Аналитикалық көрінісі бойынша байланыс тік сызықты және қисық сызықты болуы мүмкін.
Тік сызықты байланыс кезінде факторлық белгінің шамасының өсуімен бірге нәтижелі белгінің шамалары үздіксіз өсіп (немесе кеміп) отырады. Бұндай байланыс математикалық түрде сызықтың y = a0 + a1x теңдеуімен, ал графикте тік сызықпен көрінеді.
Қисық сызықты байланыс кезінде факторлық белгінің шамасының өсуімен нәтижелі белгінің өсуі бір қалыпты болмайды немесе оның өзгеруінің бағыты керіге ауысады. Геометриялық түрде бұл байланыс қисық сызықтармен (гиперболамен, параболамен және т.б.) көрінеді.
Бірінші жағдайда екі байланыс (екі белгінің арасындағы) және екі корреляция туралы, ал екіншіде - көп факторлы байланыс пен көптеген корреляция туралы айтылған. Көп факторлы байланыстың жағдайы деп барлық факторлардың кешенді, яғни бірмезгілде және өзара байланыста әрекеттесуін білдіреді.
Аналитикалық топтастырулар зерттеліп отырған байланыстың тек жалпы ерекшеліктерін, оның тенденциясын ғана сипаттайды және оның күшінің сандық өлшемін бермейді.