4.Әдебиеттің библиографиялық тізімін зерттеу тақырыбы бойынша әзірлеу. Кітапханалық және ғаламторлық іздеу
Библиографиялық тізім – бұл қолданған деректемелердің библиографиялық сипаттамасы бар және қорытындысынан кейін орналасатын библиографиялық аппараттың міндетті элементі.
Библиографиялық тізімге негізгі мәтінде сілтемелер жоқ және автормен шынында пайдаланған емес дереккөздер енгізілмейді. Осы тізімді «Пайдаланған әдебиеттер тізімі» деп ат қою қажет.
Библиографиялық тізімдердің құру үшін келесі әдістер пайдаланады
әліпби;
хронологиялық;
жүйелі;
ретті (мәтіндегі басылымның бірінші ескертілуі ретінде және т.б.).
Әліпби, яғни библиографиялық сипаттамалардың қатаң әліпбилік авторлардың және басылым аттардың ретінде орналасуы (егер автордың тегі көрсетілмеген, немесе авторлардың саны 4 одан да артық болса). Бір автордың жұмыстарын – жұмыстарының аттары бойынша орналастырады, фамилиялас-авторлардың жұмыстарын – аты-жөнінің бірінші әріптері бойынша. Бұл сияқты әдіс топтастыруы тізім құрамында дереккөз саны бірнеше он данадан жоғары болмаса, ғана ақталады. Сол себептен онымен шағын жазбаша жұмыстардың авторлары жие қолданады. Бір тізімде әр түрлі әліпбилерді араластыруға қажет емес. Шетелдік деректемелер барлық деректемерлер тізбеден кейін жазбаша жұмыстың тілінде әліпби бойынша орналастырады.
Хронологиялық ретімен басылым жылдары бойынша, ал әрбір жылда – кітаптардың аттары және авторлары бойынша орналастырады. Хронологиялық реті қандай да бір сұрақтың зерделеу тарихын көрсетуге мүмкіндік береді. Кері хронологиялық орналасуы қазіргі замандағы сұрақтың жағдайына басты назар аударылған жұмыстарға арнап ұсынылады.
Жүйелі орналастыру ретінде библиографиялық сипаттамалар білімдердің сала, жеке сұрақтар, жеке бөлімдердің қисынды қатар бағынуда тақырып бойынша орналастыруы. Жүйелі бөліктерді қолжазбаның немесе тақырыптың маңызды мәселелерінің тараумен сәйкес орналастыру дұрыс. Тақырыпқа түгелдей қатысы бар жалпы сипаттың әдебиетін, ерекше бөлікке шығару жөнді.
Мәтіндегі басылымның бірінші ескертілуі ретінде орналастыруы жиі пайдаланады. Бірақ осы сияқты орналастыру тізіммен қолдану қиын болады өйткені, оның ішінде тақырыптың ұғуын қарап шығу қиын, ол бойынша материалда осы автордың қай жұмыстарына үзінділер бар екенін тексеру оңай емес. Осылайша құрылған тізім, толық болмайды, өйткені мәтінде ескертілген ғана әдебиет қосылады және басқа да пайдаланған жұмыстарды көрсетпейді.
Барлық библиографиялық пайдаланған әдебиеттің тізімдерінде реттік толласыз белгі қолданылады.
Қолданылған әдебиеттің тізімін құрастыру кезінде жалпы жазбалардан келесі құжаттар топтарын бөліп шығару керек:
- әдіснамалық зерттеу базасын құрастыратын құжаттар;
- ресми құжаттар (мемлекеттік, қоғам ұйымдардың, көпшілік қозғалыстардың және саяси партиялардың құжаттары);
- зерттеу базасын құрастыратын құжаттық деректемелер. Статистикалық жинақтар, жылнамалар және тағы басқа статистикалық органдардың материалдары. Хронологиялық ретінде социологиялық зерттеулердің материалдары;
- тақырып бойынша отандық пен шетелдік әдебиеттің тізімі.
Әдебиет тізімі
Библиографиялық жазу. Библиографтялық сипаттама. Құрастырудың жылпы ережелері мен талаптары: МемСТ 7.1 – 2003. – Кіріспе. 2004-01-7. – М.: стандарттар баспасы, 2004. – 62 б. – (Ақпарат, кітапханалық және баспа іс бойынша стандарттар жүйесі).
Библиографиялық сипаттаманың құруы: қысқаша ережелер. – 2 –і басылым, тол. – М.: К.палата, 1991. – 220 б.
Кітапханалық-ақпараттық қызмет боынша стандарттар/ құраст. Т:В. Захарчук, О.М. Зусьман. – СПб.: Мамандық, 2003. – 576 б.
Дәріс № 3-4. Тақырыпты ақпараттық анықтау. Ақпараттың негізгі көздері.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын дұрыс таңдауының өте үлкен маңызы бар. Іс-тәжірибе көрсетуі бойынша дұрыс таңдалған тақырып ғылыми-зерттеу жұмысының сәтті орындалуының кепілі болып табылады. Тақырыпты таңдауда студенттің осы білім саласындағы білім деңгейі, шығармашылық деңгейі, студенттік ғылыми жұмыстарға, ғылыми үйірмелерге, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы ескеріледі. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын студент соңғы оқу жылының басында өз бетімен таңдайды. Бұл ретте, ол бұрын студент орындаған ғылыми немесе курстық жұмыстардың жалғасы болуы ықтимал.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын бекіту үшін студент шығарушы кафедраға өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмірі мен атауын көрсетеді, ал мүмкіндік болған жағдайда – ғылыми-зерттеу жұмысы солардың материалы негізінде орындалатын ұйымның атауын көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын, егер тіпті ол тақырыптар тізіміне кірмесе де, студенттің өзі ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда кафедра меңгерушісінің атына жазылған өтініште оны әзірлеудің себебі мен мақсаттылығы негізделеді. Бір топтың екі және одан да көп студенттерінің бір ұйымның материалдары бойынша, бір тақырыпқа ғылыми-зерттеу жұмысын орындауларына рұқсат етілмейді.
Студенттердің сәйкес тақырыпқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз аттарына бекіту өтініштері кафедрада қаралады және бекітіледі. Кафедраның шешімі негізінде әр студент атына таңдалған бекітілген тақырыптың тіркелуі және ғылыми жетекші мен рецензенттің (сыртқы) тағайындалуы туралы университет бойынша бұйрық шығарылады. Бұйрықта мыналар көрсетіледі:
студенттің тегі, аты және әкесінің аты; ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбының дәл атауы; ғылыми жетекшісінің тегі мен инициалдары (және кеңес беруші болуы мүмкін) және ғылыми-зерттеу жұмысы рецензентін тағайындау туралы бұйрық, олардың ғылыми дәрежесі, қызметі және жұмыс орны көрсетіледі.
Студенттердің тапсырыс берілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын таңдауы ерекше қолдауға лайық. Сонымен ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын ғылыми жетекші ұсынуы мүмкін, немесе студенттің өзінің идеясы жетекші рөл атқаруы да ғажап емес.
Ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) тақырыбы мамандықты дайындау бағытына сай болу керек. Қафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының (жобалардың) тақырыптары құрылып, факультет кеңесімен мақұлданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының (жобалардың) тақырыптары жыл сайын 30%-ға жаңартылып отырылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы студентке соңғы курстың басында беріліп, ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Ғылыми-зерттеу алдындағы іс-тәжірибеден кейін ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбына өзгертулер енуі мүмкін.
Негізінен ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауда келесідей тәсілдерді қолдануға болады:
- Кафедрада бұрын орындалған жұмыстарға шолу жасау;
- Ғылым мен техниканың шекаралас аймақтарында алынған жаңалықтармен танысу, ғылымдардың қиылысуынан кейбір келелі мәселелелерін анықтауға болатыны белгілі;
- Ғылымда белгілі әдістерді жаңаша тұрғыдан қарау, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын бұрыннан таныс теориялық жағдайларды жаңа позициядан , жаңа көзқараспен қарау негізінде анықтау;
- Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауда белгілі салада жазылған ғылыми мақалаларға шолу жүргізіп, талдау жасау айтарлықтай рөл атқарады;
- Практик-мамандармен әңгімелесу де әлі толық зерттелмеген, тың тақырыпты анықтауға көмектеседі. Тақырып таңдалған соң студент алынған идеяның мәні неде екенін айқындап, оның жаңашылдығы мен өзектілігін, практикалық маңызын анықтауы керек. Осы айтылғандар таңдалған тақырыптың нақты бекітіліп, бағалануын жеңілдетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәнін анықтау тек зерттеуді жаңа бастағандар емес, тәжірибелі зерттеушілер үшін де оңай шаруа емес екені белгілі. Әлі күнге дейін зерттеудің мазмұны мен бағытын анықтайтын негізгі түсініктік-терминологиялық категорияларды тұжырымдауға қойылатын әдіснамалық талаптар толық дәрежеде құрылмаған. Көпшілік жағдайда бұл категориялар синонимді түрде қолданылады. Бір әдебиеттерде нысан (объект- лат. Objtctum-пән) дегеніміз- «бізден тыс, санамызға байланыссыз өмір сүретін, таным және практикалық әсер ету пәні болатын категория», ал пән дегеніміз –«таным нысаны болатын кез келген материалдық зат».
Дәстүрлі түрде, нысан деп субъектіге кері категория есептеледі және оны зерттеуге субъектінің ғылыми-зерттеу, танымдық әрекеті бағытталады.
Ғылыми-зерттеу әрекетінің барысында субъектінің меңгерген ақиқат дүниесі ғана нысан болып есептеледі. Бір нысан бірнеше ғылымдардың зерттеу пәні болуы мүмкін (педагогика, психология, әлеуметтану, философия және т.б.). Нысанның еншісіне ажырамас бөлігі ретінде пән енеді.
Зерттеудің нысаны мен пәні анықталғаннан кейін зерттеудің жаңашылдық деңгейі анықталады. Дегенмен идеяның жаңашылдығы жайлы айта отырып ғылымда белгілі жағдайларды ұмытпағанымыз жөн. Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңашылдығы студентке «алғаш рет» деген түсінікті өзінің зерттеу жұмысының барысында қолдануға мүмкіндік береді. «Ең алғаш рет» түсінігі осы уақытқа дейін осы салада зерттеулер жүргізілмегенін, алынған тақырып алғаш рет зерттеліп отырғанын көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы зерттеу жұмысына бұрын қолданылмаған әдебиеттерді енгізумен, таңдалып отырған ғылым саласындағы негізгі ойдың даму деңгейін, даму заңдылығын анықтаумен сипатталады.
Зертеу жұмысының өзектілігін анықтау ең алдымен осындай жұмыстың бұрын-соңды орындалмағанына көз жеткізуге негізделеді. Тақырыптың өзектілігін анықтауда елдің саяси ахуалымен байланыстырудың қажеті шамалы. Ғылымның саясаттан тыс екенін білеміз. Өзектілікті анықтауды саясатпен байланыстыру зерттеу бағыттары шеңберінің тарылуына әкеледі.
Ал таңдалған тақырыптың практикалық мәнін анықтау зерттеу жұмысының сипатына тәуелді болады.
Егер ғылыми-зерттеу жұмысы әдістемелік сипатта болса онда оның практикалық құндылығы негізгі нәтижелерді баспаға берумен, нәтижелерді практикаға ендіру актісімен құжаттаумен, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндаумен, белгілі бір білім беру саласында оқу үрдісіне ендірумен сипатталады.
Зерттеу еңбектік, материалдық ресурстардың тиімділігін анықтауға, белгілі процесті зерттеуге яғни қолданбалы сипатта болса оның практикалық мәнділігі келесідей болуы мүмкін:
- зерттеу мәселесі бойынша оның дамуы мен тиімділігі арту шарттарын ғылыми түрде негіздеу;
- ғылымның әр саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдануға негізделген шараларды экономикалық жағынан негіздеу;
-зерттеу жұмысы барысында анықталған жеке мәселелерді шешу;
- зерттеу нәтижелерін қолдану саласын көрсету.
Негізгі бетті(титульный лист) дайындау және оның мазмұны
Ғылыми-зерттеу жұмысының мұқабасында келесідей мәліметтер беріледі:
- ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба) орындалған мекеменің атауы;
- студенттің фамилиясы мен аты жөні;
- ғылыми-зерттеу жұмысының аталуы
- жұмыс түрі-ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба);
- мамандық шифры мен аты;
- қаласы, жылы
Беткі парақ ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) бірінші беті болып есептеледі де құжатты өңдеу мен іздестірудегі негізгі ақпарат көзі болып есептеледі.
Беткі парақта келесідей мәліметтер беріледі:
- ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба) орындалған мекеменің атауы;
- ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба) орындалған кафедраның атауы;
- шектеуші гриф (қажеттігіне орай)
- кафедра меңгерушісінің қолы;
- жұмыс түрі-ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба);
- «тақырыпқа» деп көрсетілген ғылыми-зерттеу жұмысының (жобаның) аты;
- мамандық шифры мен аты;
- сол жақта «орындады», оған қарама-қарсы оң жақта студенттің аты-жөні, фамилиясы жазылады
- бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылып, оның аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі;
- қала және жыл жазылады.
Мұқаба мен беткі парақтың көркемделуі төменде берілген.
Дәріс №5-6. Тақырыпты ақпараттық анықтау. Ақпараттың негізгі көздері
1.Ғылыми-зерттеу жазушы студент пен ғылыми жеткшісінің бірлескен жұмысы жеке жұмыс жоспары мен ғылыми-зерттеу жұмысының тапсырмасын құрудан басталады. Мұндай жоспар студенттің әр кезеңде атқаратын жұмысын, оның мазмұнын, орындау уақытын көрсететін негізгі құжат болып табылады.
Ғылыми жетекші студентке қандай әдебиет көзімен жұмыс істеу керектігін ұсынады, жүйелі түрде кеңестер өткізіп, студенттің орындаған жұмыстарын қадағалап, ғылыми-зерттеу жұмысының жазылуын бақылап отырады. Яғни ғылыми жеткші студентке ғылыми әрі әдістемелік көмек көрсетіп, жұмысты орындау барысында түзетулер енгізіп, нұсқаулар береді.
Ғылыми-зерттеу жұмысына берілетін тапсырмада жұмыстың тақырыбы, ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбының университет бойынша бекітілген бұйрық саны, бұйрықтың шыққан мерізімі, аяқталған жұмысты тапсыру уақыты көрсетіледі.
Сонымен бірге тапсырмада студентке алғаш берілетін мәліметтер тізімі келтіріледі. Ол студентке тақырып өзектілігі мен зерттелу деңгейін анықтау үшін шолу жүргізуге берілген әдебиеттер жиыны болуы мүмкін.
Студентпен жүргізілетін жұмыстардың тізбесі тапсырманың ішінде кесте түрінде беріледі.
Кестеде ғылыми-зерттеу жұмысының тараулары, кеңес жүргізушінің аты жөні, кеңес жүргізілетін орын көрсетіледі. Кестеден кейін тапсырма берілген уақыт, кафедра меңгерушісі, ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі және студенттің аты жөндері көрсетіліп, қолдары қойылады. Төменде (Қосымша Ә) студентке ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда берілетін тапсырма үлгісі берілген.
Студенттің жеке жұмыс жоспары еркін түрде құрылады. Ол негізінен зерттеу тақырыбы бойынша құрылған жоспар рубрикатор сипатты болуы мүмкін. Ол зерттелуші мәселені әр жағынан қарастыра білуге көмектеседі де дұрыс шешімін табуға жөн сілтейді.
Барлық қажетті нақты материал жинақталып болған соң, логикалық ретпен орналасқан сұрақтар жүйеленіп, ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарын анықтауға мүмкіндік береді.
Логикалық жүйелілік алдыға қойған міндеттің мәнін ашуға көмектеседі. Бірінші тарау толық қарастырылмай жатып басқасына көшу мүмкін емес екендігін көрсетеді. Кез келген жұмыста ең басты мәселені анықтап, оған көңіл бөлу, жоспарланған жұмыстың нақты шешімін табуға жол сілтейді.
Шығармашылықпен зерттеу жұмысын жүргізуде жоспар әрдайым динамикалық, қозағалмалы сипатта болып, ойдың нәтижелі, зерттеушінің жұмысының ғылыми бағыты нақты болуын қамтамасыз етеді.
Шығармашылық процестің ерекшелігіне орай жоспар көп нәрсені алдын ала болжауға, қойылған міндеттерді дұрыс жүзеге асырып, ғылыми ойдың нәтижелі болуына мүмкіндік береді. Әрине ғылымда кездейсоқ ашулар болуы мүмкін, бірақ барлық жаңалықтарды тек кездейсоқтыққа бағдарлап, құруға болмайды.
Берік білім мен күрделі ғылыми міндетті шешуде тиянақты, жан-жақты есеп жүргізу ғылыми болжамның шындыққа айналуына әкелері сөзсіз. Кез келген зерттеу жұмысы жоспарсыз жүргізілмейді. Тек жоспарлы жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысы ғана бізді қоршаған нақты объективті болмыс пен заңдылықтардың біртіндеп танылатынына сендіреді
2.Теориялық бөлімді даярлау. (әдебиеттерге шолу дайындау). Дәйектендіру ережелері.
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттермен танысу алдымен жоспарланған ойды жүзеге асыру барысында белгіліенген жоспарда белгіленеді. Ол осы салада бұрын зерттеу жұмысы қаншалықты деңгейде жүргізілгенін анықтаудан басталады.
Осыдан кейін әдебиеттер бойынша картотека құрылады. Картотекада әдебиеттің аты, автордың аты жөні, баспа туралы мәлімет, жарық көрген уақыты, томы (журнал нөмірі, беті), бет саны, тиражы көрсетіледі. Қысқаша мазмұнын келтіруге болады.
Жүргізілген талдауды дәптерге немесе карточка түрінде көркемдеп жазған дұрыс.
Ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша әдеби шолу толық жүргізілгені дұрыс. Оған жататындар әр түрлі басылымдарда жарық көрген материалдар, мақалалар, монографиялар. Басылымдар реферативті журналдар, реферативті жинақтар, экспресс ақпараттар, шолушы басылымдар, бюллетеньдер түрінде белгілі. Таңдалып алынған тақырып бойынша әдеби шолу алдымен негізгі сұрақтар туралы мәлімет беретін жалпы жұмыстардан басталады содан кейін ғана жаңа материалдар іздестіріледі. Ғылыми әдебиетке шолу жүргізу өте жауапты - жұмыс. Мақала немесе
кітапты оқығанда қысқаша жазбалар жүргізу үшін қолға қалам мен қағаз алу керек. Егер жеке меншік журнал немесе кітап болса оны жазуды соның бетіне қарындашпен жүргізуге болады. Ол жұмысты біршама жеңілдетіп, қажетті материал іздеуді оңайлатады.
Ғылыми ақпаратпен танысу бірнеше кезеңнен тұрады:
- алдымен әдебиетпен оның мазмұны арқылы жалпы танысу;
- мазмұнын қысқаша шолып шығу;
- материалды орналасу реті бойынша оқу;
- жұмыстың белгілі бір бөлігін таңдап оқу;
- қызығушылық туғызған материалды қысқаша жазып алу;
- жазғанды сын тұрғысынан қарап, түзету, болашақ ғылыми-зерттеу жұмысына енетін жерін өңдеп жазу.
Немесе әдебиетке шолу жасауды келесідей жолмен жүргізуге болады. Дәптердің бетін тік сызықпен екіге бөліп сол жағына оқығанды қысқаша жазып, оң бөлігіне ескертулер мен аса маңызды деген жерлерін белгілеуге болады.
Әдебиетпен танысқанда тек көшіріп қойған жеткіліксіз, міндетті түрде алынған ақпаратты ой елегінен өткізу керек. Алынған ақпарат ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда ешқашанда толық қолданылмайды, тек тақырыпқа қатысты бөлігі ғана қолданылады.
Әдеби шолу жүргізгенде алынған материалдарды тиянақты, рет-ретімен, кейін қолдануға жеңіл болатындай етіп орналастырған дұрыс. Жеке сұрақты қарастыра отырып оны басты мәселемен байланыстыра, ал басты материалды жеке сұрақтарға бөле білу керек.
Әдебиет көздерімен жұмыс істегенде кез келген фактіні емес тек «ғылыми фактілерді» жинақтаған дұрыс. «Ғылыми факті» түсінігі мағанасы өте кең, ол туралы сөз болғанда ғылыми білім негізін қалаушы заттар мен құбылыстардың нақты қасиеттерін сипаттаушы элемент ретінде қарастыруымыз керек.
Ғылыми фактілерге тән қасиеттер: жаңашылдығы, нақтылығы, дәлдігі мен шынайылылығы. Фактілерді жинақтағанда ғылыми жағынан объективті болу керек. Түсіндіруі қиын немесе практикалық қолданбалылығын анықтау күрделі деп фактіні алып тастамау қажет. Көпшілік ғылыми фактілер мәні дұрыс ашылмағандықтан ұзақ уақыт бойы іс жүзінде қолданылмауы мүмкін. Ғылыми фактілердің шынайылылығы оның нақты өмір сүретіндігін, және ұқсас жағдаяттарды құруда дәлелденуін көрсетеді. Ғылыми фактілердің шынайылылығы қолданылған әдебиеттерге де тәуелді болады. Мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен кәсіпорындарда басылым көрген материалдар күмән туғызбайды.
Монографиялар белгілі бір тақырыпты немесе мәселені жан-жақты, толық қарастырады. Ал ғылыми конференциялар материалдарының жинағы негізініен белгілі бір тақырыптарға арналған зерттеу жұмыстарынан құралады. Бұлардың барлығы шынайылылығы жоғары материалдар қатарына енеді. Ғылыми мақалалар қандай ғылым саласына кіретініне орай шынайылылық деңгейі әр түрлі болады. Техникалық және нақты ғылымдар саласына енетін теориялық мақалалар эксперимент мәліметтеріне сүйенетіндіктен әрдайым шынайылылық деңгейі жоғары болады. Есептеу нәтижелері, олардың бағалау мәндері, есептер шығару әдістемесі міне осылардың барлығы шынайы сипатта болады.
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы теориялық мақалалар ғылыми- техникалық саладағы мақалаларға қарағанда тұжырымдау, салыстыру, сөз жүзіндегі дәлелдеулерге толы болады. Олардың шынайылығы бастапқы қолданған материалдарға тәуелді болады. Дегенмен бұл жерде объективті тұжырымдармен қоса нақтылығы төмен мәліметтердің болуына қарамастан автордың ұстаған позициясы, көзқарасы, ой қорытуы үлкен рөл атқарады.
Техника, математика және жаратылыстану саласында жүргізіліген зерттеу мәліметтері берілген мақалалармен істес боламыз. Мұндай мақалаларда зерттеу мәліметтерімен қоса оның апробациясы жайлы да айтылады. Осындай мәліметтер мақаланың теориялық және практикалық мәні жоғары екенін көрсетеді.
Кейде ғылыми-техникалық мақалалардың ішінде әлі аяқталмаған зерттеу мәліметтері берілуі мүмкін. Мұндай нәтижелер алдан ала алынған нәтиже болып есептелетіндіктен, оларды мұқият талдау керек болады.
Ақпараттық мақалалар өз алдына дербес мәнді болып келеді. Мұндай мақалалармен кез келген зерттеу аймағында кездесуге болады. Ақпараттық мақалаларда материал немесе қандай бір факт қысқаша әрі нақты берілгендіктен олар өзекті әрі шұғыл болып есептеледі. Мақалалар тәрізді ғылыми конференцияларда оқылған баяндамалар да әр түрлі шынайылық деңгейде болады.
Беделі жоғары әдебиет көздерінен тек соңғы мәліметтерді қайдан алынғанын көрсете отырып берген дұрыс. Яғни әдебиеттерден ғылыми фактілерді сын тұрғысынан іріктеп алу керек. Өмір үнемі қозғалыста болғандықтан, ғылым да үнемі даму үстінде сондықтан кешегі нақты деген факті бүгінгі күні шынайы болмауы мүмкін.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда қолданылатын тағы да бір материал түріне дәйексөз (цитата) енеді. Олар талданып отырған материалдың белгілі бір бөлігін құрап, сол күйінде жұмысқа кірістіріледі. Дәйексөз мазмұнына сүйене отырып талқыланып отырған құбылысты түсіндіретін бұлтартпайтын дәлелдер жүйесін құруға болады.
Ғылыми-зерттеу жұмысына дәйексөзді енгізгенде түпдеректен мағанасы ауытқымауына көп мән беру керек. Дәйексөзбен қатар түпдеректің мәтінін екінші рет баяндауға болады.
Мұндай жағдайда да түпдеректің мағанасы бұрмаланбай жетуі үшін мәтінді түпнұсқамен мұқият салыстырған жөн.
Жинақталған материал осыдан кейін тіркеледі. Оны тіркеу формалары әр түрлі болуы мүмкін. Соның ішінде тек жиі таралғандарын көрсетейік:
1) эксприменттік зерттеулер нәтижесін, әр түрлі өлшеу жұмыстары мен бақылаулар нәтижесін тіркеу, далалық күнделіктер мен қойын дәптерлердегі, науқас тарихындағы жазулар;
2) талданған құжаттардан (мақала, кітаптар, монографиялар мен баяндамалар және т.б.) көшірме.
Осындай жазуларда міндетті түрде түпдерек туралы мәлімет көрсетілуі тиіс. Жинақталған мәліметтер топталып, салыстырылып, реттелуі қажет. Мұнда классификация немесе жіктеу маңызды рөл атқарады, оның көмегімен ғылыми құрылым немесе тұжырым жасалады. Материалды жіктеу онымен бүкіл жұмыс барысында жүзеге асырылады. Ол кез келген ғылыми зерттеу жұмысының алтын діңгегі болып есептеледі.
3. Ақпараттық іздеу: түрлері ж/е жүргізу әдістемесі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттермен танысу алдымен жоспарланған ойды жүзеге асыру барысында белгіліенген жоспарда белгіленеді. Ол осы салада бұрын зерттеу жұмысы қаншалықты деңгейде жүргізілгенін анықтаудан басталады.
Осыдан кейін әдебиеттер бойынша картотека құрылады. Картотекада әдебиеттің аты, автордың аты жөні, баспа туралы мәлімет, жарық көрген уақыты, томы (журнал нөмірі, беті), бет саны, тиражы көрсетіледі. Қысқаша мазмұнын келтіруге болады.
Жүргізілген талдауды дәптерге немесе карточка түрінде көркемдеп жазған дұрыс.
Ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша әдеби шолу толық жүргізілгені дұрыс. Оған жататындар әр түрлі басылымдарда жарық көрген материалдар, мақалалар, монографиялар. Басылымдар реферативті журналдар, реферативті жинақтар, экспресс ақпараттар, шолушы басылымдар, бюллетеньдер түрінде белгілі. Таңдалып алынған тақырып бойынша әдеби шолу алдымен негізгі сұрақтар туралы мәлімет беретін жалпы жұмыстардан басталады содан кейін ғана жаңа материалдар іздестіріледі. Ғылыми әдебиетке шолу жүргізу өте жауапты - жұмыс. Мақала немесе кітапты оқығанда қысқаша жазбалар жүргізу үшін қолға қалам мен қағаз алу керек. Егер жеке меншік журнал немесе кітап болса оны жазуды соның бетіне қарындашпен жүргізуге болады. Ол жұмысты біршама жеңілдетіп, қажетті материал іздеуді оңайлатады.
Ғылыми ақпаратпен танысу бірнеше кезеңнен тұрады:
- алдымен әдебиетпен оның мазмұны арқылы жалпы танысу;
- мазмұнын қысқаша шолып шығу;
- материалды орналасу реті бойынша оқу;
- жұмыстың белгілі бір бөлігін таңдап оқу;
- қызығушылық туғызған материалды қысқаша жазып алу;
- жазғанды сын тұрғысынан қарап, түзету, болашақ ғылыми-зерттеу жұмысына енетін жерін өңдеп жазу.
Немесе әдебиетке шолу жасауды келесідей жолмен жүргізуге болады. Дәптердің бетін тік сызықпен екіге бөліп сол жағына оқығанды қысқаша жазып, оң бөлігіне ескертулер мен аса маңызды деген жерлерін белгілеуге болады.
Әдебиетпен танысқанда тек көшіріп қойған жеткіліксіз, міндетті түрде алынған ақпаратты ой елегінен өткізу керек. Алынған ақпарат ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда ешқашанда толық қолданылмайды, тек тақырыпқа қатысты бөлігі ғана қолданылады.
Әдеби шолу жүргізгенде алынған материалдарды тиянақты, рет-ретімен, кейін қолдануға жеңіл болатындай етіп орналастырған дұрыс. Жеке сұрақты қарастыра отырып оны басты мәселемен байланыстыра, ал басты материалды жеке сұрақтарға бөле білу керек.
Әдебиет көздерімен жұмыс істегенде кез келген фактіні емес тек «ғылыми фактілерді» жинақтаған дұрыс. «Ғылыми факті» түсінігі мағанасы өте кең, ол туралы сөз болғанда ғылыми білім негізін қалаушы заттар мен құбылыстардың нақты қасиеттерін сипаттаушы элемент ретінде қарастыруымыз керек.
Ғылыми фактілерге тән қасиеттер: жаңашылдығы, нақтылығы, дәлдігі мен шынайылылығы. Фактілерді жинақтағанда ғылыми жағынан объективті болу керек. Түсіндіруі қиын немесе практикалық қолданбалылығын анықтау күрделі деп фактіні алып тастамау қажет. Көпшілік ғылыми фактілер мәні дұрыс ашылмағандықтан ұзақ уақыт бойы іс жүзінде қолданылмауы мүмкін. Ғылыми фактілердің шынайылылығы оның нақты өмір сүретіндігін, және ұқсас жағдаяттарды құруда дәлелденуін көрсетеді. Ғылыми фактілердің шынайылылығы қолданылған әдебиеттерге де тәуелді болады. Мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен кәсіпорындарда басылым көрген материалдар күмән туғызбайды.
Монографиялар белгілі бір тақырыпты немесе мәселені жан-жақты, толық қарастырады. Ал ғылыми конференциялар материалдарының жинағы негізініен белгілі бір тақырыптарға арналған зерттеу жұмыстарынан құралады. Бұлардың барлығы шынайылылығы жоғары материалдар қатарына енеді. Ғылыми мақалалар қандай ғылым саласына кіретініне орай шынайылылық деңгейі әр түрлі болады. Техникалық және нақты ғылымдар саласына енетін теориялық мақалалар эксперимент мәліметтеріне сүйенетіндіктен әрдайым шынайылылық деңгейі жоғары болады. Есептеу нәтижелері, олардың бағалау мәндері, есептер шығару әдістемесі міне осылардың барлығы шынайы сипатта болады.
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы теориялық мақалалар ғылыми- техникалық саладағы мақалаларға қарағанда тұжырымдау, салыстыру, сөз жүзіндегі дәлелдеулерге толы болады. Олардың шынайылығы бастапқы қолданған материалдарға тәуелді болады. Дегенмен бұл жерде объективті тұжырымдармен қоса нақтылығы төмен мәліметтердің болуына қарамастан автордың ұстаған позициясы, көзқарасы, ой қорытуы үлкен рөл атқарады.
Техника, математика және жаратылыстану саласында жүргізіліген зерттеу мәліметтері берілген мақалалармен істес боламыз. Мұндай мақалаларда зерттеу мәліметтерімен қоса оның апробациясы жайлы да айтылады. Осындай мәліметтер мақаланың теориялық және практикалық мәні жоғары екенін көрсетеді.
Кейде ғылыми-техникалық мақалалардың ішінде әлі аяқталмаған зерттеу мәліметтері берілуі мүмкін. Мұндай нәтижелер алдан ала алынған нәтиже болып есептелетіндіктен, оларды мұқият талдау керек болады.
Ақпараттық мақалалар өз алдына дербес мәнді болып келеді. Мұндай мақалалармен кез келген зерттеу аймағында кездесуге болады. Ақпараттық мақалаларда материал немесе қандай бір факт қысқаша әрі нақты берілгендіктен олар өзекті әрі шұғыл болып есептеледі. Мақалалар тәрізді ғылыми конференцияларда оқылған баяндамалар да әр түрлі шынайылық деңгейде болады.
Беделі жоғары әдебиет көздерінен тек соңғы мәліметтерді қайдан алынғанын көрсете отырып берген дұрыс. Яғни әдебиеттерден ғылыми фактілерді сын тұрғысынан іріктеп алу керек. Өмір үнемі қозғалыста болғандықтан, ғылым да үнемі даму үстінде сондықтан кешегі нақты деген факті бүгінгі күні шынайы болмауы мүмкін.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда қолданылатын тағы да бір материал түріне дәйексөз (цитата) енеді. Олар талданып отырған материалдың белгілі бір бөлігін құрап, сол күйінде жұмысқа кірістіріледі. Дәйексөз мазмұнына сүйене отырып талқыланып отырған құбылысты түсіндіретін бұлтартпайтын дәлелдер жүйесін құруға болады.
Ғылыми-зерттеу жұмысына дәйексөзді енгізгенде түпдеректен мағанасы ауытқымауына көп мән беру керек. Дәйексөзбен қатар түпдеректің мәтінін екінші рет баяндауға болады.
Мұндай жағдайда да түпдеректің мағанасы бұрмаланбай жетуі үшін мәтінді түпнұсқамен мұқият салыстырған жөн.
Жинақталған материал осыдан кейін тіркеледі. Оны тіркеу формалары әр түрлі болуы мүмкін. Соның ішінде тек жиі таралғандарын көрсетейік:
1) эксприменттік зерттеулер нәтижесін, әр түрлі өлшеу жұмыстары мен бақылаулар нәтижесін тіркеу, далалық күнделіктер мен қойын дәптерлердегі, науқас тарихындағы жазулар;
2) талданған құжаттардан (мақала, кітаптар, монографиялар мен баяндамалар және т.б.) көшірме.
Осындай жазуларда міндетті түрде түпдерек туралы мәлімет көрсетілуі тиіс. Жинақталған мәліметтер топталып, салыстырылып, реттелуі қажет. Мұнда классификация немесе жіктеу маңызды рөл атқарады, оның көмегімен ғылыми құрылым немесе тұжырым жасалады. Материалды жіктеу онымен бүкіл жұмыс барысында жүзеге асырылады. Ол кез келген ғылыми зерттеу жұмысының алтын діңгегі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |