47.Қазақ халқының мәдени-этникалық жадысын сақтаудағы мұражайлардың
рөлі.
Мұражай музей ( гр.тіліндеmuza- сарай)- тарихи ғылыми ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық, рухани құндылықтарды танытуда ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім тәрбие беруде маңызды роль атқарады. Мұражай- ғылымның, білімнің, мәдениеттің, қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме. Мұражай бағалы бұйымдармен заттар мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Еуропада тарихи мұражайлар 16-18 ғ- да п.б. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана сезімді оятуға, мәдени- саяси идеяны насихаттауға көмектесті. 1820 ж.Германияда өнер мұражай-ы құрылды.1811 ж. Керчте археологиялық бағыттағы және әскери- тарихи мұражай құрылды. 19 ғ.да этнографиялық мұражайлар құрылып олар ғылыми зерттеулер орталығына айналды. Олар: Будапеште, Стопгольмде 1874, Парижде халық танулар мұражайы 1874, Ротердамда 1883 ж. Осындай көптеген елдерде мұражайлар ашылды. Қазақ даласы толған көне ескерткіш деуге болады. Осы ескерткіштерді қоғам өмірін зерделеуде, оның бүгіні мен болашағын айқындауда мұражай қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Мұражай қорындағы әрбір жәдігер, әрбір мүлік өз заманының тыныс-тіршілігін білдіреді.Кеңестік кезеңде мыңдаған жылдар ағымында ғұмыр кешкен ата-баба дәстүрін жат деп қарап, рухани тапшылыққа ұшыраған кездерді бастан кештік.Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізген тұста, төл тарихымызға шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік туды. Бұл жерде жергілікті өлкетану мұражайларының көтеретін жүгі жеңіл емес. Сондықтан мұражай жұмысының жергілікті деңгейде сауатты ұйымдастырылуы өте маңызды іс. Өйткені мұражай – көнеден қалған жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, тарихымызды танытатын мәдениет ошағы.«Бар жаңалық негізі - ескіріп қалған көнеде» - дейді халық даналығы. Ал, мұражай мен тарих етене тығыз байланысты. Біз ел боламыз, өркендейміз десек, көне мұралардан қол үзбеуіміз керек. Сондықтан алдағы мақсат Ұлы дала мәдениетін жас ұрпаққа жеткізу, ұлттық сана-сезімін, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ал, бүгінгі мұражай қорында қастерлене сақталып, халықтың дүниетанымы мен төлтума мәдениеті жөнінде сыр шертетін жәдігерлер келер ұрпақтың да сан ғасырлық кәдесіне жарап, келешекте Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерін әлемдік деңгейде танытуға алғышарттар жасайтыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |