1. Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы )


Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



бет6/6
Дата04.06.2020
өлшемі37,65 Kb.
1   2   3   4   5   6
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға — мұғалім. (Strong, Ward Grant, 2001) Мұғалім балаларды білім нәрімен сусындатуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қолайлы орта жасауға ұмтылады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар мен тәсілдер тақырыпқа сай оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырылып іріктелу керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу бұл әр түрлі жастағы оқушылардың өзгерісті қалай қабылдайтынын анықтау.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай болады.

Танымдық даму және жас ерекшеліктер баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық дамуға, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін , сөз дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып есте сақтау, зейін тұрақтылығы және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.

Хаген мен Хейл (1973) 5-6 жасар балаларды бірнеше ашықхаттағы есте сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті. Алайда 14-15 жастағы балалар аса маңызды дүниені көбірек есте сақтайды депті.Демек ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алады деген. Осыған сәйкес қорытынды – тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. Сыныптың жас ерекшелігіне және түсіну деңгейіне байланысты барлық тапсырмалар және сол тапсырмаларды іске асыру үшін қолданатын әдіс – тәсілдерді таңдап алу сәттілігіне байланысты оқушының білімін анықталатыны белгілі . Сабақта оқушылардың жауаптарынан өзімнің ойыма түйгенім оқушылар сұрақтарға жауап берген кезде .Әр бала өз жас ерекшеліктеріне сай ой-өрісін білдіреді. Осы жерде айта кететін мәселе менің ойымша баланың жас ерекшелігі оның білім алуына, ойлауына үлкен әсер етеді. Сыныпта отырған әр түрлі жастағы балалар әр түрлі ойлайды, әр түрлі сөйлейді. Сол себепті мұғалім оқушыларға тапсырма дайындаған кезде оқушының жас ерекшелігін міндетті түрде ескеру керек.Себебі тапсырма оқушы талабына сай болмаса баланы зеріктіріп жібереді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып алынған тапсырманы орындау барысында оқушылар бірін-бірі,топты бағалайды. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы да жас ерекшелігіне сай болады.

Сонымен қатар Флейвелл мен оның әріптестері (1995) метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метакогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған.

Оқушылардың оқу жұмыстарының қиыншылығы оқу материалының ерекшелігіне, оның ұғынуының, зейін қоюының, ой-өрісінінің жекедара ерекшеліктеріне және жас ерекшеліктерне байланысты екені мәлім. Сондықтан оқушылардың әрқайсысының жекедара ерекшеліктерін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар берілу керек. Сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтарды жас ерекшеліктерін ескеріп дайындау абзал. Белгілі бір жастық кезеңге тән анатомиялық — физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым — қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Оқыту барысында әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек екенін болашаққа міндет етіп алу керек.

Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.


7. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет