1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары


Көкшетау облыстық кәсіптік одақтар Кеңестерінің аудандық кәсіптік одақтар Кеңестері



бет13/18
Дата08.09.2017
өлшемі3,04 Mb.
#30374
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Көкшетау облыстық кәсіптік одақтар Кеңестерінің аудандық кәсіптік одақтар Кеңестері
Қор 423, 146 сақт. бірл., 1973-1976 жылдары
1973-1974 жылдары құрылған.

Аудандар жерлерінде кәсіподақ ұйымдарының жұмысын басқарған.
Аудандық одақаралық конференцияларына, пленумдар-ға, аудандық кәсіптік одақтар кеңесі президиумының отырыс-тарына хаттамалар.

Қызылту аудандық кәсіподақ кеңесінің шығындар смета-лары, штаттық кестелер.

Щучье аудандық кәсіподақ кеңесінің жұмысы туралы, кәсіподақ киножүйелері, ауданда жаңа техниканы мен рацио-нализаторлық ұсыныстарды енгізу бойынша жұмыс жағдайы туралы анықтамалары, баяндама хаттары, ақпараттары, шығын-дар сметалары, штаттық кестелер, статистикалық есептер.

Еңбекшілдер аудандық кәсіподақ кеңесінің шығындар сметалары, штаттық кестелер, қаржылық есептер.



17. ЖЕКЕ ШЫҒУ ТЕКТІК ҚОРЛАР
17.1. Жеке қорлар
Акбердин Р. Х.
Қор 219, 45 сақт. бірл., 1922,1936,1950-1956,1961-2003 жылда-ры
Акбердин Рауф Хафизович (туғ. 12.03.1929) – бұқаралық ақпарат құралдардың қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен (1981), медальдармен марапатталған (1957,1958,1967,1970, 1982,1989), Щучье педагогикалық училищесінің оқытушысы, Қызыл Жар орта мектебінің директоры (1952-1958), «За ком-мунизм» Көкшетау аудандық газетінің редакторы (1958-1964), «Степной маяк» облыстық газеті редакторының орынбасары, редакторы (1964-1991), Ақмола облыстық Соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің хатшысы.
Р. Х. Акбердиннің өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар - автобиография, КОКП мүшесінің есептеу кәртішкесі, анықтама-объективкасы (1973, 1991,2003), куәліктер, Р. Х. Ак-бердинді комсомол, партиялық конференциялардың, КСРО және Қазақстан журналистер Одағы съездерінің және т. б. делегаты болып сайланғаны туралы мандаттар (1950-1951, 1982), қызметтік куәліктер (1963,1980, 1996), өткізу билеттер (1964,1989), облыстық және қалалық партия комитеттерінің мүшесі, облыстық және қалалық еңбекші депутаттар, халық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланғаны туралы, т. б. куәліктер (1965-1978,1987,1988), шақыру билеттер (1967,1983-1984), сәлемдесу адрестер және алғыс хаттар (1979,1984,1989, 1996-2000), облыстық атқару комитеттің грамотасымен мара-паттау туралы шешім (1991), «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағын беру бойынша жиналыс хаттамасы, ұсыныстар (2000, 2001).

Р. Х. Акбердиннің шығармашылық қызметінің құжат-тары: «Кокчетав» монографиясы (1974), мақалалар, соғыс және еңбек ардагерлері, еңбек сіңірген адамдар туралы жазбалар (1994-1995,1999,2001-2003), «Войной опаленные» кітабынан «Через две войны» очеркі (1995), әкесі туралы (1998), татар диаспоры (1999,2001), «Степной маяк» газетінің тарихы бойын-ша (2000) мақалалар.

Р. Х. Акбердинге хаттар: А. И. Кацтың (1996,1998).

Р. Х. Акбердин туралы құжаттар: мақалалар (1974,1997, 1999,2000), «Степной маяк» газетінің мүшелтой даталарына байланысты шыққан жазбалар, брошюра және буклет (1995, 2000).

Фото Р. Х. Акбердиннің Қазақстан Компартиясының ОК, Қазақ КСР Үкіметінің, Көкшетау облысының басшылығымен, съездердің, конференциялардың қатысушыларымен, әріптесте-рімен, ардагерлермен, ғалымдармен, әртістермен, отбасы мүше-лерімен бірге түскен фотосуреттері (1922, 1936,1956,1965-1968, 1973,1979-1988,1994).

Қазақ, орыс тілдері.


Асайынов М. М.
Қор 429, 23 сақт. бірл., 1963-2001 жылдары
Асайынов Мұса Мырзагұлұлы (1929-08.01.1976) – ақын-импровизатор, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1974), Солтүстік Қазақстан концерттік-эстрадалық бюросы-ның солисі (1946-1951), «Көкшетау правдасы» облыстық газе-тінің әдебиет қызметкері (1951-1953), Көкшетау облысы Володар ауданының Өскен селосындағы клубтың меңгерушісі (1953-1962), В. И. Ленин ат. Көкшетау Мәденит Сарайындағы Қазақ әуесқой ұжымының көркем басшысы (1964-1975).

М. М. Асайыновтың шығармашылық қызметінің құжат-тары: «Жүрегімнің жұлдызы» шығармалар жинағы (1999), М. М. Асайыновтың шығармаларын автордың орындауындағы жазуымен компакт-дискісі (1999), айтыстардан үзінділер.

М. М. Асайыновтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – марапаттау қағазы, мінездеме, ұсыныстар, жазбалар, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері құрметті атағын беру туралы» Жарлығы (1973-1974).

М. М. Асайынов туралы құжаттар: мақалалар, жазбалар (1963-1994), мәдениет ардагерлерінің естеліктері 2001), «Асқақ әнші, ақтангер ақын» атты ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы лекция (1999), М. М. Асайыновтың 70 жылдығына ар-налған облыстық радиодағы бағдарламаның мәтіні (1999), некролог (1976).

М. М. Асайыновтың облыстық ақындар айтысының қа-тысушыларымен бірге түскен фотосуреттер альбомы (1967).

Қазақ, орыс тілдері.


Әбілқасымов М.
Қор 432, 19 сақт. бірл., 1942-2001 жылдары
Әбілқасымов Мағзи (29.12.1927-16.08.2001) – Көкшетау прибор жасау зауытының жұмысшысы, III дәрежедегі Еңбек Даңқы орденімен (1975), «Прибор жасау Министрлігінің үздігі» белгісімен (1967), медальдармен (1945, 1956, 1970-1995) мара-патталған, электромонтер, басқару қалқанында бас кезекші, алмастыру шебері, Көкшетау прибор жасау зауытындағы бу-дан күш цехінің бас шебері (1943-1983), Көкшетау қаласының алғашқы Құрметті азаматы (1974).
М. Әбілқасымовтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиографиялар (1984, 2001), мінездеме (1974), ФЗО мектебін бітіргені туралы аттестат (1943), куәліктер, мандаттар, өткізу билеттері, тойларға шақыру билеттері (1953-2000), ма-дақтау және құрмет грамоталары (1942,1960,1977,1987), сәлем-десу адресаттар, құттықтау открыткалар (1977,1982,1996,2000), үкімет наградалардың тізімі (1998); еңбек және қоғамдық қыз-мет құжаттары – шешімдер, қалалық атқару комитетінің «Көк-шетау қаласының Құрметті азаматы» атағын беруі туралы (1974), адал еңбек үшін алғыс білдіру туралы бұйрықтар (1982, 1987), куәліктер: құрметті азаматтың, коммунистік еңбектің озаты, рационалды ұсыныстарды енгізу туралы (1970-1981); салтанатты жиындарда сөз айтудың мәтіндері (1980-1986), «Не числом, а уменьем» атты М. Әбілқасымовтың озат тәжіри-бесі туралы буклет (1978).

М. Әбілқасымовқа некролог (2001).

М. Әбілқасымовтың фотосуреттері, жеке және 26-ншы қалалық партконференцияның қатысушыларымен, соғыс арда-герлерімен, № 13 мектеп оқушыларымен бірге түскен, комму-нистік сенбіде (1972-1993).

Қазақ, орыс тілдері.


Әуелбеков Е. Н.
Қор 447, 100 сақт. бірл., 1963-2000 жылдары
Әуелбеков Еркін Нұржанұлы (22.06.1930-29.01.1999) – мемлекеттік және қоғамдық қызметкер, Социалистік Еңбек Ері (1973), Еңбекші Қызыл Туы (1957,1966), Ленин (1971,1972, 1973), Қазан Революциясы (1976) ордендерімен, медальдармен марапатталған, бас агроном, Солтүстік Қазақстан облысын-дағы «Марьевский» совхозының, МТС директоры (1953-1961), Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасы-ның бірінші орынбасары (1961-1965), Қазақ КСР ауыл шаруа-шылығы министрінің бірінші орынбасары, нан тағамдары мен комбинат азығы өндірісінің министрі (1965-1968), Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Көкшетау, Тұрғай, Қызыл Орда облыстық партия комитет-терінің бірінші хатшысы (1963-1964,1968-1989), КСРО Жо-ғарғы Кеңесінің ұлттар ісі бойынша комиссиясы төрағасының орынбасары (1989-1991), ҚР Президентінің кеңесшісі (1991-1992), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (1998).
Е. Н. Әуелбековтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – жеке парақ (1968), мінездеме (1976), анықтамалар-объек-тивкалар, куәліктер (1963-1991), салтанатты мереке отырыс-тарға шақырулар (1970-1977); қызметтік және қоғамдық қыз-меттің құжаттары: облыстық партия комитеті пленумының бірінші хатшы болып сайланғаны және лауазымнан босатылуы туралы қаулылардан үзінділер (1968,1978), КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Ленин және Қазан Революциясы ордендерімен марапаттауы туралы (1971,1977), Социалистік Еңбек Ері атағын беруі туралы (1973) Жарлықтар, марапаттау қағазы (1976), қалалық мәслихаттың «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағын беруі туралы шешімі (1998), Кеңес Одағы және КСР Одағы Жоғарғы Кеңесінің ұлттар Кеңесі депутатына кандидаттың сайлау алдындағы плакаттар (1970, 1974), Қазақстан Компартиясы съездерінде, облыстық комитет бюросы пленумдарында, еңбекші депутаттар Кеңесінің конфе-ренцияларында, сессияларында, мәжілістерде, жиналыстарда, кездесулерде және т. б. баяндамалар, сөз айтуда мәтіндер, те-зистер, сөз айтуда шимай жазбалар (1968-1977), сайлаушылар-дың тапсырмалары, оларды орындағаны туралы ақпарат, сай-лаушылар алдында есеп (1968-1975).

Е. Н. Әуелбековтың хаттары: А. Н. Ешмұхамбетовқа, Ш. Қалдаяқовқа, С. Ф. Матюшке, облыстың комсомолдарына, түлектер - бір курста оқығандарына құттықтау телеграммасы (1968-1977).

Е. Н. Әуелбековқа хаттар: А. Ахметжановтың, Ш. Уәли-хановтың, Г. Виноградовтың, А. Марғұланның, Н. Подгорный-дың, И. Салаховтың және т. б. (1968-1977).

Е. Н. Әуелбеков туралы құжаттар: мақалалар мен жазба-лар (1999, 2000), «Туған жер перзенті. Сын земли» атты Е. Н. Әуелбековтың өмірі мен қызметі туралы естеліктер кітабы (2000), некролог, қалалық мәслихаттың көшені Е. Н. Әуелбе-ковтың атымен атау мен мемориалды тақтаны орнату туралы шешім (1999).

Е. Н. Әуелбековтың Т. Б. Боқановпен, В. Ф. Жигаловпен, Д. А. Қонаевпен, В. И. Моисеенкомен, В. Н. Огородниковпен, КОКП XXV съезінің делегаттарымен бірге түскен фотосурет-тер.

Е. Н. Әуелбековтың жерлеуі, мемориалды тақтаны ашуға байланысты митинг кезінде түсірілген фотосуреттер (1970-1977,1992,1999).

Қазақ, орыс тілдері.
Бабич Л. Д.
Қор 446, 49 сақт бірл., 1942-2005 жылдары
Бабич Лидия Дмитриевна (туғ. 19.06.1929) – халыққа бі-лім беру қызметкері, медальдармен марапатталған (1952, 1970,1984), халық ағарту ісінің үздігі (1968), Көкшетау қаласы-ның мектептеріндегі мұғалім (1949-1953, 1957-1962), оқу мең-герушісі (1955-1957, 1962-1964), директор (1964-1983) Көкше-тау облыстық комсомол комитетінің хатшысы (1953-1955).
Л. Д. Бабичтің өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – автобиография (2004), мінездемелер (1953,1970,1975,1988, 1995), есейгеннің аттестаты (1946), К. Д. Ушинский ат. Петро-павл мемлекеттік мұғалімдер институтының және Магнито-горск мемлекеттік педагогикалық институттың дипломдары қо-сымшаларымен қоса (1949,1953), комсомол, партиялық билет-тері (1948,1974), еңбек кітапшасы (1946), куәліктер (1951-1970, 1984, 2001), мандаттар (1955), қонақ билеттері, өткізу билеттері (1954,1977), Мадақтау, құрмет грамоталары (1942-1997), сәлем-десу адрестер (1975-1990), мереке және мерейтой оқиғаларға құттықтау открыткалар (1971-1984,1999-2005); қызметтік және педагогикалық қызметтің құжаттары – лауазымдарға тағайын-далғаны туралы қаулылар, бұйрықтар (1949-1963), жұмыс фак-тісін растау туралы анықтамалар (1955, 1956), мамандылығын көтергені туралы куәлік, анықтама (1946,1954, 1977), баяндама-лар: мектептің педагогикалық кеңесінде, мұғалімдердің және комсомол съездерінде, салтанатты жалпымектептік линейкалар-да және түлектер кештерінде (1953,1954, 1967-1984), жастарды атеистік тәрбиелеу мәселелері бойынша лекциялар (1965-1977), мақалалар: «Повышать роль школьных комсомольских орга-низаций (1953), «Наступать и наступать» (1963), «По учебнику жизни» (1979), «Убеждать – на научной основе» (1981) және т. б. (1954, 1955, 2005), өмірі мен еңбегі туралы естеліктер (2005).

Л. Д. Бабичке хаттар: Т. Ф. Базовкинаның, М. В. Перчен-коның (1953,1970).

Л. Д. Бабич туралы құжаттар: Л. Д. Бабичтің баяндама-ларына педагогикалық ғылымдар ҒЗИ мен Қазақ педагогика-лық институттың рецензиялары (1975, 1977), мақалалар мен жазбалар (1954-1970), Э. Б. Вавровскаяның, Н. С. Малининаның естеліктері, оқушылардың пікірлері (1975,1976,2005).

Л. Д. Бабичтің фотосуреттері, жеке және кластастары-мен, курстастарымен, оқытушылармен, туыстарымен, съезд де-легаттарымен, Ұлы Отан соғысы қатысушыларымен және т. б. бірге түскен (1945-1988, 2004).

Л. Д. Бабич ұйымдастырған әдебиет тобы мүшелерінің фотосуреттерімен, өлеңдерімен және шығармаларымен альбом (1961).

Байкен Ө. Б.
Қор 462, 27 сақт. бірл., 1957-2006 жылдары
Байкен Өмірбек Байкенұлы (туғ. 24.09.1934) – денсаулық сақтау қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігер (1973), Еңбек Қызыл Туу орденімен (1966), медальмен (1970) марапат-талған, денсаулық сақтау үздігі (1970), хирург, Көкшетау, Ақмола облыстық онкодиспансерінің бас дәрігері, онколог-консультанты (1959-2007), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001).
Ө. Б. Байкеннің өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – автобиографиялар (1999, 2001), биография (2004), жеке парақ (2003), еңбек кітапшасы (1957), Қарағанды мемлекеттік медици-налық институтын бітіргені туралы диплом (1958), мамандығын көтергені, жоғары дәрежесін алғаны, еңбек сіңірген дәрігер және Көкшетау қаласының Құрметті азаматы атақтарын алғаны туралы куәліктер (1973,1974,2000,2001), құрмет грамотасы (1991); медициналық қызметтің құжаттары – Ө. Б. Байкеннің «Дәрігер дәптерінен» (естеліктер)» кітабы (2006), жарияланған ғылыми мақалалардың тізімі (2006), мақалалар (1967-1972, 1989-2000), лекциялар (1987), ғылыми-тәжірибелік конферен-цияларда баяндамалар (1992, 1998), республикалық онкологтар съезінде сөз айтуда мәтіні (1988), Ө. Б. Байкен енгізген емдеу-дің жаңа әдісінің баяндамасы (1971), ерекше жағдайлардағы пациенттердің рентген снимкалары (1979-2002).

Ө. Б. Байкен туралы мақалалар мен жазбалар (1992-2002).

Ө. Б. Байкеннің фотосуреттері, жеке және республика-лық конференциялардың, мәжілістердің, мамандығын көтеру курстардың және т. б. қатысушыларымен бірге түскен (1968-2002).

Көкшетау облыстық онкодиспансерінің қызметін бейне-леуіндегі фотоальбом (1998).

Қазақ, орыс тілдері.
Байтенова Г. Е.
Қор 180, 32 сақт. бірл., 1982,1989-1990,1992-2000 жылдары
Байтенова Гүлсім Ерқанқызы (туғ. 11.06.1960) – білім берудің қызметкері, өнертанудың кандидаты (1992), Қазақ-стан композиторлары Одағының мүшесі, Монғолиядағы қазақ-тану ғылыми-зерттеу орталығының мүшесі (1995), этномузы-катанушы, фольклорист, Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемле-кеттік университетінің педагогика және психология, филосо-фия кафедраларының бас оқытушысы, мәдениеттанудың оқытушысы (1997 – 2000).
Г. Е. Байтенованың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – жеке іс (1997-1999), Пекинде өткен төртінші Дүниежүзілік әйелдер форумына қатысушының куәлігі (1995), «Цветы на пе-пелище» музыкалық естелік-кітабының презентациясына шақыру (1995), Қазақстан композиторлары Кезексіз съезінің делегатының мандаты (1998), «1999 жылдың Әйелі» грамотасы (1999), «Арашық» медалі (1999), «Шығыс халқының музыка мәдениетінің өзекті проблемалары» Жалпыодақтық ғылыми-теориялық конференцияның, «Түрік халқының музыкасы» бі-рінші Халықаралық Симпозиумының қорқұрушының қатысуы-мен (1989,1994).

Шығармашылық қызметтің құжаттары: «Біржан-сал» ән-нің ноттық қолжазбасы (1982), грампластинка (1990), қазақ дәс-түрлі әндердің (1990), Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылған әндер-хаттардың (1995), қанатты сөздер (1996) жинақтары, «Еуразиядағы этномәдениет» арнайы курс бойынша әдістемелік бағдарлама (1998).

Г. Е. Байтеноваға хаттар: А. Паюктың, Ш. Ысқақованың, С. Қалиқованың (1996,1999).

Г. Е. Байтенова туралы құжаттар: У. Махамбетованың өлеңі (1992), мақалалар (1993), қорқұрушының шығармашылық қызметіне арналған баспалар (1993-2000).

Г. Е. Байтенованың фотосуреттері, жеке және мәдениет колледжінің оқушыларымен, отбасы мүшелерімен бірге түскен. (1990,1995, 2000).

Г. Е. Байтенованың Монғолияда, Турцияда болғаны, «Бабье царство» телешоуда қатысқаны, авторлық кеш туралы сюжеттермен, А. З. Темірбековамен, С. Темірбековамен кезде-сулерімен видеокассета (1994,2000).

Қазақ, орыс тілдері.
Боговицкий В. М.

Қор 269, 103 сақт. бірл., 1935-1981 жылдары, бөлек құжаттар -1890 жылдан


Боговицкий Вениамин Михайлович (31.03.1907-23.06. 1981) – жазушы, партия және совет қызметкері, Ленин орденімен (1957), медальдармен (1945, 1956-1978) марапатталған, Лето-вочная МТС директоры (1946-1949), Арықбалық аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Көкшетау облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі (1949-1954), Щучье ауданы ат-қару комитетінің төрағасы (1954-1957), Қазақстан жазушы-лары Одағының мүшесі (1966), Ұлы Отан соғысының қатысу-шысы.
В. М. Боговицкийдің шығармашылық қызметінің құжат-тары: «История современника» повесі (1953), «Как надо ловить рыбу» былі (1964); лекциялар, сөз айтулары: «Боровое – жем-чужина Казахстана», «Дружба народов в художественной лите-ратуре», «35 лет Победы», Ғ. Мүсіреповпен кездесуінде, Л. И. Брежневтің «Малая земля» кітабы туралы (1961, 1977-1978); мақалалар: «Мои творческие планы» (1962), «Через трид-цать три года» (1978), «Встреча ветеранов войны» (1979), «А еще был случай» (1979), «На высоком уровне» (1980); күнделік-тер, очерктердің, өлеңдердің, жазбалардың жоспарларымен жазба кітапшалары (1935-1980); подхорунжий И. Н. Колес-никовтың күнделігінің көшірмесі (1890-1896).

В. М. Боговицкийдің А. Алдан-Семеновқа және Черни-гов қаласының қызыл ізшілеріне хаттар (1978-1979).

В. М. Боговицкийге хаттар: А. Алдан-Семеновтың, Н. Ановтың, В. Борсуктың, И. Варшавскийдің, М. Зверевтің, И. Колывановтың, Г. Комаровтың, М. Копытовтың, баласы Владимирдің (1963-1981).

В. М. Боговицкийге А. Алдан-Семеновтың, Н. Ановтың, А. Брагиннің, Н. Верховскийдің, З. Двойристің, А. Дубицкий-дің, М. Зверевтің және т. б. кітаптарының титулді парақтарын-дағы сый ету жазбалары (1957-1979).

В. М. Боговицкийдің өмірбаянына құжаттар: жеке құ-жаттар - автобиографиялар (1967, 1980), жеке парақтар (1950, 1954), еңбек кітапшасы (1949-1957), Қазақстан жазушылар Ода-ғына кіру үшін кепілдемелер (1966), куәліктер, шақырулар, сәлемдесу адрестер, құрмет грамоталары (1963-1981), марапат-тау белгілерге және медальдарға куәліктер (1939, 1945, 1956-1978).

В. М. Боговицкий туралы құжаттар: мақалалар мен жаз-балар (1939, 1957-1979).

В. М. Боговицкийдің фотосуреттері: жеке және А. Ал-дан-Семеновпен, Изъяслав кавалериялық мектебінің курсант-тарымен, оқырмандармен, өзбек жазушыларымен, Қазақстан-ның ғалымдарымен, Ленинградтан жастар делегациясымен, таныстарымен, туыстарымен бірге түскен (1943-1946,1956-1975). В. М. Боговицкийге сый ету жазбаларымен фотобейне-лер: А. Алдан-Семеновтың (1972), Н. Александровтың (1981). В. М. Боговицкийдің туыстарының фотосуреттері.


Боярский Е. И.

Қор 443, 42 сақт. бірл., 1954-2004 жылдары


Боярский Евгений Иванович (туғ. 13.10.1929) – халыққа білім беру қызметкері, доцент, филология ғылымдарының канн-дидаты, Еңбек Қызыл Туу орденімен (1986), медальдармен (1970, 1992) марапатталған, Қазақ КСР (1976), КСРО (1979) ағарту ісінің үздігі, Шортанды орта мектебінің мұғалімі (1949-1951), Гурьев педагогикалық институтындағы орыс тілі мен әдебиет кафедрасының бас оқытушысы (1954-1960), «Қазақстан Ұстазы» газетінің әдебиет қызметкері, ғылым мен мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1964-1967), Өскемен педа-гогикалық институтының оқу жұмысы бойынша проректоры (1967-1971), Көкшетау педагогикалық институттың ректоры (1971-1990), әдебиет кафедрасының меңгерушісі.
Е. И. Боярскийдің өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – мінездемелер, анықтама-объективка, С. М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетін бітіргені туралы диплом (1954), филологиялық ғылымдар кандидатының дипломы (1967), доцент ғалымдық атағын бекітілгені туралы аттестат (1969), куәліктер: «Қазақстан Ұстазы» газетіндегі маманданған корреспондентінің, Өскемен, Көкшетау қалалық еңбекші депутаттар Кеңестері депутатының, пединститут ректорының, Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитеті мүшесі-нің және т. б. (1966-1986), ордендік кітапша және медальдарға, белгілерге куәліктер (1970-1992), құрмет грамоталары, сәлем-десу адрестер (1979-1999), үкіметтік телеграммалар және Е. И. Боярскийдің мүшел-тойына құттықтаулар (1979-1999), жоғарғы оқу орындардың қызметкерлерінің Жалпыодақтық мәжілістерге шақырулар (1973-1983); педагогикалық және қоғамдық қызметтің құжаттары – Көкшетау пединституттың ректоры болып тағайындау туралы бұйрық (1971), журналдарда және ғылыми жинақтарда жарияланған Е. И. Боярскийдің негіз-гі жұмыстарының тізімі (2003), мақалалар (1972,1974,1998), ЖОО ректорларының семинарларында, облыстық партия коми-тетінің пленумдарында, партиялық жиналыстарда, мұғалімдерді жетілдіру институтында сөз айтудағы мәтіндер (1976-1987), орыс тілін оқытуды жетілдіру шаралары мен меңгеру жағдайы туралы, аудиторлық қор және пединститутта бөлмелермен жабдықтауы туралы анықтамалар (1981, 1984).

Е. И. Боярскийдің ғылыми қызметінің құжаттары: «Роман-эпопея в советской исторической прозе 30-40 годов» диссертациясының авторефераты (1966), «Жанр исторического романа» рефераты (1979), ғылыми мақалалар (1958-1965, 1978), ғылыми-тәжірибелік конференцияларында баяндамалар, сөз айтудағы мәтіндер (1969, 1975,1990-1996), Е. И. Боярский әзір-леген арнайы курстардың бағдарламалары.

Е. И. Боярскийдің Көкшетау облыстық партия комитеті-не хаты (1983).

Е. И. Боярскийге хаттар: Е. В. Куйбышеваның, К. Седых-тың (1954, 1973).

Е. И. Боярский туралы құжаттар: мақалалар мен жазба-лар (1984, 2002, 2004).

Е. И. Боярскийдің мерекелік демонстрацияларға, жоғар-ғы оқу орындар қызметкерлерінің мәжілістеріне қатысқандары-мен, партиялық конференциялардың делегаттарымен, студент-термен, отбасымен бірге түскен және т. б. фотосуреттер (1959, 1973-1994).

Е. И. Боярскийдің әйелінің және баласының құжаттары: ғылыми дәрежелерді бірлесе ізденулерге авторефераттар (1979, 1987).

Қазақ, орыс тілдері.


Бретман А. Я.
Қор 301, 22 сақт. бірл., 1939-1989 жылдары
Бретман Александр Яковлевич (туғ. 09.07.1918) – ақын, халыққа білім берудің қызметкері, мұғалім, Көкшетау облысы Рузаевка орта мектебінің директоры (1946-1980), Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
А. Я. Бретманның шығармашылық қызметінің құжат-тары. өлеңдердің қолжазбалары (1957-1971); өлеңдер жинақта-ры: «В добрый путь» (1967), «Во мне живет надежда» (1972), «Новый день» (1973), «Я сын России» (1981), «Зарница» (1982), «Космическая мечта» (1989).

А. Я. Бретманға хаттар: КСРО жазушылар Одағы Басқар-масының (1967), «Нойес Лебен» (1982-1988), «Фройндшафт» (1987, 1988) газет редакциялары.

А. Я. Бретманның өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиография (1971), жеке парақ (1971), дипломның көшірмесі (1939); құрмет грамоталары (1969-1984).

А. Я. Бретман туралы мақалалар - «И физик, и лирик», «Интересная встреча», «Мы – интернационалисты» (1987, 1988).

Неміс, орыс тілдері.
Булычева Г. М.
Қор 90, 36 сақт. бірл., 1939, 1947, 1950, 1953-1958, 1960, 1962-1968, 1970-1973, 1975, 1977, 1979-2010 жылдары
Булычева Галина Михайловна (туғ. 20.03.1947) – қала мектептеріндегі, мәдениет үйлеріндегі би ұжымдарының жетекшісі, «Улыбка» үлгілік балалар би ансамблінің тұрақты жетекшісі (27 жыл), «Истоки» славяндық мәдени-ағарту қоғамының (СМАҚ) төрағасының орынбасары (1991), «Истоки» СМАҚ төрағасы (2006-), Қазақстан Республикасы халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қажырлы еңбек үшін», «В. И. Лениннің туғанына 100-жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «10 жыл Астана» (1970, 1987, 2002, 2008) медальдарімен; «Көркемөнердегі жетістіктер үшін», «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс үшін», «Мәдениет қайраткері» (1984, 1988, 2009) белгілерімен марапатталған.
Г. М. Булычеваның өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – жеке куәлігін растайтын куәліктер (1947, 1954, 1966, 2004, 2005, 2010); оқу туралы диплом, аттестат, куәліктер (1955, 1957, 1958, 1960, 1983, 1992); біліктілікті арттыру туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесінің, депутаттыққа кандидаты сенімді тұлғаның куәліктері (2007-2008); мінездеме; естеліктер; өлеңдер жинағы (2009); өмірбаян (2010); қызмет және қоғам қызметінің құжаттары – «Ақмола правдасы», «Курс», «Лад», «Любимый город», «Степной маяк» (1984, 1985, 1987, 1991, 1993, 1994, 1998-2010) газеттері беттерінде жарияланған мақалалар; құрмет грамоталары; алғыс хаттар; құттықтау мекенжайы, «Улыбка» үлгілік балалар би ансамбліне, «Юность Синегорья» би тобына табыстаған дипломдар (1985, 1991, 1999, 2001, 2002, 2004, 2007); сценарийлер (2003-2004); іс-шаралар жоспарлары (2006-2008); концерт бағдарламасы (2008); «Улыбка» би ансамбліне мінездеме (2008); атақты растау туралы «Улыбка» би ансамблінің куәлігі (2009); сөз сөйлеу (2010).

Г. М. Булычева туралы мақалалар (2004, 2007, 2009).

Г. М. Булычеваның жеке және әріптестерімен, туыстарымен, таныстарымен, «Улыбка» би ансамблі, «Истоки» МҮ көркемөнер ұжымымен бірге түскен фотосуреттері (1939, 1950, 1953-1954, 1960, 1962-1968, 1970-1989, 1991-1996, 2004-2008).


Каталог: sites -> kokshetau-archive.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
uploads -> АҚмола облысы архивтер мен қҰжаттамалар басқармасының «КӨкшетау қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдык мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет