1. Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы )


Білім түрлері: реподуктивтік және конструктивтік



бет3/6
Дата04.06.2020
өлшемі37,65 Kb.
1   2   3   4   5   6
2. Білім түрлері: реподуктивтік және конструктивтік

Жалпылай алғанда, педагогикалық ғылымда білімнің бір-біріне қарама-қарсы тұрған, антагонистік қағидалар ұстанған екі түрі ажыратылады. Мәселен, Джон Дьюи «Өмірлік тәжірибе және білім беру» атты еңбегінде білімді дәстүрлі және прогрессивтік (Дьюи Дж., Демократия и образование: Пер. с англ. – М.: Педагогика-Пресс, 2000. – 384 с.) деп екіге бөлсе, Жан Пиаже «Баланың сөйлеуі мен ойлауы» атты еңбегінде білімнің келесідей екі түрін атаған: «әлеуметтік-ырықсыз» білім және белсенді түрде үйрену арқылы игерілген білім (Жан Пиаже. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.).

Альфред Уайтхэд те білімді «мектептік» және «пән аумағындағы білім» деп бөлген, бұл жерде ол ұсынған «интуитивтік» білімді ескермесе де болады, өйткені аталмыш білім туа біткен білімдерге жатады (А.Уайтхэдтің жүйесін таблицадан қараңыз). «Пән аумағындағы білім» деп мектеп бағдарламасында орын алған пәндер бойынша өткізілетін сабақтарда оқушылардың өздігімен білім құрастыруды атайды (Ч.Темпл, 2002, 31).
Т.Лешкевичтің жүйелеуінде келтірілген білімнің сан алуан түрлерін де сайып келгенде екіге бөлуге болатын сияқты: репродуктивтік және жүйелі білім (Қосымшада көрсетіледі).
Сонымен білімді келесідей түрде жіктеуге болатын тәрізді: репродуктивтік және құрастырылған (конструктивтік) білім. Олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай? Бұл сұраққа жауап беру әрбір педагогтың білім жүйесіне деген көзқарасы мен ұстанған құндылықтарын айқындайды, ұстаздық философиясын мен сенімдерін көрсетеді, яғни мұғалімнің білім жүйесін қалайша түсініп, осы түсініктен туындаған дидактикалық әдістері мен үйренушіге деген ықыласын айғақтайды.
Дж.Дьюи дәстүрлі мектептің кемшіліктері ретінде «ересектердің қазіргі кезде тек өсіп-жетіліп келе жатқан балалар үшін құрастырған, жоғарғы жақтан және сырттан күштеп берілетін пән мазмұндарының стандарттары мен әдістерін» атайды да, бұл ойын әрі қарай былай деп жалғастырады: «Ұрпақтар арасының алшақтығы орасан үлкен болғандықтан, оқудың бекітілген мазмұны, әдістері және тәртібі балалардың мүдделеріне тіпті де сәйкес келмей, оларға таныс тәжірибенің аумағынан тыс шығып кетеді» (Дж.Дьюи, 328). Сол себепті де ересектердің бекіткен мұндай талаптары жүзеге күшпен асырылады, бұған қоса оқушылар педагогикалық процеске терезесі тең түрде қатыса алмайды, өйткені бұл жоспарлар олардан тек «орындау мен жаттауды» ғана талап етеді: «Мұндай жағдайда оқу дегеніңіз кітаптар мен жасы үлкендердің басында орналасқан нәрселерді иемдену. Бұған қоса оқытылып жатқан мазмұн толық аяқталған деп қарастырылады» (Дж.Дьюи, 328).

Сонымен репродуктивтік білім біреудің тасымалдаған (берген) ақпаратын бәлсенді (пассив), ырықсыз түрде қабылдау дегенді білдіреді. Мұндай білім үйренушілердің мұқтаждары мен мүдделерін ескермейді, олардың бұрынғы білімдерімен байланыс орнатпайды. Үйренушілер бұл білімді сіңіргенде ешқандай ізденуші немесе зерттеу жұмыстарын атқармайды, оның қажеттілігі туралы ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана есте сақтауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің қажеттілігі шамалы болады, өйткені үйренушілер оларды өз өмірінде қалайша қолданатындығын білмейді. Репродуктивтік білім оқушының тұлғасына бағытталмай, оқу жоспарларын оқытудың негізі деп түсінетіндіктен, оны «бағдарламацентристік» оқыту деп атауға тұрарлық.

Құрастырылған (конструктивтік) білім іздену, тану және ой-толғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекеттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды «игеру» сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекеттер арқылы зерттейді.

Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруымен байланысты, яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері, көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Ал мұның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану арқылы құрастырады, «жасайды». Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды.

Құрастырылған білім ұзақ уақыт есте сақталып, өмірде кең қолданыс табады, өйткені олардың мазмұны үйренушілердің өз мүдделері мен қызығушылығынан туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет