1. Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы )


ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ



бет4/6
Дата04.06.2020
өлшемі37,65 Kb.
#72312
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МОӘ дайындық1

3. ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.[1.87б]

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:

· Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

· Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

· Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

· Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.

Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.

Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды,егер жоба басынан нәтижелі болып,әріптестерін қызықтыра алса,онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады.Басқаша айтқанда,мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді.Сол себепті әріптестерді қызықтырып,оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.[1.88б]

Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Қазіргі сабақтардың басты ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу атмосферасын орнату ,оқушыларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып табылады. Сондықтанда ұстаз күш-жігерін оқушылардың өздігінен білім алуына,танымдық әрекеттерін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсауы керек.

Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес.Мұғалім ретінде,біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.Бірақ тәжірибе көрсеткендей,жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып,адамдарға әсер етуге болады.Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.[1.87б]

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.

Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту..

Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.

Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жек де,ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін.Ұстаздардың жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.

Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес,сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі.Білімнің бұл негіздері-зерттеулерге негізделген білім емес,бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс – әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру- адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы;жалпы алғанда,тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды.[1.89б]

"Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. "Сібір кенінен” алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп- ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз”- деп А.Владимиров айтқандай мұғалім өзінің көшбасшылығы арқасында әрбір оқушының таланты мен дарындылығын ашу арқылы бәсекеге қабілетті ,еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы, сенімді,сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған , сандық технологияларда құзырлылық танытатын, өзіндік мені қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру қажет.

Менің түсінгенім мұғалім көшбасшы болу үшін оқу үдерісін тиімді жоспарап,жаңа формация мұғаліміне айналу керек.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық . «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012

2. Интернет ресурс

3. М.Жанпейісова « Модульдік оқыту технологиясы.» Алматы 2002

4. С.Мирсеитова « Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары

мен әдістері.» Қарағанды 2011

5.Ә.Бейсенова. «Материктер мен мұхиттар географиясына арналған әдістемелік

құрал.»


4. Эмпирикалық зерттеу әдістері дегеніміз не, бұл топқа қандай әдістер жататындығын көрсетіп, олардың ерекшеліктерін сипаттау.

Жоспары:


1. Бақылау әдісі.

2. Педагогикалық эксперимент.

3. Сұрақ – жауап әдістері.

4. Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу.

5. Педагогикалық құжаттарды зерттеу.
1. Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.

1.Бақылап зерттеу – заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.

Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды.түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады.Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:

— тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;

— жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

— жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.

— Үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыныcабатағы,ойындағы,сыныптан тыс,мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;

— Дискретті бақылап-зерттеу обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады.Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл.бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

— Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде қолданылады;

— Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;

— Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.

Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапылық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі бақылап-зерттеу негізін құрайды.Өлшем – зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі.Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жолашып, теориялық болжамдардыңэксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысыныңтіркелгенжағдайларында зерттеуше бағытталған.Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады.Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылстар мен деректерді «таза» күйінде зерттеуге мүмкіндік береді.

Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан да эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады.Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу обьектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастыратын түрі – зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталған.Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеру, ол бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін.Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі – зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапашегуімүмкін.Бұлқоғамның құқықтық және адамгершілік қалпыларыныңбұзылуы.

Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.

3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің обьективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.

«Түсінік» ұғымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшелігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ белгіленеді.Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелегендер жоғалып кетпесін, өйткені олар жоқ болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.

Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:

а) Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог,оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орыналады.Әңгіме-сұқбат алдын ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды, бұлар көбінесе әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін.

Әңгіме-сұқбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі.Олардың білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады.

ә)Сұқбат-әңгіме-сұқбаттың бір түрі.Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу обьектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірімен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады.Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді.Зерттеушінің міндеті зерттеу обьектісінің әңгімесін қолдау.Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді.Сұқбаттың мақсаты – зерттеу обьектісінің педагогикалық жағдайға деген көзқарасын қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу.Зерттеуші күрделі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап обьектісімен терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеруі қажет.Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуынң заңдылықтарын қорытындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.

Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет.Талдау барысында сұрақ-жауап алынған адамның іс-әрекеті обьектісінің шынайы сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды, оларды жеңудің тәсілдерін анықтау қажет.

б)Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының катологикалық құрылысы.Анкета құрастырушы ұсынған алдын ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады.Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашықсұрақтар деп аталады.Жабық сұрақтарға қарағанда ашықсұрақтарғастатистикалық талдау жасауқиынырақ.

Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

4.Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі болып табылады.Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.

5.Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-пеадгогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар текссеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуынң генезисі,ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшелікктері зерттеледі.

Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктер мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бірі.Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу олардың жазбаша, графикалық және де басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және басқа уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.

Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне,ынта-талаптарына,мақсат-мүдделеріне,бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педгогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен таңысу сынып журналдарымен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу – танымдық қызметінің даму деңгейімен ақыл – ой іс — әрекеттерінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі, деңгейімен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму теңденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу — әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің ,лицейлердің, колледждердің оқу – тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компонеттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең мағызды негіздері болып табылады. Мектеп іс- әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің эмтихандардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс- әрекетінің шыңайлығын анықтауға, себеп салдардық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.

Мәліметтермен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің концептуалды сорабын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс алғашқы эмперикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу – белгілі бір мәселені шешудің ақыл – ой, концептуалды жекелік және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардын теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрсатырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға еңгізуге болады.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

1. Эпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.

2. Бақылау әдісінің ерекшеліктері.

3. Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?

4. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?

5. Сұхбатқа қойылатын талаптар?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.

3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004.

4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет