1-лекция. Этика мен эстетиканың пәні


-лекция. Әдемілік пен ұсқынсыздық, асқақтық пен ойпаңдық ұғымы



бет8/13
Дата12.04.2022
өлшемі327,5 Kb.
#138944
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
этика

8-лекция. Әдемілік пен ұсқынсыздық, асқақтық пен ойпаңдық ұғымы.
Әдемілік немесе сұлулық – зат пен құбылыстың жетілу барысында эстетикалық құндылық ретінде қалыптасуын бейнелейтін категория. Мәдениет пен философия тарихында сұлулықтың әртүрлі түсініктері қалыптасты. Сұлулық үйлесімділік, симметрия, ритм, пропорционалдылық, мақсаттылық, сонымен қатар, әуездік, дыбыстық, бояулық, реңдік, түрлік эквивалентті бейнелейтін қасиет деп анықталған.
Платон сұлулықты өлшем мен теңдестік, Аристотель заттың көлемі мен орналасу тәртібі, Леонардо да Винчи арақатынас жарасымы деп анықтаған. Теңдестік, ырғақ, түс-тұрпат, өлшемдестік, әуезділік әлемнің, табиғаттың, адам болмысының сұлулық сипатымен тығыз байланысты. Әдемілік, сұлулық негізін түрлі-түсті, сан-салалық құбылыстар бірегейлігін туғызатын үндестіктік қатынастар құрайды. Тұтастық, табиғи жарастық, әр нәрсе мен құбылыстың етек-жеңінің жинақтылығы, бүтіндігі жалпы сезіну, түйсіну нысанының түр-пішінін, құрылымын белгілейді. Объективті дүниеде жаратылыс құбылысының теңдестік, үндестік, ырғақтық белгілері бар.
Өлшемдестік зат пен құбылыстардың жеке тармақтарының, бөлшектерінің өзара жарасымы, ішкі мазмұн-мағынасымен үйлесімі, ал ырғақтық – қозғалыс, даму негізі, табиғи түр-тұрпаттың жарасты орналасу жүйесі.
Адам объективті дүниенің осы қасиеттерін тану барысында әдемілік, сұлулық туралы эстетикалық ұғым, ой-пікір, түсініктер қалыптастырады. Сұлулық дегеніміз – адам жанымен танылып, адам санасында бейнеленген табиғи-әлеуметтік құбылыс.
Әдемілік пен сұлулыққа қарама-қарсы қасиеттерді ұсқынсыздық ұғымы бейнелейді. Ұсқынсыздық әдемілікке қарама-қарсы ақиқат құбылыстарын сипаттайтын эстетикалық категория. Ұсқынсыздық – яғни шамадан, образдан, белгілі бір өлшемнен, тәртіптен, ұстанымнан тыс, хаос бейберекеттік. Көне грек эстетикасында ұсқынсыздық болымсыздық пен зұлымдық ұғымымен қатар қойылған. Орта ғасырлар философиясында ұсқынсыздық күнәнің, күнәлі болудың синонимі.
Ұсқынсыздық – сұлулыққа қарама-қарсы. Сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені кез-келген әдемі құбылыс, зат, нәрсе даму барысында өзгеріске ұшырайды, әдемілігін жоғатады. Кез-келген әдемілік объективті даму барысында ұсқынсыздыққа айналады.
Асқақтау – сұлулық пен әдеміліктің ең жетілген, дамыған түрін бейнелейтін эстетикалық категория. Асқақтау деңгейіне көтерілген оқиғалар мен фактілер біздің санамызда ерекше көтеріңкі көңіл, жан тербелісін, мақтаныш сезімін тудырады. Әлемнің шексіздігі мен мәңгілігі, табиғат пен адам болмысының қуатты ішкі күштері, жаратылысты игерудің үзілмейтін , ұдайы жетілдірілетін жолдары мен әдістері, амалдары – осының бәрі асқақтаудың әртүрлі сәттерін көрсетеді.
Асқақтау – бүкіладамзаттық және қоғамдық маңызы бар құндылықтардың эстетикалық маңызын анықтайтын категория.
Асқақтаудың біртұтас сипатын И.Кант «Пікір айту қабілетін сын» (1790) деген еңбегінде берген. Сұлулық пен асқақтаудың өзара қатынасын зерттей отырып, Кант сұлулық белгілі түрмен, оқшауланумен сипатталатын болса, асқақтау оқшауланудан тыс, шексіздікке және адами қиялы мен сезімдерін таң қалдыруға ұмтылысымен ерекшеленеді.
Асқақтау адам табиғатының екіжақтылығын көрсетеді: ол – бір жағынан, ет пен сүйектен жаралған, күйбің тіршілік иесі, екінші жағынана, әлемнің тылсым байланыстары мен үндерін, әуендерін байқағыш, саққұлақ, асқан дарын, жан тебірентер, сүйек сырқыратар, ішкі тамырларды елжіретер рухани қуаттың иесі.
Өмірдегі асқақтау тек өнерде ғана көрінеді. Өнердегі асқақтаудың мысалдары монументалдылық, масштабтылық, өте үлкен зәулімділік. Бұл – атақты Египет пирамидалары. Құдай ұлы – фараонды ұлықтау арқылы бұл монумент тұлғаны кішкене сусымалы құмға дейін төмендетеді.
Орта ғасырлардағы готикалық соборларда асқақтау Құдайға, Абсолютке ұмтылу жігері арқылы көрінеді.
Өнердегі асқақтауды шабыт сезімі бейнелейді. Шабыт сезімі - өнердегі асқақтаудың шығар биігі, асқар тауы.
Асқақтауға қарама-қарсы ұғым ойпаңдық, төменшіктеу.
Бұл ұғым арқылы адамзатқа, қоғамға, қауымға қатер төндіретін жағымсыз қылықтар мен оқиғалар бейнеленеді. Ойпаңдық – бұл ұсқынсыздықтың ең сорақы түрі, зұлым күштермен байланыс. Адамдардың мінезі мен іс-әрекеттеріндегі жалақтық, көзбояушылық, арамдық, тоғышарлық, сасықтық, өркөкіректік, сатқындық ойпаңдықтың айқын белгілері. Қоғамдағы ойпаңдықтың түрлері: соғыс, адамды адамның қанауы, адам құқығы мен еркіндігін тежеу, тұлғалық бастауларды жойып жіберу, өнердегі вандализм.
Әртүрлі мифологияларды асқақтау аспанмен байланыстырылса, ал ойпаңдық жерасты күштері – албастылармен, тозақпен барабар қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет