Тізбектеп қою тәсілін қолданған кезде есептеудің белгілі бір жүйесін ұстану ұсынылады: біріншіден сандық көрсеткішті өзгерту керек, содан соң сапалы көрсеткішті өзгерту қажет. Егер де бірнеше сандық және бірнеше сапалық көрсеткіштер болатын болса, онда бағының бірінші деңгейлі факторының шамасын өзгертіп, содан соң одан төменгісін өзгерту керек.