Бұл тәсіл алдыңғыдағыдай, нәтижелі көрсеткіштің өсіміне әсер ететін факторларды өлшеу үшін қолданылады, тек мультипликативті модельдерде.
Бұл ережеге сәйкес,
Бірінші фактордың әсер етуін есептеу үшін нәтижелі көрсеткіштің базистік (жоспарлық) шамасын пайызбен көрсетілген бірінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейтіп, одан шыққанды 100-ге бөлу қажет.
Екінші фактордың әсер етуін есептеу үшін нәтижелі көрсеткіштің жоспарлық шамасына бірінші фактор есебінен өзгерісті қосып, оны екінші фактордың салыстырмалы өсіміне, пайызбен, көбейтіп, шыққан нәтижені 100-ге бөлу керек.
Үшінші фактордың әсер етуі осы тәрізді анықталады.