36. . Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ой-пікірлер. Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар. Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы.ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші. Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды.
37. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны.Оку пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау ең алдымен оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым ПӘНІНІҢ бөлінуі, оның негізгі өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас ғылыми-методологиялық негізге ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Ғьлым пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады. Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, калыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғьлыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі болып табылады. Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-өрекеттерінің тарихы қарастырылады.