4.Мазмұндама туралы
Оқушылардың тілін дамытуға, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі тартымды баяндай білуге үйрететін шығармашылық жазба жұмыстың бірі – мазмұндама. Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес мазмұндама түрлері оларды қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылады. Мұндай тапсырмалар кейбір мәтіндерге үлгі ретінде ғана беріледі. Өйткені тіл дамыту жұмысы тіл сабақтарының тақырыптарымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек. Сондықтан да мұғалімдер мазмұндама жинағымен жұмыс істегенде тіл тапсырмаларының қалай берілгендігі туралы үлгіні басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн
5.Эссе жазу үлгісі
Бүгінде ЖОО-да берілген біліміді бағалау үшін ЭССЕ көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да ЭССЕге бөлінеді.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Юмор, сарказм;
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.
Бағалау талаптары. Бірінші әдіс:
1. Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс табуы. 2-1-0.5-0
2. Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы. 1-1-0.5-0
3. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. 1-1-0-0
Екінші әдіс:
Жалпы білімі-knowledgeable max 30
Сөздік қор-Vocabulary max 20
Тілді қолдану деңгейі (сан есім, сын есім, етістіктер, т.б.) max 25
Сауаттылық-Mechanics max 5
6.Курстық жұмыс жазу нұсқаулығы
Курстық жұмыс оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Ең алдымен курстық жұмыс тақырыбының мағынасын тереңірек, ұқыпты түсініп алыңыз. Сіздің тақырыбыңыз дәл болуы керек. Себебі егер тақырыпты дұрыс түсінбесеңіз сіздің курстық жұмысыңыз нақты шықпайды. Курстық жұмысты жазуда сізге кеңестерін айтатын жетекшіңізбен арнайы бір күнді белгілеп кездесіп тақырыпқа қатысты сұрақтарыңызды қойып алыңыз. Жетекшіңізге қоятын сұрақтарыңызды алдымен дәптерге жазып дайындап алыңыз. Курстық жұмысты безендіруге көп көңіл бөліңіз. Курстық жұмыстың жоспарын жазуда арнайы бір реттілікті сақтаңыз. Алдымен жобамен курстық жұмыс жоспарын жазып алыңыз. Артынан өз қажетіңізге қарай өзгертуіңізге болады.
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс қандай да бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрдегі студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Шығармашылық өрісін және тәжірибелік қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бойынша студент курстық жұмысты орындайды.
Курстық жұмыстың жазылуының негізгі мақсаты таңдалған тақырыпты зерттеудегі мақсаттылығы мен тереңділігі болып табылады. Курстық жұмыстың орындауының міндеттері келесідей:
Мамандық бойынша теориялық білімнің ауқымдылылығы, қорытындылылығы және жүйелілігі;
Әдеби көздер мен методикалық, инструктивтік, анықтама – нормативтік және басқа материалдармен жұмыс жасауын терең игеру;
Жалпы материалды дұрыс жүйеленген ғылыми негізгі нәтижелер және нақты экономикалық көрсеткіштердің ұсынысы бойынша іс-әрекеттерін байланыстыра білу;
Студенттің курстық жұмыспен шұғылдануы жеке этаптардан тұрады олардың маңыздылығы мыналар:
Тақырып таңдау;
Қажетті әдебиетті таңдап оқу;
Жұмыстың жоспарын жасау;
Жұмыстың қағаз түрінде дайындалуы;
Студент курстық жұмыстың тақырыбын оқытушы ұсынған тақырыптар ішінен таңдайды.
Сонымен қатар келесі факторлар ескерілуі қажет:
Курстық жұмыс тақырыбына сай әдебиет оқытушылардың, кітапхананың көмегімен алынады.
Студенттердің өзі курстық жұмыстың жоспарын жасап безендіреді. Дұрыс құрастырылған жұмыстың жоспары бланкілі деңгейде студенттерге түсінік тақырыптарға жалпы алғанда және ішкі қарым – қатынасты байланыстыра білу. Оқытушыдан кеңес алуға мүмкіндік береді. Курстық жұмысты дайындаған кезде және жазған кезде студенттер арнайы және периодтық деректерді терең зерттейді, статистикалық ақпараттарды теоретикалық ақпараттарды шығармашылық жағынан қабылдауды үйренеді және оның негізінде ғылыми негізделген қорытынды жасауды үйренеді. Бұның барлығы студенттерге ғылыми зерттеу және практикалық негіздерді алуға мүмкіндік береді және мазмұнын белгілі тақырыпқа жазуды үйренеді.
Жоспарға сәйкес тақырыптың мазмұнын міндетті түрде логикалық ашу керек. Бұл жағдайда ақпаратты үстіртін құрастырудан аулақ болу керек, яғни кітап сөзімен, Пайдаланылған деректерді дәл көшірмеу керек. Өйткені курстық жұмысты орындау кезіндегі шығармашылық қасиеті жоғалады. Мәтіннің жұмысын құрастыра отырып, бөлек қаулыларды декларациялаумен шектелуге болмайлы, олардың әрқайсысын дәлелдеу және нақты фактылық ақпаратпен бекіту.
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың көлемі 20 – 25 беттен компьютерлік текстен аспау керек.
Курстық жұмыстың элементтерінің құрылымы мыналар болады:
Бастапқы бет (титулды парақ)
Курстық жұмыстың жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдалынылган деректердің тізімі
Курстық жұмыстың, элементтердің құрылымына талаптар:
Титулды бет
Титулды бет курстық жұмыстың бірінші парағы болып табылады және ақпарат жүйесіне қызмет етеді, қайта қарау және ізденіс құжаттарымен қамтамасыз етеді және А қосымшамен сәйкесінше безендіреді.
Титулды бет курстық жұмыстың жалпы беттерінің нөмірлерін көрсетеді. Беттің нөмірі титулды параққа қойылмайды. [ А қосымша «Титулдық парақ »]
Курстық жұмыстың мазмұны.
Курстық жұмыстың жоспарын кіріспе, нөмірлердің тәртібі және барлық бөлімдердің және параграфтардың аты, қорытынды, Пайдаланылған деректердің тізімі, беттердің нөмірлері мен көрсету және бұдан жұмыстық элементтердің құрылымы басталады. [Ә қосымша «Кестедегі мазмұны »], [В қосымша «Мазмұны »]
Кіріспе (1-2 бет)
Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу есебі, зерттеудің пәні және объектісі, курстық жұмыстың құрылымы көрсетіледі. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрайды.
Негізгі бөлім (17-20 бет)
Негізгі бөлім мәселенің мазмұнын, орындалған жұмыстың қорытындысын және әдістерін көрсету қажет. Әрбір параграфта ақпараттың қорытындысы болуы тиіс.
Қорытынды (2-3 бет)
Қорытынды зерттеген мәселені жалпы сұраған және мәселесін қорытындылау тиіс.
Пайдаланылған деректер тізімі. Тізім курстық жұмысты жазу барысында алынған ақпараттардың тізімін қамту керек.
Деректер тізімі алфавит бойынша, фамилиясы, автордың аты-жөні, шығарылған жылы, орны көрсетіледі.
2.Курстық жұмысты безендіру ережесі
Курстық жұмыстың беті, тексті, кестесі, иллюстрациясы А4 форматына сәйкес келуі керек. Терілген мәліметтер ЭВМ-нің (Microsoft Word редакторы, шрифті «Times New Roman» , кегль №14) бірлік интревалда болуы керек.
Курстық жұмысты шығарғанда келесі размерге сүйену керек: сол жақ – 30мм. кем емес, оң жақ – 15 мм. кем емес, төменгі жақ – 20 мм. кем емес, жоғарғы жақ – 20 мм. кем емес. [Б қосымша «Құжат кодының шифрін ашу»]
Курстық жұмыс жазғанда нақтылық, біркелкілік болуы керек.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің аттары: “Мазмұны”, “Кіріспе”,”Қорытынды”,”Пайдаланылған деректер тізімі” жұмыстың құрылымдық элементтері.
Курстық жұмыста негізгі бөлімге және параграфқа бөлу керек. Осы бөлімдердің аттары нақты және қысқа мазмұнын қамту керек.
Негізгі бөлімді және параграфты жаңа жолдан бас әріппен, асты сызылмай жазылуы тиіс.
Егер бөлімдердің атаулары бірнеше сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы жазылады. Әрбір бөлім жаңа беттен бастауы керек.
Курстық жұмыстың беттері араб цифрларымен нөмірленеді, оны барлық бетке бірдей қолдануы керек. Беттің нөмірі төменгі оң жақ бөлімді нүктесіз жазылуы керек. Кіріспе және қорытынды нөмірленбейді.
Иллюстрацияларды ( сызбалар, графиктер, схемалар, диаграммалар) жазылған мәтіннің соңына түсіруі керек.
Иллюстрациялар әртүрлі түсте, компьютердің болуы мүмкін. Әрбір иллюстрациялар жұмыста ссылка берілуі тиіс. Қажетті болған жағдайда иллюстрацияларға арнайы атаулар берілуі мүмкін.
Иллюстрациялар араб цифрымен нөмірленеді және барлық жұмысқа бірдей қолданылады.
Кесте. Цифрлы ақпарат кесте түрінде көркемделеді. Кесте міндетті түрде айтылған мәтіннің соңына немесе келесі бетке түсіріледі. Кестелерді араб цифрларымен нөмірлеп, бүкіл жұмысқа қолдану керек. Кесте атауын жоғары сол жаққа, абзацзыз сызықша арқылы жазу керек. Кесте атауы оның мазмұнын нақты, дәл көрсету керек. Жұмыстың барлық кестесіне ссылка берілуі керек. Ссылкада оның нөмірі және Кесте деген жазу көрсетілуі керек.
Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптары бірінші жақта жазылуы керек, ал тақырыпшалары кіші әріппен жазылуы керек, егер олар бір сөйлемнен тұрса немесе бас әріппен егер ол өз мағынасына ие болса. Тақырып және тақырыпшалар соңында нүкте қойылмайды.
Формула. Мәтіннің формулаларын жаңа жолға жазуы керек. Формуланың жоғары және төменгі бөлігінде бір жол қалдыруы керек. Мәтіннің формуласын нөмірлеген уақытты, араб цифрымен нөмірлеп, дөңгелек жақшаға ала отырып, шеткі оң жаққа орналастыру керек.
Ссылка. Ссылканы реттілік нөмірмен, екі тырнақшаға ала отырып жазу керек.
Курстық жұмыстың ең соңғы бетінде студенттік қол және жұмыстың орындалған уақыты жазылуы керек.
3. Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмыс мұғалімге арнайы журналға тіркелу үшін және мұғаліммен рецензиялану (сын пікір жазу) үшін тапсырылады. [Д қосымша «Курстық жұмысты орындалғаны бойынша сын пікір»]
Рецензия кезінде болжамды баға студентке курстық жұмысты қорғауға рұқсат беріледі. Егер курстық жұмыста ескертпелер берілсе, студент оған түзетулер енгізеді.
Қорғауға жіберілмеген жұмыс қайта қаралып, талқыланады. Қорытынды баға ауызша қорғаудан кейін қойылады.
Курстық жұмысты қорғау күні және уақыты емтихандық сессияның уақытымен бекітіледі. Студент курстық жұмысты сессияның уақытымен бекітіледі. Студент курстық жұмысты қорғағаннан соң, қорытынды емтиханға жіберіледі. Курстық жұмысты орындау барысында және ескертпелер алған жағдайда да студент консультация алуға құқылы.
Дипломдық жұмыс жазу нұсқаулығы
Диплом жұмысы – жоғарғы оқу орнындағы соңғы әрі қорытынды жұмысыңыз, сіздің жылдар бойында алған біліміңіздің нәтижесі. Сол себептен де, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ал біз өз тарапымыздан диплом жұмысының жазылу ережесін шама-шарқымызша түсіндіріп өтпекшіміз. Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін (4 курс басында) 1-2 айдың ішінде жетекшіңіз бен диплом тақырыбыңызды таңдап, жетекшіңіздің кафедрасына өтініш беруіңіз керек. Диплом тақырыбы үш тілде бекітіледі. Соңғы айда үлгермей қалып, көрінген жерден ақпарат көшірмес үшін, осы сәттен бастап жұмысты бастай беріңіз. Сіздің басты көмекшіңіз – жетекші мен кітапхана. Тақырыбыңызға қатысты мәліметтерді қарастырып болғаннан кейін жетекшіңізге барыңыз. Бірге отырып жоспар құрасыздар. Немесе жетекші жоспар құруды өзіңізге тапсырып, соңында бекітетін болады.
Жоспардың тәртібі мынадай болмақ:
І. Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі (2-3 абзац).
Жұмыстың мақсат-міндеттері (3-4 сөйлем).
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері (1-2 сөйлем). Мұнда қандай еңбектерді бастамаға алғаныңызды жазасыз.
Зерттеудің әдістері (жүйелеу, баяндау, салыстыру т.б.)
Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. (Яғни, нәтижелерді, жаңалықтарды қай жерде пайдалануға болатындығы жазылады).
Кіріспенің жалпы көлемі 3 беттей болуы керек.
ІІ. Негізгі бөлім
Тақырыбыңызды бір жүйеге келтіріңіз. Мәселен, тақырып – "Алма Қыраубаева – әдебиет тарихын зерттеуші" болсын делік. Жұмысты мынадай тарауларға бөлесіз:
1-тарау: Ежелгі дәуір әдеби мұраларын зерттеуші.
2-тарау: Орта ғасыр әдебиетін және шығыстық қисса-дастандарды зерттеуші.
3-тарау. Қазақ әдебиетін зерттеуші.
Төрт тараудан асырмағаныңыз дұрыс. Бұл әрине, гуманитарлық мамандықтардың жазу үлгісі. Дипломдық жұмыстардың үлгілері әртүрлі болады. Мысалы, сәулетшілер сызбалар мен кестелер пайдаланады, педагогтар презентация көрсетеді.
ІІІ. Қорытынды
Қорытындыға аты айтып тұрғандай диплом жұмысының тобықтай түйінін жазасыз. Ашқан жаңалығыңызды, нәтижелерді барынша қысқа әрі түсінікті етіп жазып шығу қажет. Жұмыстың жалпы көлемін кафедра бекітеді. Соңында жазған жұмысыңыз белгіленген межеге жетпей қалмас үшін, жазу ретін жақсылап сұрап біліңіз. Диплом жұмысы тәмәмдалғанда жетекшіңізге көрсетесіз. Ол сізге артық тұстарын қысқартып, толықтыру керек мәселелерді көрсетіп береді. Сондықтан, жұмысты барынша ерте көрсетуге тырысыңыз. Соңында жетекші толықтай бекітісімен, диплом қорғау жиынына арналған сөзіңізді дайындайсыз. Және жетекшіңіз ұсынған маманнан жұмыс туралы пікір аласыз.
Практикалық сабақ №2. Әдебиеттің библиографиялық тізімін зерттеу тақырыбы бойынша әзірлеу. Кітапханалық және ғаламторлық іздеу
Практикалық сабақ №3. Негізгі бетті(титульный лист) дайындау және оның мазмұны
Практикалық сабақ №4. Теориялық бөлімді даярлау. (әдебиеттерге шолу дайындау). Дәйектендіру ережелері.
Практикалық сабақ №5. Негізгі бөлім, қорытындыны дайындау мен рәсімдеу
Практикалық сабақ №6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін даярлау мен рәсімдеу.
Практикалық сабақ №7. 1 Аралық бақылау
Студенттердің білімін тексеруге арналған №1 межелік бақылау сұрақтары
Ғылым және ғылыми зерттеулер туралы түсінік. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері (ҒЗЖ).
Тақырыпты ақпараттық анықтау.Ақпараттың негізгі көздері.
Ақпараттық іздеу: түрлері ж/е жүргізу әдістемесі.
Білім алушылардың ғылыми жұмыстарының негізгі түрлері (реферат, конспект, эссе,мақала, баяндама, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс) және оларды дайындаудағы негізгі ережелер.
Әдебиеттің библиографиялық тізімін зерттеу тақырыбы бойынша әзірлеу. Кітапханалық және ғаламторлық іздеу.
Негізгі бетті(титульный лист) дайындау және оның мазмұны.
Теориялық бөлімді даярлау. (әдебиеттерге шолу дайындау). Дәйектендіру ережелері
Практикалық сабақ №8. Ғылыми материалды кесте түрінде әзірлеу. Формулаларды қолдану.
Практикалық сабақ №9. Көрнекі материалдарды даярлау.(диаграмма,графиктер)
Практикалық сабақ №10-11. Ғылыми нәтижелерді статистикалық реттеу.
Практикалық сабақ №12-13-14. Практикалық дағдыларды жетілдіру.(баяндама, мақала, презентация)
Практикалық сабақ №15.2 Аралық бақылау
Студенттердің білімін тексеруге арналған №2 межелік бақылау сұрақтары
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.
Ғылыми мәтіндерді рәсімдеуге қойылатын талаптар.
Биометрия негіздері
Негізгі бөлім, қорытындыны дайындау мен рәсімдеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін даярлау мен рәсімдеу.
Ғылыми материалды кесте түрінде әзірлеу. Формулаларды қолдану.
Көрнекі материалдарды даярлау.(диаграмма,графиктер)
Ғылыми нәтижелерді статистикалық реттеу.
Практикалық дағдыларды жетілдіру.(баяндама, мақала, презентация)
Достарыңызбен бөлісу: |