2.3 Дайын өнімнің сапасын зерттеу әдістері
Дайын нанның сапасы көзмөлшерлік: ортасының қатпарлығына, түріне, түсіне, дәмін көру арқылы, ал физика және химиялық көрсеткіштері: ылғалдылығы, қышқылдылығы арқылы анықталды.
Дайын нан ылғалдылығын МЕМСТ 21094 – 75 стандартты әдісі бойынша температурасы 1300С 45мин аралығында 5г өлшендіні СЭШ-3М шкафында кептіру арқылы анықтайды, оны келесі формуламен есептейді:
Х= (В – С)/(В – А)×100%
Дайын нанның қышқылдылығын тездетілген әдіс МЕМСТ 5670-51 бойынша анықтайды. Сыйымдылығы 500мл колбаға 25г үгітілген нан жұмсағын алып, оған 250мл 600С су құяды. Колбаны тығынмен жақсылап жауып, шайқайды да, 30мин тыныштыққа қояды. Қайтадан жақсылап шайқап, 15мин қоямыз. Елек арқылы дайын өнімді бөліп алып, 250мл суды бірдей етіп үшке бөлеміз. 50мл суға 2-3 тамшы бромтимол тамызып, 0,1 H2SO4 сілтісі ментитрлейді және келесі формуламен есептейді, (%).
Х= 2аК
Достарыңызбен бөлісу: |