1-лекция. Этика мен эстетиканың пәні


-лекция. Ізгілік және әділеттілік, ерік бостандығы ұғымдары



бет6/13
Дата12.04.2022
өлшемі327,5 Kb.
#138944
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
этика
алғашқы көмек көрсету, Жер кадастрын жүргізу тәртібі
6-лекция. Ізгілік және әділеттілік, ерік бостандығы ұғымдары.
Ізгілік – адамдардың іс-әрекетіне, қоғамда болып жатқан оқиғаларға адамгершілік тұрғысынан адамгершілікке сай үлгі алуға лайық деп есептейтін түсінік.
Әділеттілік – қоғамдық құндылықтар болып табылатын еркіндік, жағымды мүмкіндіктер, кірістер, бедел мен сыйлау белгілерінің дұрыс бөлінуіне бағытталған адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын моральдық-этикалық қағида.
Аристотель және оны пір тұтатын этикалық ілімдер әділеттіліктің екі түрін бөліп көрсетеді.
1) бөліп беру әділеттілігі – заттар мен құрмет көрсетудің басқа да материалдық құндылықтардың қоғам мүшелерінің арасында тең және еңбегіне, қоғамдағы орнына қарай бөлініп берілуі.
2) айырбаспен байланысты әділеттілік – айырбастау процесіне қатысушы жақтардың қадір-қасиетіне, мүмкіндігіне қарамастан теңдігін қамтамасыз ету.
Екі жағдайда да қоғам мүшелерінің арасындағы жарастық пен келісім есепке алынады.
Әділеттілік – астамшылыққа шек қоятын индивидуалдық тәртіптің принципі. Ол басқа адамның құқығы мен мүлкін сыйлауды талап етеді. Әділеттіліктің негізгі талабы – адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін сыйлау. Ол әр адамның басқа адам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажеттілігін еске салады.
Әділеттілік жеке адамның немесе әлеуметтік топтың қоғам өміріндегі атқаратын ролі мен олардың әлеуметтік жағдайы арасындағы үйлесімділікті талап ету тұрғысынан қаралады.
Ерік бостандығы, оның жеке адам өміріндегі және адамзат мәдениетіндегі орны.
Адам сана сезімінің көмегімен өзін әлемнен бөліп қарауға, сонымен қатар, өзінің талап, тілектері мен қылықтарын белгілі моральдық қалыптар мен ережелерге бағындыруға қабілетті. Адамның адамгершілік сипаты жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық арасынан еркін таңдау жасауынан көрініс береді.
Еркін бостандықтың арқасында адам өзінің дамуын не Құдай еркімен біріктіру жолына немесе өз бетімен жүру жолына бағыттай алады.
Ерік дегеніміз – адамның белгілі бір іс-әрекетті атқаруға деген саналы құлшынысы. Адамның еркінің негізі белгілі бір әлеуметтік жағдайда дүниені тануға, игеруге немесе өзгертуге бағытталған саналы практикалық іс-әрекетінің дамуында жатыр. Өйткені, жан-жағында болып жатқан табиғи, тарихи, мәдени оқиғаларды жан-жақты білген, түсінген адам ғана өз еркін үлкен мақсатқа бағыттай алады.
Адам болмысы керемет мүмкіндіктер алаңы. Ол мүмкіндіктерді объективті әлем қисынына сүйеніп ізгілік, жақсылық жолына немесе зұлымдық пен жамандық жолына бағыттап жіберуге болады. Ерік бостандығын ұлы мақсатты іске асыруға бағыттаудың тамаша үлгісін Қытай коммунистік партиясының басшысы Мао Цзэдунның өзінің мемлекет басқарудағы мемлекет мүддесін жеке басының мүддесінен бөліп қарауға ұмтылған әрекеттерінен көруге болады. Мао Цзэдун мен Дэн Сяопиннің тұлға аралық қатынастары жақсы болмаған. Өзі жер аударып жіберген Дэн Сяопинге мемлекет мүддесіне қатысты маңызды мәселелер жөнінде хабарлап, оның пікірін біліп отырған.
Жазушы Роза Мұқанова «Егемен Қазақстан» газетінің 2009 жылғы 4 тамызында жарияланған «Өзектегі өкініштер» деген мақаласында мынадай дерек келтірген.
«Мао Цзэдун билік құрып тұрған кезінде Дэн Сяопин Мао Цзэдунның әйеліне ашық қарсы шықты. Дэнға «Қытайдың Хрушева» бас ревизияшыл, капиталистік жолмен жүруші» деген айдар тағылып, «Қайта тәрбиелеуге» түкпірдегі ауылға жіберілді... Итальяндық белгілі журналист Фаллагидің сауалдарына айдаудағы өмірі туралы жауап бере отырып, Дэн Сяопин «Мен ауылшаруашылық жұмыстарымен айналыстым, дәретхана тазаладым, таза ауада күні бойы дерлік жұмыс істей жүріп, денсаулығымды түзедім. Алайда төраға Мао мені ұмытқан жоқ. Ол маған ең маңызды құжаттарды жіберіп тұрды. Демек, мен Қытайда және оған тысқары жерлерде не болып жатқанынан хабардар болып отырдым».
Демек, Аспанасты елі мемлекет болашағын, оның нығаюы мен қалыптасуын мақсат еткендіктен де мемлекеттің мүддесін қарапайым тұлғалық жеке бастың күншілдігіне құрбандыққа шалмаған.
Мао өзі ұнатпаған Дэн Сяопиннің мемлекет мүддесі үшін өте қажет тұлға екендігін түсінгендіктен, оның мемлекет тізгінін қолға алуын қалаған.Үкімет мүшелерінің, әсіресе, Цзян Циннің қарсылығына қарамастан, оның өмірін сақтап қалған, болашақта үкімет басына келуіне ықпал еткен. Міне, бұл ерік бостандығын ізгілік пен жақсылық жолына бағындырудың жарқын көрінісі.
Индустриалдық өркениеттің ұсыныстары, яғни көлік, бұқаралық коммуникация құралдары, күнделікті тұрмыстық заттың, тамақ-киім, ойын-сауықтың шексіз көптігі адамдардың еркін баулап, оларды рухани жағынан азғындата бастады. Дүниеқорлық дертіне шалдыққандар ерік бостандығынан мүлдем алыстап қалды.
Тағы да Қытай лидері Мао Цзэдуннің қызығуын естеліктеріне жүгінуге тура келеді. Біз еліктегіш халықпыз ғой. Онда қытайлықтарға көңіл аударайық. Қытайдың ұлттық асын жеп үйрен, сенің денсаулығың ұлттық тағамдарды жемегендіктен нашар, әлсізсің деуі, ал ұлын қытай тілін, өз халқының тұрмысын жақсы білуі үшін шалғайдағы Қытай шаруаларының үйіне қоныстандырып, жер өңдеп, егін еккізгені, қытайлардың нағыз ауыр тұрмысын көруді мақсат етуі өз ұлтын ерекше сүюі деп қабылдайсың. Алыстан арып-ашып, жүдеп-жадап шаруа қытайдың кейпіне түскен ұлының күс-күс саусақтарын көргенде шынайы тебіреніп: «Міне, сен енді нағыз қытай болдың» деп ұлына мақтау айтуынан да өз ұлтын, қарапайым халқын ессіз, есепсіз сүюі аңғарылады.
Ерік бостандығын тәрбиелеу ұлттың өзін-өзі сыйлау, тұрақтандыру, дамыту қабілетімен тығыз байланыста болса керек.
Өз еркін билей алатын ұлт жалаң еліктеушілікке жол бермейді.
Тек адамдық еркіндік, адамдық мәдениет арқылы ғана тұлғаның жеке ешкімге ұқсамайтын дара қасиеттерін қайта өркендету мүмкіншіліктеріне ие бола аламыз.
Тұлғалық индивидуалдықты сақтау бұл халқының қайталанбас өзіндігін сақтауға кепіл бола алады. Еліктеушілік бізді жоғары деңгейге материалдық жағынан көтерсе, рухани жағынан өркендетері шамалы. Біз еліктейтін Батыстың өзі бізге бір өнімнің қайнар көзі ретінде қарап, бізді тек құрал ретінде ғана бағалауда.
Ерік бостандығы жауапкершілікпен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет