1-лекция. Этика мен эстетиканың пәні


-лекция. Бақыт ұғымының мәні, өмір, өлім ұғымдарының мәні



бет7/13
Дата12.04.2022
өлшемі327,5 Kb.
#138944
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
этика
алғашқы көмек көрсету, Жер кадастрын жүргізу тәртібі
7-лекция. Бақыт ұғымының мәні, өмір, өлім ұғымдарының мәні.
Көп адамдар өмірінің мақсаты бақытты болу, бірақ бақыттың мәнін әркім өзінше түсінеді. Адамдардың өмір туралы көзқарастары бақыт төңірегіндегі түсініктеріне әсер етеді. Бақыт моральдық сана ұғымы ретінде өмірдің мәнімен тығыз байланысты болғандықтан, ол да этиканың маңызды сұрағы болып табылады.
Қанша адам болса, бақыт туралы сонша түсінік бар. В.Дальдің сөздігінде бақыт «со-частье; яғни пай, үлес, сыбаға» деп аударылады, ал әр адамның өз сыбағасы бар. Сонымен қатар орыс сөзі «доля» тағдыр сөзінің синонимі.
Бақыт адам тағдырымен тығыз байланысты, яғни адам өз тағдырын қалай түсінсе, бақытты да солай түсінеді.
Көптеген адамдар байқытты материалдық құндылықтармен байланыстырады: Әрине материалдық жеткілікті жағдайда өмір сүрген жаман емес, дегенмен материалдық құндылықтар өмір сүрудің мақсаты емес, құралы ғана болуы тиіс.
Өз байлығын өзіне зиян тигізбейтіндей етіп пайдалануы үшін де адам рухани тұрғыдан жетілуі тиіс. Рухы жоғары, ішкі жан дүниесі бай адам ғана өзін ұсақталудан сақтап, тұлғалық биіктік деңгейіне көтеріле алады. Адамның ұсақталуы дегеніміз не? Ұсақталу дегеніміз – адамдардың биік мақсаттарға, бастайтын рухани қуатының азаюы, құмырсқа сынды күйбең тіршіліктің жайын күйттейтін, жан азығынан гөрі тән азығын, дене жайлылығын көп ойлауға көшкен бүгінгі тұтынушы адам кейпіне енуі.
Өмірдің мәні мен мағынасын іздестіруге деген ұмтылыс кез-келген адамға туа біткен қасиет. Адам дүниеге не үшін келеді? Адам өмірінің мәні бар ма? Бар болса, ол неден көрінеді? Өмір мен өлім дегеніміз не? Бұл сұрақтар адам болмысымен бірге туындап, бірге жасап келеді.
Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адамды кездестіру өте қиын, өйткені өмірдің мәні туралы сұрақты өзіне қоя білу және оған жауап таба білу - әрбір адамның өмірін, оның болмысын анықтаушы белгі. Осы талпыныстың шынайылығы мен тұрақтылығы пенденің бүкіл өмірінің қай арнаға ауатынын анықтап тұрады.
Өмірдің мәні мен мағынасын іздестіру мәселесі қоғам дамуының белгілі бір жағдайында алдыңғы қатарға шығады.
Санжар Керімбайдың «Евразия KZ» газетінің санында жарияланған «Өмірдің мәні» деп аталатын мақаласында Лев Толстой шығармаларынан үзінді келтірілген. Хазрет Толстой «Өздеріңе сеніңдер» деген өсиетінде, «балалықпен қоштасқан соң саналарыңды «Мен кіммін? Мен бұл өмірде не істеп жүрмін?» деген сұрақтар мазалағанда, бұл сұрақтардың жауабын таба алатындарыңа сенімді болыңдар. Сұрақтарға жауап іздегенде данышпан даналар ұсынған жауаптар саналарыңда, туыстарың айтқан пікірмен сәйкес келмесе қорқып, шошымаңдар. Пікір қайшылығынан әсте де қорқуға болмайды. Керісінше, пікір қайшылығының ұлғаюы – сенің Құдай сипатпас рухыңның ояна бастағанының айқын белгісі. Дәл осы екі жауаптың бір-біріне сәйкес келмеуінің астарында өмірдің шын мағынасы көміліп жатыр. 15 жасында осы сұрақтар алғаш рет мені де мазалай бастағанда өз бетімше жауап беруден қаймыққам. Айналадағы адамдардың тынымсыз қайталай беретін қате пікірін мен де еріксіз қабылдағам. Осы қате қадамның азабын өте ұзақ тарттым. Иә, сонымен аса құрметті өскелең ұрпақ, бөтен адамдардың өздері түсінбесе де таңып сөйлейтін пікірлеріне мән берместен, шынайы түрде өмірлеріңнің мәнін ашып, түсініп алуға тырысыңдар. Сендердің бұл талпыныстарың жас адамның бойындағы жәй ғана орындалмайтын арман, құлшыныс қой деп бейпіл сөйлейтін аадмдардың сөзіне әсте құлақ аспаңдар. Жан дүниелеріңде алғаш рет Құдай сипаттас сезімдерің ояна бастағанда оның қаншалықты маңызды екенін барынша терең сезініп, бұл ең Ұлы сезімнің әлсіз жалынын сөндіруге жол бермеңдер. Керісінше, жастық шақтың барлық күш-қуатын пайдаланып, бұл шақтың өршеленіп жануына бар күш-жігерлеріңді салыңдар. Дәл осы рух сәулесінің күш алып, алаулап жануында барлық адамның ең ұлы қуанышы мен бақыты байланған». Гуманист, ұлы ойшыл Л.Н.Толстойдың жастарға ұсынып отырған ақылы мен өнегесінің екі маңызды ерекшелігі бар.
Біріншіден, жастардың көл-көсір табиғи қуаты мен жасампаздық күшіне сенім арту бар. Ал сенім - өте қуатты бастау, ол тұрақтылық кепілі, ізденуге, жатпай-тұрмай талаптануға негіз болатын күре тамыр.
Бір нәрсеге қатты сенген адам ғана шаршап-шалдыққанына, азып-тозғанына қарамастан өзін алға сүйрей береді. Ақыр аяғында осындай өлермендік, қимыл бір нәтижеге әкеледі.
Екіншіден, жас адамның өзіндік пікірі болуын құптайды. Бұл болашағы әлі алда, өмірден күтер дәмесі мен ырзығы мол, алға және жан-жаққа ұмтылған ашық болмысының маңызды атрибуты.
С.Керімбай көңіл аударып, оның шығармаларынан жекелеген ойларын келтірген тағы да бір ойшыл ХХ ғасыр мәдениетінің өкілі, фашизм нәубетін өзінің басынан кешірген, немістер лагерінің тұтқыны болған психолог-ғалым Виктор Франк еді. Ол «адамдарды талпындырып тұратын күш - өзінің өмір сүруінің түпкі мағынасын тапсын деген ой. Көптеген адамдар өзін-өзі өлтірудің, жынданып кетудің, араққа салынып кетудің, наркотикке ұрынудың негізгі себебі осы сұрақтың жауабын таба алмай шатасуында» деп жазды.
Лагерьде тұтқын жандардың тіршілігін жіті бақылаған ғалым-психолог адамның рухы, үміті, сенімі деген этикалық тетіктердің күшті дәнекерлер екеніне әбден көз жеткізді. Өйткені ол түрмеде денсаулығы мықты азаматтардан гөрі әлсіз, бірақ кеудесінде үміті күшті, алда арманы бар, белгілі бір мақсатқа ұмтылған адамдар әлдеқайда шыдамды, өміршең боп шығатындығының куәсі болды. Сондықтан ғалым: «Адамның жаны сірі. Егер ол өлмеймін деп үлкен мақсатқа талпынатын болса, азап тартып бұзылған, күйреген тәнін қалпына қайтадан келтіріп алады» деген қорытынды жасайды. Оның осы пікірінің өміршеңдігін ғалымның өз өмірі айқын дәлелдейді.
Төрт жыл түрмеде отырып, басқалар сияқты азап шеккен В.Франкл ата-анасынан, жарынан айрылып, жалғыз қалады. Бірақ ол тағдырының қиындығына налыған жоқ, қайта өзін-өзі қайрап жаңа өмір бастайды. Сырқаттанып, өлім аузында жатқан адамдармен кездесіп, өмірдің мәні туралы мазмұнды әңгімелер айтып, кейбіреуінің сауығып кетуіне жәрдем жасайды. Өзі іске асырған әрекеттерін жан-жақты сараптап, «логотерапия» деген ғылыми ілімнің негізін қалады. Логотерапия – мән-мағына ғылымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет