1-лекция. Этика мен эстетиканың пәні


-лекция. Қайғыру мен күлкі, яғни трагедия мен комедия. Эстетикалық сана, оның құрылымы



бет9/13
Дата12.04.2022
өлшемі327,5 Kb.
#138944
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
этика
алғашқы көмек көрсету, Жер кадастрын жүргізу тәртібі
9-лекция. Қайғыру мен күлкі, яғни трагедия мен комедия. Эстетикалық сана, оның құрылымы.
Асқақтау мен ойпаңдықтың әрекеттесуі, өзара бетпе-бет ұшырасуын трагедия мен комедия одан әрі тереңдетеді.
Трагедия – еркіндік пен қажеттіліктің қақтығысында туындап отыратын адамдардың қайғы-қасіретін, торығу, өмірден үміт үзген шақтарын, қоғамдағы күрделі қайшылықтарды бейнелейтін эстетикалық категория.
Трагедия дегеніміз – зұлым күштерге қарсы күресте сұлулықтың құрдымға кетуін немесе жеңіліске ұшырауын бейнелейтін ұғым.
Өмірде қайғы-қасіреттің түрі өте көп: бала немесе адам өлімінен бастап шығармашылық қуаттың жойылуына дейін, жеке адам қайғысынан бүкіл халық қайғысына дейін.
Бұл категорияның негізгі бастауы – жақсылық пен жамандықтың, өлім мен мәңгіліктің арасындағы күрес, өлім өмірлік құндылықтардың бағасын арттырады, адам өмірінің мәнін ашады.
«Аристотель бойынша трагедияның бір аты: катарсис – очищение – тазару. Тазарған адам тік қарайды да қарауылына алғанда қаны жібермейді» деп жазды А.Сүлейменов. Өмірдің тірегі – шынайы сезім, тазалық. Ал бүгінде тазалық дегеніміз – құмның арасынан сирек жылтырайтын алтын-күмістей болды.
Өзінің тарихи даму жолында сан нәубетті басынан кешірген қазақ даласындағы трагедияның ХХ ғасырдағы көрінісі ядролық сынақ алаңына айналған Семей өңірі. Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» тақырыпты шығармасында Қарауыл аулының қасіреті – адамзат әлемінің бір тағдыр бейнесі мүгедек қыз Ләйләнің және оның туыстарының ішкі жан-айқайы арқылы берілген.
Адам тіршілігінің екі қыры – тән құмарлығы мен жан құмарлығының тікелей ұшырасуы – осы замандағы трагедияның көрініс беру алаңы десек те болады. Өйткені жан құмарлығынан гөрі тән құмарлығына көбірек аңсары ауған адам баласы бұл күндері оны қанағаттандыру үшін не түрлі айла-тәсілдерге барып, адам өмірінің өзінің құбыжыққа айналдырып қойды. Мұны көргенде, білгенде, қоғам, мәдениет кеңістігіндегі қымбат құндылықтардың азая түскенінің куәсі болған сайын суық жел мен аяз өтіндегідей жан дүниең азынап сала береді.
ХХ ғасыр тудырған адамға көп қасірет-қайғы әкелген трагедия – фашизм. Мұндай сұмдық идеология өздігінен пайда болған жоқ. Әлия Бөпежанованың: «Германияда фашизмнің толғағы басталып, ол дүниеге келіп, аяғынан нық басып, оның көсемдерінің үкімет басына келуінің өзінде сол қоғамда ғұмыр кешкен әрбір ересек адамының саналы немесе санасыз түрдегі үлесі бар» деген пікірі өте орынды. Өйткені Гитлер идеологиясының түпкі мақсатын жақсы түсінген парасатты адамдардың ұлттық, нәсілдік көзқарастармен уланған тобырлардың алдында жеңіліске ұшырауы нәтижесінде фашизм пісіп жетілді.
Трагедияның жасампаздығы оның жеңіліске ұшырауымен күрестің, биікке ұмтылыстың жоғалмауы. Кез-келген трагедия рухани серпіліс, ұмтылыс тудырды.
Өмірде, өнерде трагедияға қарама-қарсы комедия тұрады. Комедия немесе күлкі, көңілді болу әлеуметтік маңызды қайшылықтарды эмоциялық-сыни көзбен бағалап, мысқыл күшімен, жеңіл әзілмен бейнелейтін эстетикалық категория.
Жағдайдың күлкілігі көп жағдайда оның ерекше контраст тудыру мүмкіндігімен деайқындалады. Ұсқынсыздық сұлулықтың (Аристотель), түк еместік-асқақтаудың (И.Конт), ақымақтық-ақылдылықтың (А.Шопенгауэр),өтірік-ақиқаттың (В.Гегель) алдында күлкілі көрінеді. Комикалық бастау әр уақытта күлкі тудырады. Ащы, мысқыл күлкіде терең сыни бастау бар. Өмір мен өнерде комизмнің негізінде күлкі мен мәдениет қалыптасты.
Өнерде комедияны жеткізетін, күлкі-әжуа тудыратын көптеген жылдар бар: гротеск, юмор, ирония, сарказм, сатира.
Гротеск – келекелі, сықақ стильде шығарылған көркем шығарма. Яғни эстетикалық нысанның кейбір жақтарын шектен тыс сықақтау, келекеге айналыдырып әшкерелеу. Гротеск ыза болушылық, жеккөрушілік, теріс айналушылық сияқты терең сезімдерді тудырады.
Сарказм – қоғамға қатер төндіретін құбылыстарды өте дәл және улы сатиралық бағыттағы жолдармен кекету. Сарказмнің сыртқы мағына мен тұспалдау арасындағы айырмашылықтың нақтылануы оның негізгі мәнін құрайды.
Сатира – эмоциялық-эстетикалық сынаудың өте терең және кексінді түрі. Ол әр уақытта күлкі тудырмауы да мүмкін, бірақ тапқырлықсыз болмайды. Сатира әр уақытта қажет және өзекті, онда күтілмеген салыстырулар мен өзі қарастырып отырған құбылысты эстетикалық идеалға қарама-қарсы қою тән.
Юмор - әзіл-оспақ, комизмнің бір түрі.
Эстетиканың категориялары көркем өнер қызметінің жалпы заңдылықтары мен байланыстарын жүйелейді, бір арнаға келтіреді. Суретті эстетикалық объектілердің мәнін түсінуге және оны өз шығармашылығында бейнелеудің жолдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Эстетикалық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Ол құндылықты сананың түрі ретінде объективті шындықты эстетикалық идеал тұрғысынан бейнелейді.
Эстетикалық сананың объектісі адамның әлеуметтік-мәдени тәжірибесінде игерілген табиғи, тарихи және әлеуметтік шындық. Оның субъектісі – жалпы қоғам және ондағы нақты адамдар, әлеуметтік топтар, таптар.
Эстетика адамның ақиқатқа эстетикалық қатынастарының жалпы заңдылықтарын зерттейді, өнердің табиғаты мен көркем шығармашылықтың шығу тегін, мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердегі мазмұн мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетеді.
Эстетикалық құбылыс – рухани іс-әрекет түрі. Гносеологиялық табиғаты жағынан эстетикалық шындық ақиқатқа жақын. Бірақ ақиқат рационалды білім, ал эстетикалық объекті қабылдау барысында эмоциялық толғану, қуану, қобалжу, риза болу да болып тұрады. Сондықтан эстетикалықтың психикалық эквиваленті – толғану, торығу. Әсерлену, толғану әр уақытта субъект-объект қатынастарының нәтижесі.
Эстетикалық толғану, әсерлену интеллектуалді білімге негізделмеуі де мүмкін. Ерекше қобалжудың себебі, интуитивті, бейсаналық сілкіністер болуы да ғажап емес.
Эстетикалық толғану мен қобалжудың екі түрлі себебі бар: эстетикалық қатынастың объектісінің ерекшелігі және эстетикалық санасы дамыған адамның талғамы мен талап-тілегі. Эстетикалық қатынастағы объектінің мынадай ерекшеліктері бар:
1.Эстетикалық тұрғыдан тек бір, дара құбылыс қана бағаланады. Жалпы әдемілік болмайды. Ағаш әдемі емес, нақты мына ағаш әдемі. Яғни эстетикалық әрқашанда нақты. Эстетикалық құндылықтың түпкі тамыры реалды объективті әлемде.
Эстетикалықты қабылдау және одан ләззат алу немесе жиіркену объектінің түріне, бояуына, пропорционалдылығына, симметриясы мен ритміне байланысты.
Эстетикалық қатынастар объектісінің сыртқы көріністері физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік процестермен, құбылыстармен тығыз абйланысты. Титан, ванадий, хром, мыс тағы басқалары әлемнің нағыз бояуыштары болып табылады.
Шындыққа эстетикалық қатынас сыртқы түрден басталады, бірақ онымен толық анықталмайды. Өйткені түр әр уақытта мағынамен біртұтастықта алынады.
Эстетикалық сананың бұқаралық сипаттағы қарапайым және арнайы кәсіптендірілген деңгейі бар. Бұқаралық қарапайым сана барлық адамдарға тән. Кәсіптік эстетикалық сананың өзі екіге бөлінеді: біріншісі – көркем өнермен тікелей айналысатындардың санасы, ал екіншісі - өнертану мен эстетикамен айналысатындардың санасы.
Сезімдік-эмпириялық деңгейде эстетикалық қабылдау, елес, ал рационалді деңгейде эстетикалық пікірлер мен ой-тұжырымдары қалыптасады.
Эстетикалық қатынас оған тікелей ұмтылыстан туындайды. Сұлулық пен үйлесімділікке зәрулік адамның әлемде қалыптасып, белгілі бір тарихи-мәдени ортада жетілуімен тығыз байланысты.
Эстетикалық қажеттіліктің даму барысында эстетикалық идеал пайда болады. Эстетикалық идеал дегеніміз – эстетикалық құндылықтың жоғары деңгейі. Әр дәуірдің өзіне сай идеалы болады. Эстетикалық талғам – әртүрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әдемілікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамдық практика қалыптастыратын адам қабілеті. Эстетикалық талғам шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез-құлықта, өнерді, әсемдікті қабылдап, жасау қажеттігін білдіреді.
Эстетикалық сананың тарихи түрлері мен типтері эстетиканың тарихи даму барысында қалыптасты.
Эстетикалық сананың қалыптасуындағы шығыс дәстүрі онда Абсолют немесе Біртұтас деп аталған бастаумен тығыз байланысты.
Біртұтас абсолют өмір рухының қуатты себебі. Осы қуаттың арқасында әлем үйлесімділік, жарастылық жағдайында болып отырады.
Тарихи дамудың ерекшелігіне байланысты жарық, тылсым табиғат, еліктеу эстетикасын бөліп көрсетуге болады.
Ал эстетикалық сананың типтері тұтынғыш және шығармашылық болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет