиетке шолу жүргізу өте жауапты - жұмыс. Мақала немесе

кітапты оқығанда қысқаша жазбалар жүргізу үшін қолға қалам мен қағаз алу керек. Егер жеке меншік журнал немесе кітап болса оны жазуды соның бетіне қарындашпен жүргізуге болады. Ол жұмысты біршама жеңілдетіп, қажетті материал іздеуді оңайлатады.

Ғылыми ақпаратпен танысу бірнеше кезеңнен тұрады:

- алдымен әдебиетпен оның мазмұны арқылы жалпы танысу;

- мазмұнын қысқаша шолып шығу;

- материалды орналасу реті бойынша оқу;

- жұмыстың белгілі бір бөлігін таңдап оқу;

- қызығушылық туғызған материалды қысқаша жазып алу;

- жазғанды сын тұрғысынан қарап, түзету, болашақ ғылыми-зерттеу жұмысына енетін жерін өңдеп жазу.

Немесе әдебиетке шолу жасауды келесідей жолмен жүргізуге болады. Дәптердің бетін тік сызықпен екіге бөліп сол жағына оқығанды қысқаша жазып, оң бөлігіне ескертулер мен аса маңызды деген жерлерін белгілеуге болады.

Әдебиетпен танысқанда тек көшіріп қойған жеткіліксіз, міндетті түрде алынған ақпаратты ой елегінен өткізу керек. Алынған ақпарат ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда ешқашанда толық қолданылмайды, тек тақырыпқа қатысты бөлігі ғана қолданылады.

Әдеби шолу жүргізгенде алынған материалдарды тиянақты, рет-ретімен, кейін қолдануға жеңіл болатындай етіп орналастырған дұрыс. Жеке сұрақты қарастыра отырып оны басты мәселемен байланыстыра, ал басты материалды жеке сұрақтарға бөле білу керек.

Әдебиет көздерімен жұмыс істегенде кез келген фактіні емес тек «ғылыми фактілерді» жинақтаған дұрыс. «Ғылыми факті» түсінігі мағанасы өте кең, ол туралы сөз болғанда ғылыми білім негізін қалаушы заттар мен құбылыстардың нақты қасиеттерін сипаттаушы элемент ретінде қарастыруымыз керек.

Ғылыми фактілерге тән қасиеттер: жаңашылдығы, нақтылығы, дәлдігі мен шынайылылығы. Фактілерді жинақтағанда ғылыми жағынан объективті болу керек. Түсіндіруі қиын немесе практикалық қолданбалылығын анықтау күрделі деп фактіні алып тастамау қажет. Көпшілік ғылыми фактілер мәні дұрыс ашылмағандықтан ұзақ уақыт бойы іс жүзінде қолданылмауы мүмкін. Ғылыми фактілердің шынайылылығы оның нақты өмір сүретіндігін, және ұқсас жағдаяттарды құруда дәлелденуін көрсетеді. Ғылыми фактілердің шынайылылығы қолданылған әдебиеттерге де тәуелді болады. Мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен кәсіпорындарда басылым көрген материалдар күмән туғызбайды.

Монографиялар белгілі бір тақырыпты немесе мәселені жан-жақты, толық қарастырады. Ал ғылыми конференциялар материалдарының жинағы негізініен белгілі бір тақырыптарға арналған зерттеу жұмыстарынан құралады. Бұлардың барлығы шынайылылығы жоғары материалдар қатарына енеді. Ғылыми мақалалар қандай ғылым саласына кіретініне орай шынайылылық деңгейі әр түрлі болады. Техникалық және нақты ғылымдар саласына енетін теориялық мақалалар эксперимент мәліметтеріне сүйенетіндіктен әрдайым шынайылылық деңгейі жоғары болады. Есептеу нәтижелері, олардың бағалау мәндері, есептер шығару әдістемесі міне осылардың барлығы шынайы сипатта болады.

Гуманитарлық ғылымдар саласындағы теориялық мақалалар ғылыми- техникалық саладағы мақалаларға қарағанда тұжырымдау, салыстыру, сөз жүзіндегі дәлелдеулерге толы болады. Олардың шынайылығы бастапқы қолданған материалдарға тәуелді болады. Дегенмен бұл жерде объективті тұжырымдармен қоса нақтылығы төмен мәліметтердің болуына қарамастан автордың ұстаған позициясы, көзқарасы, ой қорытуы үлкен рөл атқарады.

Техника, математика және жаратылыстану саласында жүргізіліген зерттеу мәліметтері берілген мақалалармен істес боламыз. Мұндай мақалаларда зерттеу мәліметтерімен қоса оның апробациясы жайлы да айтылады. Осындай мәліметтер мақаланың теориялық және практикалық мәні жоғары екенін көрсетеді.

Кейде ғылыми-техникалық мақалалардың ішінде әлі аяқталмаған зерттеу мәліметтері берілуі мүмкін. Мұндай нәтижелер алдан ала алынған нәтиже болып есептелетіндіктен, оларды мұқият талдау керек болады.

Ақпараттық мақалалар өз алдына дербес мәнді болып келеді. Мұндай мақалалармен кез келген зерттеу аймағында кездесуге болады. Ақпараттық мақалаларда материал немесе қандай бір факт қысқаша әрі нақты берілгендіктен олар өзекті әрі шұғыл болып есептеледі. Мақалалар тәрізді ғылыми конференцияларда оқылған баяндамалар да әр түрлі шынайылық деңгейде болады.

Беделі жоғары әдебиет көздерінен тек соңғы мәліметтерді қайдан алынғанын көрсете отырып берген дұрыс. Яғни әдебиеттерден ғылыми фактілерді сын тұрғысынан іріктеп алу керек. Өмір үнемі қозғалыста болғандықтан, ғылым да үнемі даму үстінде сондықтан кешегі нақты деген факті бүгінгі күні шынайы болмауы мүмкін.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда қолданылатын тағы да бір материал түріне дәйексөз (цитата) енеді. Олар талданып отырған материалдың белгілі бір бөлігін құрап, сол күйінде жұмысқа кірістіріледі. Дәйексөз мазмұнына сүйене отырып талқыланып отырған құбылысты түсіндіретін бұлтартпайтын дәлелдер жүйесін құруға болады.

Ғылыми-зерттеу жұмысына дәйексөзді енгізгенде түпдеректен мағанасы ауытқымауына көп мән беру керек. Дәйексөзбен қатар түпдеректің мәтінін екінші рет баяндауға болады.

Мұндай жағдайда да түпдеректің мағанасы бұрмаланбай жетуі үшін мәтінді түпнұсқамен мұқият салыстырған жөн.

Жинақталған материал осыдан кейін тіркеледі. Оны тіркеу формалары әр түрлі болуы мүмкін. Соның ішінде тек жиі таралғандарын көрсетейік:

1) эксприменттік зерттеулер нәтижесін, әр түрлі өлшеу жұмыстары мен бақылаулар нәтижесін тіркеу, далалық күнделіктер мен қойын дәптерлердегі, науқас тарихындағы жазулар;

2) талданған құжаттардан (мақала, кітаптар, монографиялар мен баяндамалар және т.б.) көшірме.

Осындай жазуларда міндетті түрде түпдерек туралы мәлімет көрсетілуі тиіс. Жинақталған мәліметтер топталып, салыстырылып, реттелуі қажет. Мұнда классификация немесе жіктеу маңызды рөл атқарады, оның көмегімен ғылыми құрылым немесе тұжырым жасалады. Материалды жіктеу онымен бүкіл жұмыс барысында жүзеге асырылады. Ол кез келген ғылыми зерттеу жұмысының алтын діңгегі болып есептеледі.
6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімін даярлау мен рәсімдеу.

Әдетте, қолданылған әдебиеттер тізімімен ғылыми жұмыс аяқталады. Қолданылған әдебиеттер тізіміне оқушы барлық пайдаланылған,жұмысты жазу барысында ескертілген – кітаптар, журналдар, статьялар, нормативті құжаттар, электронды ресурстар және т.б. кіреді. Әдебиеттер тізімі талапқа сай рәсімделіп, автордың толық аты-жөнін, кітап атауын, шығу жылы және орны, баспасы және т.б. көрсетілуі тиіс. Қолданылатын әдебиеттер тізімінің саны, ғылыми жұмыстың түріне байланысты өзгеріп отырады. Жиі тізім алфавитті кезекпен толтырылады. Келесі түрде рәсімделуі тиіс:



(1. Гаджиев К.С. Введение в политическую науку: Издание 2-е, переработанное и дополненное. М.: Издательская корпорация «Логос», 1999. 2. Иностранное конституционное право // Под ред. В.В. Маклакова. М., 1996. 3. Сморгунов Л.В. Семенов В.А. Политология. Учебное пособие. Санкт-Петербург, 1996)

Әдебиеттерді жинау жоғарыда айтылып кеткен тақырыпты меңгеру барысы кезеңінде басталады. Авторлар әрбір қолданылған дереккөзге карточка жасауды ұсынады.

Қолданылған әдебиеттер тізімін алфавиттік ретпен немесе жұмыста аталып өтілген дереккөздердің қолданылу ретімен жасауға болады. Егер де бір дереккөз туралы екінші рет айтылса, ол жалпы тізімге қайтадан қосылмайды.

Әдебиетті таңдау кез келген ғылыми жұмысты жазудағы маңызды кезеңдерінің бірі. Библиографияны жасау кезінде жүйелі каталогтар мен ғылыми кітапханалардың арнайы жаңа әдебиет шолулары көмектеседі. Ізденушіге арнайы журналдардағы басылымдармен танысу қажет. Керекті дерекнама көзі болып Интернет желісі де қолданылуы мүмкін. Бұл кезең библиографияны құрастырумен аяқталады (таңдалған тақырып бойынша танысатын басылымдар тізімі).

Жоғарыда айтылған зерттеу жұмысының кезеңдері, қолжазбаның мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптардың барлығы тек ұсыныс ретінде ғана беріліп отыр. Әрбір зерттеушінің өз жұмыс істеу жүйесі, оны сақтауы (компьютер) болады. Бірақ та ең бастысы – зерттеу жұмысында жүйе болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет