5-мәтін Динозаврлар Динозаврлардың құрып кеткені жайында айтылғандарға назар аударсақ, ол жерге астереоид, метероит немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пайымдау шындыққа жанасады.
Жер тарихында жануарлардың өлуінің өзге де жағдайлары бар, бірақ осыдан 65 миллион жыл бұрын динозаврлардың жойылуы апаттық жағдайдан болды. Соқтығысу салдарынан ауаға көтерілген тозаң бұлттар климатты өзгертті: өсімдіктер құрыды, жұмыртқалар басып шығарылмады, ал ересек жануарлар аштық пен суықтан қырылып қалды.
«Сұрақ және жауап»
6-мәтін Құмырсқа Бір құмырысқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп жүріп бір дән тауып алыпты. Оны жалғыз өзі әрі-бері сүйреп орнынан қозғалта алмапты. Енді көмек сұрауға достарын іздепті. Гүл жинап жүрген араны тауып:
Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете береді қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен кездеседі. Олар мұның түрін көріп:
Не істеп жүрсің? – депті. Ол өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді, сөйтіп құмырсқа қайта үйіріне қосылады.
7-мәтін Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.
Табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан
Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;