Топтастыру –экономикалық құбылыстарды оларды өзара байланыстылығы мен тәуелділігінде зерттеуге; неғұрлым маңызды факторлардың әсерін анықтауға, осы құбылыстар мен процестерге тән тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Топтастыру құбылыстар мен процестерді белгілі бір жіктеуді, олардың себептері мен факторларын жіктеуді талап етеді.
Индекстік әдіс арқылы зерттелініп отырған жиынтық көрсеткішке әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға болады. Статистика талдаушылық жұмыста пайдаланылатын индекстердің бәрнеше формаларын атап өтеді (агрегаттық, арифметикалық, гармониялық және т.б.).