1-тақырып: Басқарушылық талдаудың пәні, мазмұны және міндеттері
Сұрақтары:
1.Талдау туралы жалпы түсінік
2. Басқарушылық талдаудың маңызы, мазмұны және міндеттері
3. Басқарушылық талдау мен қаржалақ талдауды салыстыру
5. Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері
Сабақтың мақсаты: Басқарушылық талдаудың пәнін, мазмұнын және міндеттерін айқындап, игеру
Сабақтың мақсаты: Басқарушылық талдаудың пәнін, мазмұнын және міндеттерін айқындап, игеру
Талдау (грек. - analisis) сөзбе-сөз аудармасында зерттелініп отырған объектті осы объектіні құрайтын ішкі құрамдастарға, элементтерге, бөліктерге бөлуді, ажыратуды білдіреді.
Талдау (грек. - analisis) сөзбе-сөз аудармасында зерттелініп отырған объектті осы объектіні құрайтын ішкі құрамдастарға, элементтерге, бөліктерге бөлуді, ажыратуды білдіреді.
Талдау «синтез» түсінігімен (грек. – sіnthesis) – зерттелініп отырған бұрын әр бөліктерге ажыратылған объектті біртұтастылыққа біріктіру – диалектикалық қарама-қайшылыққа түседі.
«Analisis – sіnthesis» диалектикалық тандем, талдау – синтез кез келген ғылыми зерттеу синонимі ретінде ұғынылады. Ғылыми ілімнің, адамзат өмірінің кез келген саласында талдау – синтездеусіз қызмет ету мүмкін емес.
Басқарушылық талдау кәсіпорынның ішкі ресурстары мен мүмкіндіктерін анықтауға, бизнестің ағымдағы жағдайын бағалауға, стратегиялық проблемаларды анықтауға бағытталған.