1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары



бет17/18
Дата08.09.2017
өлшемі3,04 Mb.
#30374
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Умышев Ә. У.
Қор 457, 48 сақт. бірл., 1935-2006 жылдары
Умышев Әбілжан Умышұлы (02.05.1912-09.12.1989) – ауыл шаруашылық, өндірістік өндірістің және кеңес органдар-дың қызметкері, Социалистік Еңбек Ері (1957), Ленин ордені-мен (1957), медальдармен марапатталған, Айыртау ауданы Грачев МТС директоры (1948-1955), Чистополье аудандық еңбекші депутаттар Кеңесінің төрағасы (1955-1961), Володар мұнай базасының директоры (1962-1984).
Ә. У. Умышевтің өмірбаянына құжаттар: жеке құжат- тар – автобиографиялар (1948,1960), жеке парақтар (1948, 1960), мінездемелер (1940-1960), анықтама-объективкалар (1949, 1960, 1961), куәліктер, мандаттар, өткізу билеттері (1955-1969), озаттың кітапшасы (1935), құрмет грамоталары (1935, 1972, 1980), сәлемдесу адрестер және құттықтаулар (1956, 1970-1987), шақырулар (1958-1960, 1971-1989), жазба кітапшасы (1968-1984); қызметтік құжаттары – ұсыныстар, лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы қаулылар, хаттамалардан үзінділер (1937-1961), мамандығын жетілдіруі туралы куәлігі (1964), Құрмет грамотасымен марапаттау және алғыс білдіру туралы бұйрықтар (1974, 1982), мақалалар мен жазбалар (1970,1978).

Ә. У. Умышевтің хаттары: Г. Н. Харламоваға, «Қазақ-стан правдасы» газет редакциясына, С. А. Ивановқа, Д. А. Қо-наевке, Ш. Құсайыновқа және т. б. телеграммалар (1957, 1978-1988).

Ә. У. Умышевке хаттар: А. А. Будзило, М. Милыйдың, Ф. Яхинаның, құттықтау телеграммалар (1957, 1978).

Ә. У. Умышев туралы құжаттар: Г. Н. Харламованың «Во имя грядущего» кітабы (1992), мақалалар мен жазбалар (1952, 1972-1980, 1991, 2002), С. М. Қаратаеваның естеліктері (2006), әкімдік пен мәслихаттың көшеге атау беру туралы шеші-мі (2004); қайтыс болғаны туралы құжаттар – некролог, қайырымдармен хаттар, телеграммалар (1989, 1990).

Ә. У. Умышевтің фотосуреттері, жеке және оқушылар-мен, студенттермен-бір курста оқығандарымен, комсомол съезі-нің делегаттарымен, Жалпыодақтық ауыл шаруашылық көрме-нің қатысушыларымен, туыстарымен және таныстарымен, т. б. бірге түскен (1937-1939,1951-1955,1966-1989).

Қазақ, орыс тілдері.


Шуатаева З. К.
Қор 427, 61 сақт. бірл., 1961-2000 жылдары
Шуатаева Зұра Құлмұрзықызы (туғ. 29.12.1937) – ком-сомол, советтік, партия қызметкері, «Құрмет Белгісі» ордені-мен (1980), медальдармен марапатталған, Көкшетау облыс-тық комсомол комитетінің хатшысы (1961-1970), облыстық партия комитетінің инструкторы (1970-1971), Көкшетау облыстық, қалалық атқару комитеті төрағасының орынбаса-ры (1971-1991),Әйелдер арасындағы жұмыс бойынша облыс-тық Кеңесінің төрайымы (1991-1998), Қазақстан халықтары Кіші ассамблеясы атқару секретариатының отбасы мен әйел-дер мәселелері бойынша кеңесшісі (1998), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2000).
З. Қ. Шуатаеваның өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиография, жеке парақ, дипломның көшірмесі, мінез-демелер, ой-пікірлер (1961-1994), партиялық, қызметтік, депутаттық куәліктер (1968, 1978-1995), құрмет грамоталары (1967-1968, 1985), сәлемдесу адрестер (1981-1992), партконфе-ренция делегатының сауалнамасы, депутаттың есеп кәртішкесі (1982, 1983), шақырулар (1982,1987,1992-2000); қызметтік және қоғамдық қызметтің құжаттары – лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы қаулылардан, шешімдерден үзінді-лер (1963-1971, 1983-1998); баяндамалар (1983, 1997), сөз айту-дағы мәтіндер (1995, 1997), кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу принциптері туралы курстық жұмыс (1976).

З. Қ. Шуатаеваның шығармашылық қызметінің құжат-тары: «Честно служил он людям» (1999); «Нет ничего страшнее равнодушия» (2000) мақалалары.

З. Қ. Шуатаеваның хаттары: Д. Қ. Ахметовқа, В. К. Гарт-манға, С. Ш. Жалмағамбетоваға, А. Х. Мурзинге (1994-1998).

З. Қ. Шуатаеваға хаттар: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасында БҰҰ және Әйелдердің Қазақ Республикалық Кеңесі, «Қазақ-станның әйелдері-кәсіпкерлері» қайырымдылық ассоциациясы Өкілдігінің; Колумбия университетінің (1994-1996), С. В. Кула-гиннің, В. Д. Набитовскийдің, А. Г. Хасеновтың құттықтау хат-тары.

З. Қ. Шуатаева туралы мақалалар (2000).

З. Қ. Шуатаеваның фотосуреттері: М. С. Горбачевпен, Д. А. Қонаевпен, семинарларға қатысушыларымен, конферен-циялардың делегттарымен, комсомол ардагерлерімен және т. б. түскен (1961-1995).


17.2. Топтамалар
17.2.1. Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімдердің құжаттар топтамасы
Қор 275, 58 сақт. бірл., 1936-1999 жылдары, 1917,1920 жылдарғы жеке құжаттар
Топтама 1982 жылы құрылған, Қазақ КСР еңбек сіңір-ген мұғалімдердің, Көкшетау қаласындағы халыққа білім беру қызметкерлерінің құжаттарынан тұрады.

Барановская Софья Семеновна (23.02.1910-анықтал-маған) – халыққа білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сі-ңірген мұғалімі, Келлеровка орта мектебінің мұғалімі (1942-1943), № 4 Көкшетау орта мектебінің директоры (1956-1967), Көкшетау облыстық партия комитетіндегі насихаттау бөлімінің меңгерушісі (1947-1951), медальдармен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Автобиография (1983), «Идеологическая работа в шко-ле» баяндамасы (1970); фотосуреттер, жеке және № 1 мектебі-нің мұғалімдерімен, марксизм-ленинизм университетінің оқыр-мандарымен, оқушылармен бірге түскен (1954-1980).
Бибулаев Қойшы Ибрагимұлы (1907-26.02.1987) – халық білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Еңбекшілдер, Айыртау аудандарындағы, Петропавл қаласындағы мектептердің, Қазақ педагогикалық институты жанындағы жұмысшылар факультетінің мұғалімі, оқу меңгеру-шісі, директоры (1933-1962), Көкшетау педагогикалық инсти-тутының оқу жұмысы бойынша проректоры (1962-1965), Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгімен марапатталған, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

Автобиография (1983); фотосуреттер, жеке және И. С. Горохводатскиймен, С. Мұқановпен, оқушылармен бірге түскен (1959-1964).


Зырянова Ольга Николаевна (16.07.1923-04.06.1999) – халыққа білім беру қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстазы, химия мұғалімі, оқу меңгерушісі, 10 жыл ішінде химия мұғалімдері қалалық секциясының тұрақты жетекшісі, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Кадрды есепке алу бойынша жеке парақ; атақ беру және орденмен, құрмет грамоталарымен, грамоталармен марапаттау туралы жарлықтан үзінділер; «Қазақ университеті», «Қазақстан правдасы», «Ленинская смена», «Степной маяк» газеттері беттерінде жарияланған О. Н. Зырянованың және ол туралы мақалалар; жеке және топтық фотосуреттері.


Комлева Ольга Ивановна (1919-1988) – халық білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Көкше-тау қаласындағы № 2 мектептің география пәнінің мұғалімі, оқу меңгерушісі, қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің депутаты (1957-1963), «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгімен марапатталған.

Автобиография (1984), құрмет грамоталары (1957-1966), алғыс білдіру туралы бұйрық (1955); «Кокчетавский механичес-кий завод» баяндамасы (1965); фото, жеке және Н. Г. Варюта, Н. А. Елина, В. Г. Соловьева мен М. Г. Усмановамен бірге, оқушылармен, мектеп бітіргендерімен, әріптестерімен, мереке шараларының қатысушылармен бірге түскен (1955-1981).


Қасенов Баржақсы Ғабдуллаұлы (17.05.1928-1985) – халық білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, мұғалім, қалалық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, Жезқазған облысындағы «Білім» қоғамының жауапты хатшысы (1958-1975), Көкшетау қаласының № 100 мектеп директоры (1975-1985), медальмен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгімен марапатталған.

Автобиография; фотосуреттер, жеке.


Семенова Таисия Ильинична (1892-1961) – халық бі-лім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, селолық уездік мектептердің және Көкшетау қаласындағы № 5 мектептің мұғалімі (1926-1955), Ленин орденімен марапат-талған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестің депутаты.

А. Д. Головинаның, қызының, Т. И. Семенова туралы естеліктері (1983); фото, жеке және оқушылармен, әріптес-терімен, депутаттармен бірге түскен (1946-1960).



Солонская Клавдия Константиновна (туғ. 05.08.1923) – халық білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Көкшетау қаласындағы № 6, 7 және Рузаевка село-сындағы мектептердің мұғалімі, оқу меңгерушісі, директоры (1943-1975), медальдармен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгімен марапатталған.

Автобиография (1983), наградаларға және түскі партия-лық мектепті аяқтағаны туралы куәліктер, комсомол билеті (1941-1953,1966-1973), құрмет грамоталары (1960,1971,1979); фото, жеке (1975).


Сүлейменова Шанзалина Нақыпқызы (туғ. 01.06.1933) – халық білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Айыртау ауданы Лавровка селосындағы мектептің және Көкшетау қаласындағы № 16 мектептің геогра-фия пәнінің мұғалімі, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгімен марапатталған.

Автобиография (1983); сынып сағаттарының, сабақтар-дың әзірлемелері, сыныптан тыс жұмысы бойынша баяндама-лар (1977-1980); фото, жеке және әріптестерімен, оқушылар-мен бірге түскен (1983).


Чубаров Степан Семенович (1897-1989) – халық білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Калуга қаласындағы фабрика-зауыттық училищесінде, Көкшетау қазақ педагогикалық техникумда және № 2 орта мектепте математика мен физика пәндерінің мұғалімі (1923-1967).

Автобиография (1983); биологиядан жаңа прибордың ба-яндамасы мен оған рационалды ұсынысқа куәлік (1969, 1970), математика сабақтарына әдістемелік әзірлемелер, «Метеороло-гия и гидрология» журналына хат (1972); фото, жеке және ұжыммен, әйелімен бірге түскен (1944, 1981).


Яхина Муршида Хасановна (28.12.1918-2003) – халық білім берудің қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, география пәнінің мұғалімі, Көкшетау қаласындағы № 1, 2, 10 мектептерінің оқу меңгерушісі (1936-1978), қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің депутаты, медальдармен марапатталған.

Автобиография (1984), мінездемелер (1944-1954), куәлік-тер, мандаттар (1938-1962), құрмет грамоталары (1939-1979), шақыру билеттері, өткізу билеттері (1956-1975); сынып сағатта-рына әзірлемелер (1958-1962), «Из опыта атеистического воспи-тания учащихся на уроках географии» баяндамасы (1961), «Слово молодым» мақаласы (1965), «Красная гвоздика» клубы-ның қызметі туралы күнделік-есебі (1968), география сабағында жұмыс оқулықтары; М. Х. Яхинаға оқушылардың хаттары (1957-1981), М. Х. Яхина туралы мақала (1957); фото, жеке және оқушылармен, әріптестерімен, ата-анасымен бірге түскен (1936-1942, 1954-1961), М. Х. Яхинаның әпкелері мен ағасы-ның (1917, 1920), қалалық қазақ мектебінің меңгерушісі Н. Кучумовтың.


17.2.2. Азаматтардың естеліктері мен хаттар топтамасы
Қор 291, 22 сақт бірл., 1946,1957-1995 жылдары
1995 жылдың қарашасында құрылған.
В. А. Терещуктың «Рассказы о Кокчетаве» кітабы, қала-ның өткені мен бүгіні туралы деректі-көркем баяндауы (1992).

А. К. Бородулиннің, М. Г. Ерчихиннің, П. К. Жуковтың, Ф. П. Михеевтің естеліктері – революциялық оқиғалардың қа-тысушыларының азамат соғысы туралы, қалада және уезде Кеңес үкіметінің орнатылуы туралы, Көкшетау уезін колчактар-дан босатуы, В. И. Ленинмен кездесуі, байларды конфискелеу, коллективтендіру туралы.

А. Г. Потаниннің Көкшетау қаласында чехословак контр-революциялық қозғалысы және Қызыл гвардияның бірінші командирі Семен Григорьевич Потаниннің қаза табуы туралы естеліктері (1918-1919).

Ұлы Отан соғысының қатысушылары А. И. Голиктың, Ф. М. Егоровтың, И. А. Котельниковтың, М. П. Смирнова-Кухарскаяның Ұлы Отан соғысы оқиғалары, ақфиндермен соғысы туралы, разведчик Константин Осипов туралы, Ленин-град фронтына сыйлықтар әкелуі, 128-інші атқыштар диви-зиясының, 453-інші минометті полктың, 236-ншы бөлек саперлі батальонның соғыс жолдары, соғыстан күйзелген халық шаруа-шылығын қайта көтеру, стаханов қозғалысы, тың игеру туралы естеліктері.

Көкшетау уезіндегі Матвеевка селосының шаруаларын байларды конфискелеу туралы; Мемлекеттік қауіпсіздік Коми-тетінің қызметі туралы; ақын-композитор Ыбрай Сандыбаев туралы; мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы туралы азаматтардың мақалалары, хаттары.

Қазақ, орыс тілдері.


17.2.3. Көкшетау қаласының тарихы бойынша жеке тектік құжаттар топтамасы
Қор 95, 27 сақт. бірл., 1954-1996 жылдары
Топтама 1996 жылы құрылған.
Кац Аркадий Ильич (26.08.1928-23.03.1999) – бұқара-лық ақпарат құралдарының қызметкері, партия қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған, Рузаев, Қызылту аудандық газеттерінің редакторы, «Степной маяк» Көкшетау облыстық газетінің бөлім меңгерушісі, редак-тордың орынбасары, редакторы (1948-1975), облыстық партия комитетінің қызметкері (1975-1989).

Кадрларды есепке алу жеке парағы, автобиография, мінездеме (1965-1966), жеке бас куәліктері, депутаттық және мүшелік билеттер, КОКП мүшесінің есеп кәртішкесі, партия-ның белсенділері мектебін бітіргені туралы куәлігі, экслибрис (1966-1992), құрмет грамоталары (1970-1988); газеттің мейрам-дық шығарылымы (1974), газеттің мерейтойына буклет (1995); И. Абрамсонмен, Е. Әуельбековпен, Ж. Мартэнмен, Е. Серкіба-евпен, КОКП ОК жалпыодақтық мәжілістің қатысушыларымен, спорттық жарылыстардың жеңімпаздарымен, редакция қызмет-керлерімен бірге түскен фотосуреттер (1954-1958,1966-1975).


Осипов Бүркітбай Жаркенұлы (туғ. 07.01.1940) – партия, совет қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, медаль-дармен марапатталған, Көкшетау қалалық комитетінің инструк-торы, облыстық партия комитеті өндірістік-көлік бөлімінің менгерушісі, инструкторы (1971-1987), қалалық атқару комите-тінің төрағасы (1987-1992), Уокешо (АҚШ) – Көкшетау ағалы қалалардың бірінші төрағасы (1989-1992).

Атаулы куәлік, сауалнама (1989,1990); Ағалы қалалар-дың бірлесе қызмет ету туралы бірінші келісім-шарттың, комитеттің отырыстарына хаттамалардың, бірлесе қызмет ету-дің жазғы бағдарламаның көшірмелері (1989-1992); Америка Құрама Штаттарының Президенті Д. Бушқа хат (1990), хаттар, Д. Дьюкстың телеграммасы (1989-1992), мақалалар (1990-1996), П. Вракиспен, К. Суслоновамен, Б. Филмен, американ делега-циясымен бірге түскен фотосуреттер (1989-1994).

Орыс, ағылшын тілдері.
17.2.4. Ауғаныстанда болған соғысқа қатысушыларының құжаттар топтамасы
Қор 460, 51 сақт. бірл., 1969-2007 жылдары
Топтама 2007 жылы құрылған, Ауғаныстанда соғысқан жауынгер-интернационалисттердің құжаттары топталған.
Жалпы сипаттағы құжаттар: Ауғаныстан соғысының қатысушылары мен ардагерлер Одағы мүшелерінің есепке алу кәртішкелері (2005-2006), жауынгер-интернационалисттері, мүгедектер мен қайтыс болғандардың тізімі (2006), «Поиск» тобына хаттар (1989), «Ауғаныстанда қаза болғандар туралы» естелік кітаптары (1999), мақалалар (1989-2007), Көкшетау қаласы мемлекеттік мұрағатының Ауғаныстанда болған соғысқа қатысушыларының топтамасын құру туралы хат (2006), қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш ашуға арналған митингіге шақыру билеттің бланкі (2003); Б. А. Байтутовтың, В. В. Вих-ровтың, В. И. Волковтың, В. Н. Грачевниковтың, В. М. Гриш-ковтың және т. б. фотосуреттері.
Қосмағамбет Қайролла Жолдасұлы (туғ. 02.01.1942) – денсаулық сақтау қызметкері, Целиноград темір жол аурухана-сының дәрігер-хирургы, Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігер-анестезиологы (1973-1980), әскери дәрігер, Ортаазия-лық әскери округінің арнайы тағайындау отрядындағы «Кас-кад» командасының инструкторы (1980-1981), Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігер-анестезиологы (1981-1985), облыстық ДТСК төрағасы (1985-1989), дәрігер–анестезиолог, облыстық тубдиспансерінің ТЖ бойынша бас дәрігері, медаль-дармен марапатталған.

Автобиография (2006), әскери билет (1973), медицина-лық институтын бітіргені туралы диплом (1973), әскери қоз-ғалыстың қатысушысының сауалнамасы (2006), медальдарға куәліктер (1970, 1988, 2005, 2006), мандаттар (1969, 1975), құр-мет грамоталары мен алғыс хаттар (1988-2005), шақыру билет-тері (1969-1973, 2003), мақалалар (2002-2007); фотосуреттері, жеке және облтубдиспансердегі хирургия бөлімінің ұжымымен бірге түскен (1992, 2006).


Макишева Гүлнар Дауренбекқызы (туғ.16.11.1959) – денсаулық сақтау қызметкері, Көкшетау станциясының бөлім ауруханасының, емханасының медбикесі (1977-1985), Қандағар әскери госпитальдің күзет медбикесі, бас медбикесі (1985-1988), Облыстық жауынгер-интернационалисттер Кеңесінің төрайымы, Ерікті мүгедектер қоғамының төрағасының орын-басары, Облыстық әкімшіліктің жастар ісі Комитетінің жетекші маманы (1988-1997), медальдармен марапатталған.

Медициналық училищені бітіргені туралы диплом (1981), комсомолдық билет (1984), медальдарға куәліктер (1987-2005), почетные грамоты (1989, 1999), «Мейірімділік пен батылдық» құрметті белгіге куәлік (1991), құттықтау телеграм-масы және салтанатты шараларға шақыру хаттар (1988, 1999), Г. Д. Макишеваның естеліктері (2006); Ауғаныстанда болған соғыс туралы, Г. Д. Макишева туралы мақалалар, естеліктер, баспа материалдары (1986-2006); фотобейнелер, жеке және Н. Ә. Назарбаевпен бірге, Көкшетау станциясы бөлім аурухана-сының ұжымымен, бір курста оқығандарымен, бір полкта қызмет еткендерімен бірге (1979-2005).

Қазақ, орыс тілдері.
17.2.5. 1930-1950 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың құжаттар топтамасы
Қор 465, 140 сақт. бірл., 1938-2009 жылдары
Топтама 2008 жылы құрылған, оған жаппай репрессия-лар кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған және Қазақстанға күш-теп қондырған азаматтар мен олардың жанұя мүшелерінің құжаттары жиналған.
Жалпы сипаттамадағы құжаттар: Қазақстан Республика-сының «Жаппай қуғын-сүргіннің құрбандарын ақтау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Саяси репрес-сиялардың құрбандарын еске алу Күнін орнату туралы» Жарлығы, саяси репрессиялардың құрбандарын еске алу кітап-тары (2001); 30-50 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың, 1989-1991 жылдары ақталғандардың, «Саяси репрессиялардың құрбандары» дәрежедегі мемлекеттік жәрдемақы алатындардың (1989, 1991, 2007) тізімдері; газет пен журналдардан мәтіндер (1988-2008), Т. А. Крутованың (Дизендорф) Қазақстанға оның жанұясын қондырғаны туралы естеліктер (2007); фотосуреттер, жеке - А. А. және Л. А. Дизендорф, топтық - 1944 жылы ЧИАКСР-нан депортанған Көкшетау қаласындағы ингуш диаспораның өкілдері (1955, 1984).
Бельц Вилли Адамович (туғ. 25.01.1937) – халық білім беру қызметкері, оқытушы, Көкшетау педагогикалық институт-тың, Ш. Уәлиханов ат. университеттің неміс филология бөлімі-нің бас оқытушысы, деканның орынбасары, шетел тілдер фа-культетінің деканы (1966-2002), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001).

Ақталғаны туралы анықтама (1993), белгілерге және Құрметті азамат атағын алғаны туралы куәліктер (1975,1981, 2001), құрмет грамоталары мен құтықтау адресі (1972-1991, 2007), мақалалар (1997-2004); фотосуреттер, жеке және студент-термен, туыстарымен бірге түскен (1957-1965, 2004).


Кодзоева Лейла Магометовна (туғ. 03.03.1929) – жұ-мысшы, Көкшетау нан пісіру бірлестігінің торттар цехінде кондитер, кондитерлі пешінің (1964-1985), медальдармен мара-патталған.

Автобиография (2007), еңбек кітапшасы (1960), ақтал-ғаны туралы анықтама (1993), медальдарға куәліктер (1979, 2005), Құрмет грамотасы (1974), Қазақстанға депортацияланға-ны туралы естеліктер (2007); нан комбинатының жұмыс-керлерімен және туыстарымен бірге түскен фотосуреттер (1965, 2006).


Кокурхоева Шафиат Бекмурзиевна (туғ. 1937) – Көкшетау нан зауытының жұмысшысы, № 13 мектептің шаруа-шылық меңгерушісі, № 2 ОКТУ шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары (1956-1972, 1976-1995), «Еңбек арда-гері» медалімен марапаттанған (1984).

Автобиография (2007), партиялық билеті (1974), Ш. Б. Кокурхоева мен оның күйеуі Х. О. Хашиевтің ақталғаны туралы анықтамалар (1995), медальға куәлік (1984), құрмет грамоталары (1984,1987), депортация туралы естеліктер (2007); фотосуреттер, жеке және нан зауыты, № 2 ОКТУ жұмыскер-лерімен, туыстарымен түскен (1953-1963, 1979-2004), әкесі Б. Б. Кокурхоевтің фотобейнесі, туыстарымен және таныста-рымен түскен (1938-1939).



Мерешкова Ханифа Магометовна (туғ. 01.01.1934) – Көкшетау қалалық біріккен ауруханасында тазалаушы, санитарка (1983-1990).

Х. М. Мерешкованың және оның күйеуі М. И. Ахильгов-тың жеке бас куәліктері (1998), еңбек кітапшасы (1978), ақтал-ғаны туралы анықтама, заңсыз қондырғаны мен арнайы қоныста болған жағдайы туралы соттың шешімі (1995-2002), Қазақстан-ға қондырылғаны туралы естеліктер (2007), М. И. Ахильговтың әскери билеті мен есептеу-қызметтік кәртішкесі (1963), М. Т. Мерешкованың медальға және Арықбалық аудандық ең-бекші депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланғаны туралы куәліктері (1957, 1959); туыстарымен бірге түскен фотосурет-тері; ата-аналарының, күйеуінің, туыстарының (1952-1980).


Песняк Иосиф Францевич (19.10.1937) – Көкшетау қаласының № 4 және 5 мектептерінде музыкалық жұмыскері, прибор жасау зауытының Мәдениет үйінде аккомпаниатор (1956-1966, 1970-1997).

Автобиография (2007), жеке бас куәлігі (1998), И. Ф. Песняк және оның ата-аналары ақталғаны туралы анық-тамалар (1965, 1993, 1998), шешесі К. Ф. Песняк арнайы қоныс-та болғаны туралы мұрағаттық анықтама (1993), шешенің ағала-рының тағдыры туралы прокуратурадан және әскери трибунал-дан хаттар (1957, 1958); фотосуреттері, жеке және ата-аналары-ның (1984).



18. КИНОФОТОФОНОҚҰЖАТТАР
18.1. Киноқұжаттар
2015 жылдың 01 қаңтарына мемлекеттік сақтауында 1984 жылғы 14 сақталу бірлігі бар.
1990 жылы мемлекеттік сақтауға «Ленфильм» киносту-диясы 1984 жылы шығарған «АЛЖИР» атты деректі фильмі қабылданған. Фильм 1930-1950 жылдары құғын-сүргінге ұшы-раған азаматтардың әйелдерінің қайғылы тағдыры туралы, Ақмола отан сатқындарының әйелдер лагерінде (АОСӘЛ - АЛЖИР) барлық ауырпашылықтарын көрген әйелдер туралы баяндайды.
18.2. Фотоқұжаттар
Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында Көк-шетау аймағы мен қаланың тарихы бойынша фотоқұжаттар сақтауда жатыр. Негізгі топтастыру көздері – облыстық және қалалық газет редакциялары, жеке мекемелер, кәсіпорын-дар, ұлттық-мәдени орталықтар және жеке тұлғалар. Барлы-ғы 2015 жылдың 01 қаңтарына 1899, 1910-2013 жылдарғы 10775 сақталу бірлігі есептелген.
Революцияға дейінгі кезеңнің фотоқұжаттары: Куйбы-шевтар жанұясы (1899), қала панорамасы (1910-1912).

Қалада және уезде революциялық оқиғаларды және Кеңес өкіметінің орнатылуын баяндайтын фотоқұжаттар: бірінші Көкшетау депутаттар Кеңесінің, партия және комсомол уездік комитеттерінің мүшелері, съезд, конференция делегат-тары, бірінші комсомолдық ячейкаларын, бірінші пионер отряд-тарын, Көкшетау уезінде Кеңес өкіметін орнатуға күрескен-дерге ескерткіштер ұйымдастырушылары.

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы туралы фото-құжаттар: Т. Я. Бегельдиновтың суреті – екі мәрте Кеңес Ода-ғының Батыры, Даңқ Аллеясында оған тұрғызылған бюсттың ашылуында; Кеңес Одағының Батырлары М. Ғабдуллин мен А. Н. Остапенконың суреттері, Қызыл Крест Халықаралық Комитеті Флоренс Найтингейл медалімен марапаттанған сани-тарлар взводының бұрынғы командирі М. П. Смирнова-Кухарскаяның және басқа да майдан алаңында айрықша көзге түскен қатысушыларының және ардагерлерінің, бір әскери бөлімде қызмет еткен достардың ұмытылмас кездесулердің суреттері.

Қаладағы өндіріс пен құрылыстың дамуын растайтын фотоқұжаттар: кәсіпорындардың, әкімшілік ғимараттардың, тұрғын үйлердің, қаладағы шағын аудандарының, кәсіпорындар түрлерінің, жеке цехтардың салу, өнім шығару жолдары. Өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлерінің фотосуреттері.

Ауыл шаруашылық пен мал шаруашылығы, тың игеру туралы фотоқұжаттар – бірінші шатыр, бірінші борозда, бірінші тың астығы, жаңа тың совхоздарын салуы, ауыл тұрғындардың күнделікті өмірі. Ауыл еңбеккерлердің бейне фотонегатива-лары.

Қалада және облыста КСРО мен Қазақ КСР Өкімет-терінің белгілі қызметкерлерінің болғаны туралы фотоқұжат-тар: КОКП ОК Бас хатшысы Л. И. Брежнев, Қазақстан Ком-партиясы ОК Бірінші хатшысы Д. А. Қонаев, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Б. А. Әшімов, КСРО Прези-денті, КОКП ОК Бас хатшысы М. С. Горбачев (1972-1991).

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президен-ті Н. Ә. Назарбаевтің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Төрағасы Қ. Тоқаевтің Көкшетауда болғаны туралы фото-құжаттар (1991-2007).

Ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры В. Ф. Бы-ковскийдің Көкшетау жерінде болғаны (1966) туралы фото-репортаж. Бірінші қазақстандық ғарышкерлері Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтың (1998, 2003), Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері Н. Будариннің (1998) фотосуреттері.

Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықты-ру мен спортттың дамуы туралы фотоқұжаттар: мектептердегі, Ш. Құсайынов ат. облыстық Қазақ музыкалық-драма театрын-дағы, шығармашылық топтардағы жұмыс туралы; әдебиет пен өнердің белгілі өкілдері, еңбегі сіңген мұғалімдер мен дәрігерлер, қаланың Құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, әйгілі спортшылар туралы; спорттық мерекелер.

«Хатиква» еврей ұлттық-мәдени орталығының, «Истоки» славян мәдени-ағарту қоғамының, «Видергебурт» облыстық немістер қоғамының қызметі туралы баяндайтын фотоқұжаттар.

Қаланың ескі және қазіргі архитектуралық бейнесін, оның көшелерін, алаңдарын, әкімшілік ғимараттарды, тұрғын үйлерді, монументті өнердің, тарихтың және сәулет өнерінің ескерткіштерін, кинотеатрларын, Мәдениет үйлерін, мұражай-ларын, оқу орындарын бейнелейтін фотоқұжаттар.

Қала өмірінде маңызды оқиғаларға байланысты өткен оқиғаларды куәландыратын фотоқұжаттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет