2-тақырып. Басқарушылық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Сұрақтары:
1. Басқарушылық талдаудың әдістері мен оның ерекшеліктері
2. Басқарушылық талдаудың тәсілдері мен әдістерін жіктеу
Сабақтың мақсаты: басқарушылық талдаудың әдістері мен тәсілдерін айқындау және қолдану аясын көрсету
Басқарушылық талдау әдісі - танымның диалектикалық әдісі, өз пәнін зерттеу жолы, яғни шаруашылық және қаржылық процестер мен құбылыстардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде.
Басқарушылық талдаудың әдістері деп шаруашылық процестерін олардың қалыптасуы мен дамуында диалектикалық зерттеуді айтады
Басқарушылық талдаудың әдістеріне тән ерекшеліктер:
Шаруашылық қызметті жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін пайдалану
Осы көрсеткіштердің өзгеруінің себептерін зерттеу
Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында осы көрстекіштер арасындағы өзара байланыстылықты анықтау және өлшеу
Талдау әдістемесі - әдістің тиімді қолданылуына кепілдік беретін ережелер мен талаптар жүйесі. Жиынтығында әдіс пен әдістеме экономикалық талдаудың әдіснамалық негізін ұсынады.