1-лекция. Этика мен эстетиканың пәні


-лекция. Өнерде шындықты бейнелеу және өнер психологиясының категориялары



бет12/13
Дата12.04.2022
өлшемі327,5 Kb.
#138944
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
этика
алғашқы көмек көрсету, Жер кадастрын жүргізу тәртібі
12-лекция. Өнерде шындықты бейнелеу және өнер психологиясының категориялары.
Шындықтың өнерде бейнеленуінің ерекшеліктерін анықтайтын категориялар қатарына көркем образ, көркем шындық, көркем әдіс, көркемдік концепция жатады.
Көркем образ бұл өнердегі ойлаудың өзіндік жүйесі, өнердің мәні.
Көркем образ өнер иесінің қиялында туындайды, белгілі бір материалдық формада, яғни пластикалық, үндік, тілдік түрде өмір сүреді, көрушінің, оқушының, тыңдаушының қиялы арқылы қайта туындайды.
Өнердің әр түрінде көркем өнер образының өз құрылымы, ерекшелігі бар, ол өнердің сипаты мен игерілу жолымен байланысты. Мүсінде көркем образ – статикада, кескіндемеде – бейнелеуде, ал әуезде – дыбыста көрініс береді.
Бұл категория бір жанрды адам кейпінде, екінші бір жанрда табиғат кейпінде, үшінші біреуінде зат кейпінде көрінеді. Барлық жағдайда көркем образды қабылдау тек қана пайымдау ғана емес, сонымен қатар толғану.
Бұл ұғым әртүрлі көлемде көрініс береді. Микрообраз – бұл кішкене бірлік, поэзияда – метафоралар, салыстырулар, әуезде – мелодиялық ыңылдау.
Макрообраз – бұл романдағы, пьесадағы, кинофильмдегі персонаж немесе симфониядағы әуездік тақырып. Бұдан да ірі көлемдегі көркем образ бар – бұл повестегі театр қойылымындағы жалпы образ. Суретшінің барлық шығармашылығын адамның әлемдегі біртұтас образы деп қарастыруға облады.
Көркем образ – бұл шындықтың копиясы емес. Образ жасау барасында суретші, жазушы объективті реалдылықты негіз етіп алады, бірақ ол тура қайталанбауы мүмкін. Өнер иесінің образды жасау барысын Ван Гогтың мына бір сөзі өте жақсы түсіндіреді: «Мен жұмыс кезінде жазуға тиіс көріністерімді әсірелей бейнелеймін, кейде оны өзгертемін, бірақ та бүкіл суретті түгелдей ойдан шығармаймын, керісінше, мен оны табиғаттан дайын күйінде табамын. Барлық мәсіленің түп-төркіні оны сол ортадан қалай қолға іліктіруде жатыр». Яғни, көркем образ объективті шындықтан алынады, бірақ оны дәл қайталамайды.
Көркем әдіс - өнер шығармаларын жасау барысында есепке алынатын принциптер жүйесі.
Жеке өнер иелерінің өзіне тән әдістері мен жолдары, сонымен қатар, бүтін бір бағытты туындататын принциптер мен ұстанымдар жүйесі бар.
Көркем шындық – шындықтың өнерде бейнеленуінің сипатын анықтайды. Өнердің жанры көп болғандықтан, олардың әрқайсысы шындықты өзіне тән мүмкіндіктерден алып отырады. Бұл тұрғыда өнер иесінің тұлғалық қасиеті, қиял мен армандауға ұмтылысы, бейнелеу құралдарын пайдалану шеберлігі аса маңызды.
Объективті шындықтың көркем образын жасауда автор өзіндік өнер концепциясына сүйенеді. Оның қалыптасуына, қоршаған орта құныдлықтары, тарихи дәуір ерекшеліктері және тұлғаның талғамы мен талабы әсер етеді.
1.Көркем образ – бұл өнердегі объективті шындықты бейнелейтін ойлар мен сезімдер жиынтығы.
2.Көркем әдіс - өнер шығармасын жасау барысында пайдаланылатын принциптер жүйесі.
Көркем шындық – шындықтың өнерде бейнелеуін көрсететін эстетикалық категория.
Көркем концепция - өмірді көркем бейнелеу, оны шығармаларды көрсету жолдары.
Өнер психологиясының категориялары.
Өнер психологиясының категориялары: эстетикалық және өнерге қабілеттілік, талант, данышпан, творчестволық қиял, өнер елесі.
Аталған категориялар тек өнерге ғана қатысты емес. Творчестволық іс-әрекеттің нәтижесінде бұрын болмаған жаңа өнер шығармасы, математикалық есептің шығару жолдары, ғылыми болжам, техникалық құрылымдар, педагогикалық әдістер мен жолдар, өте пайдалы дәрілер пайда болады. Шығармашылықтың түрі өте көп, бірақ мақсаты біреу: жасау, жетілуге ұмтылыс, үндестікке ұмтылыс.
Жеке-дара ойлауға қабілеттілік осындай іс-әрекеттің негізгі шарты. Мұндай қабілеттің маңызы мен ролін суретшілер мен ғалымдар әр уақытта жоғары бағалаған. Өнер иесінің қабілеттелігі оның қайталанбайтын өзіндік жолы мен ерекшелігінде көрінеді. Ал мұның көптеген жолдары бар: біреуінде – бұл өзіндік сипаттағы ойлау стилі, екіншісінде – жаңа тақырып, үшіншісінде - ерекше сипаттағы формалді және техникалық шешімдер, ал төртіншісінде - әлемді эмоциялы қабылдаудың өзіндік сипаты.
Эстетикада өнер шығармашылығына назар аударылатындықтан өнер қабілеті алдыңғы қатарға шығарылады. Өнер шығармашылығы дегеніміз - өнер құндылықтарын жасау, тудыру. Өнер қабілеті әдебиетте, музыкада, мүсіндеуде өзінше көрініп отырады.
Талант - өнердегі шығармашылық дарын. Әрине, оған арнайы табиғи нышандар, яғни пианистке ерекше үн тыңдаушы құлақ, бишіге жоғары дамыған пластика, кескіндемешіге бояуды тану, көру қабілеті қажет. Интеллектуалдық-психологиялық ерекшеліктер өте маңызды. Өнер таланты – бұл эстетикалық интуиция, өнердегі ойлаудың күші, елестеу белсенділігі, байқампаздық, эмоция байлығы.
Данышпан – шығармашылық дарынның жоғарғы деңгейі. Ол жаңа ой мен түр әлемін жасайды. Оның жаңашылдығы әмбебап – бүтіндік сипатта, қайталанбайтын эстетикалық құндылықтарды жасауында. Данышпан, әдетте, өз уақытынан озып кетеді, сонымен қатар оның шығармасы миллиондаған адамдарға қымбат, етене жақын.
Өнер данышпаны бұл тек ерекше қабілет иесі ғана емес, сонымен қатар, оған нәтижелі интуиция мен қиял тән. Бұл өзін-өзі аямаған жанқиярлық еңбек, түгелдей жұмысқа берілу.
Поль Гоген экзотикалық тосын тіршілікті символдық-декоративтік байыппен бедерлеудің шебері, ал Ван Гог болмысты психологиялық толғанысты халге қанықтырып, лапылдата бейнелейді. Екеуі де импрессионизмнен бастау алған, күнімен, түнімен жұмыс істеген өте еңбекқор адамдар.
Шабыт – бұл адамның барлық рухани және табиғи күштерінің өте жоғары дәрежедегі құлшыныс тудырардағы жинақталуы. Мұндай сәттерде суретші қоршаған әлемді мүлдем ұмытып, тек жұмысқа беріледі. «Мың жасаған ұғымдай тамырлы сөз», яғни сөзді тудыратын, сөнбейтін, сезімді сыртқа шығаратын, тәңірлік тылсым тілге жан бітіретін қасиет.
Шабыты шалқыған суретші толық интуиция билігінде болады, өзін-өзі бақылауды да ұмытып, бойын билеген шығармашылық құлшынысты сыртқа ақтаруға асығады. Сонымен қатар, автордың эмоциялық эстетикалық бағалауына негізделген, жинақталған образы.
Көркемдік образдар өзінің ерекше заңдылықтарымен өмір сүреді. Өйткені, өнер адамы жүйріктей жүйткіп, жорғадай тайталасатын ырғақ, өмірдің өкініші мен үмітін тыңдаушының құлақ құрышына құйдыратын, жүрек қылын шертетін дәмді саз, тамырлы сөз тудырады.
Шабыт сезімі кернеген өнер иесі бұрын-соңды болмаған тамаша көркем образдарды дүниеге келтіреді. Шабыттану барысында творчестволық процесс төрт фазадан өтеді: шабытқа ену, өзін-өзі ұмыту, шығармашылық ағынның кенеттен ағытылуы, сонан кейін пайда болатын жеңілдену сезімі.
Шабыт жағдайын басынан кешірген адам шаршағандығын сезінеді. Кейде тіпті мүлдем бос қалғандай күй кешеді. Дегенмен, бұл өзіне-өзі риза болушылық пен қуаныш сезімінің қасында түк емес. Өйткені маңызды шаруа тындырғанды сезіну қандай қуаныш, бақыт десеңізші?!!
Шабыт буған кезде суретші түгелдей интуицияға беріліп, ойлаған нәрсені істей береді.
Буырқанған тентек шабыт тұла бойына құйылып, оны әбден меңдеген шақта ол өзін-өзі ұмытып екіұдай жағдайда басынан кешеді. Бір жағынан, ет пен сүйектен жаралған пенде, екінші жағынан, басқаның ойына кіріп те шықпайтын ерекше бір діріл, ырғақ, елес бүкіл болмысын арбап алған, матап тастаған бұлқынған шабыт иесі.
Өнер адамдарының тағы, саяқ тіршілігі осындай қайталанбас күйімен, шекаралық жағдайымен түсіндіріледі.
Шығармашылық қиял – көркем шығармашылықтың өмірде жоқ, бірақ оның даму қисынынан туындайтын қиял әлемін сомдайтын аса маңызды түрі.
Қиялдың ерекше түрі – арман. Бұл өнердің көркем түрі мен тілін жетілдіруде аса маңызды роль атқарады.
Қиял – суреткердің реалды шындықты дәл өмірдегідей, өмірді қаз-қалпында суреттеуден ауытқу құралы.
Көркем қиял – дүниені өнерде, өнер әлемінде бейнелі түрде танудың өзіндік құралы. Өмірлік негіз бен көркемдік қиялдың тоғысынан тұратын көркем образ өнер құбылысы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет