1. Конфликтінің кеңістік-уақыттық шекаралары



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі76,4 Kb.
#96517
1   2   3   4   5
Байланысты:
задание 2

Келіссөздер. Конфликті аяқтау сатысының қорытындылаушы кезеңі келіссөздер жүргізу мен қол жеткен уағдаластықты заңды түрде рәсімдеуді ұсынады. Тұлғааралық және топаралық конфликтерде келіссөздер нәтижелері ауызша уағдаластық және тараптардың өзара міндеттемелеріне ие болады. Әдетте, келіссөздер үдерісін бастаудың бір шарты уақытша бітімге келу болып табылады. Алайда алдын ала уағдаласу кезеңінде тараптар әскери әрекеттерін тоқтатып қана қоймайды, сондай-ақ келіссөз кезінде өз ұстанымын нығайту үшін конфликтің ушығуына да алып келетін нұсқалар болуы мүмкін.
Келіссөздер конфликтіге түскен тараптардың өзара ымыраны іздеуін ұсынады және мүмкін болған рәсімдерді ұсынады.
Конфликтің бар екендігін мойындау.
1. Тәртіп ережелері мен нормаларын бекіту.
2. Негізгі даулы мәселелерді анықтау («Келіспеушілік хаттамасын» рәсімдеу).
3. Мәселе шешімінің мүмкін болған нұсқаларын зерттеу.
4. Әрбір даулы мәселе бойынша келісім іздеу және конфликті толығымен реттеу.
5. Барлық қол жеткен келісімдерді құжатпен рәсімдеу.
6. Барлық қабылданған өзара міндеттерді атқару.
Туындаған келіспеушілік пен келісім жүргізетін тараптардың деңгейі бойынша да келіссөздер ерекшеленуі мүмкін. Алайда келіссөздің негізгі рәсімдері (элементтері) өзгеріссіз қала береді.
Гарвард жобасы аясында жасалған, Роджер Фишер және Уильям Юри тарапынан жазылған «Путь к согласию, или переговоры без поражения»/«Келісімге келу немесе залалсыз келіссөздер» атты кітапта баяндалған «принципті келіссөздер» тәсілі төрт пункке бөлінген.
1. Адамдар. Келіссөз қатысушылары мен келіссөз пәні арасына шектеу қойыңыз.
2. Мүдделер. Ұстанымдарға емес мүдделерге назар аударыңыз.
3. Нұсқалар. Шешім қабылдар алдында мүмкіндіктер тобын ерекшелеңіз.
4. Критерийлер. Нәтиже қандай да бір объективті ережеге негізделуін талап етіңіз.
Келіссөз үдерісі негізіне тараптардың өзара ымыралық шешіміне негізделген компромис (мәміле, ымыра) әдісі немесе туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған консенсус әдісі алынуы мүмкін.
Келіссөз жүргізу тәсілі және оның нәтижелері қарсылас тараптардың арасындағы тек қарым-қатынасқа ғана емес, ол сондай-ақ әрбір тараптың ішкі жағдайына, басқа да шиеленістен тыс факторлар мен жақтастарының қарым-қатынасына да байланысты болып келеді.
Конфликтен кейінгі саты. Тараптардың тікелей қарсыласуының аяқталуы әрдайым конфликтің толығымен шешілгендігін білдірмейді. Бейбітшілік келісімін түзген тараптардың қанағаттану немесе қанағаттанбау деңгейі көбінесе төмендегі жағдайларға байланысты болады:
– конфликт кезінде және кейінгі келіссөздерде көзделген мақсатқа жету қаншалықты орындалды;
– күрес қандай тәсілдер мен әдістер арқылы жүргізілген;
– тараптардан айырылу қаншалықты маңызды (адами, материалдық, территориялық және т.б.);
– қандай да бір тараптың жеке адамгершілік сезімінің қысым көру деңгейі қаншалықты жоғары;
– бейбітшілік орнату нәтижесінде тараптардың эмоциялық конфликтісін жою мүмкін болды ма;
– келіссөздер үдерісінің негізіне қандай тәсілдер алынды;
– тараптар мүдделерінің тепе-теңдігі қаншалықты сақталды;
– тараптардың бірі немесе үшінші күш тарапынан ымыра жасалды ма немесе ол шиеленіс шешімін бірге іздеу нәтижесі болып табылды ма;
– конфликт қорытындысына қоршаған ортаның әсері қандай.
Егер қол қойылған бейбітшілік келісімдері тараптардың ойынша олардың мүдделеріне қайшы келіп жатса, қарбаластық сақталып, конфликтің тоқтатылуы уақытша жағдай ретінде қабылданады. Ресурстарды ортақ әлсіреуі нәтижесінде бекітілген бейбітшілік негізгі даулы мәселені шешуге әрдайым қабілетті емес. Тараптар конфликті толығымен шешілді деп ойлап, сенім мен ынтымақтастық негізінде өз қарым-қатынасын құратын, консенсус негізінде жасалған бейбітшілік барынша мықты болып есептелінеді.
Конфликті шешудің кез келген нұсқасында бұрынғы қарсыластар арасындағы қарым-қатынаста әлеуметтік қарбаластық белгілі бір уақытқа дейін сақталады. Кейде өзара жағымсыз әсерді жою үшін болып өткен конфликтің барлық қорқынышын сезінбеген жаңа ұрпақ дүниеге келгенше шамамен он жылдықтар қажет болады. Санадан тыс деңгейде бұрынғы қарсыластардың мұндай жағымсыз әсерлері ұрпақтан-ұрпаққа берілуі және кезекті даулы мәселелердің әрбір ушығуы кезінде «қайта көтерілуі» мүмкін.
Конфликтен кейінгі кезең жаңа объективті шындықты көрсетеді: күшті жаңадан жұмсау, қарсыластардың бір-біріне және қоршаған әлеуметтік ортаға деген жаңаша қарым-қатынасы, бұрыннан бар мәселелерге деген жаңаша көзқарас, өз күші мен мүмкіндіктерін жаңадан бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет