1. Мәтінді мұқият тыңда



бет2/3
Дата11.04.2020
өлшемі0,49 Mb.
#62210
1   2   3
Байланысты:
әдебиет Ж Б


Тыңдалым және айтылым
1.Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

Қатқан нан

Арманның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он жыл бойы үздіксіз нан пісіріп келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына кетеді. Түс кезінде дүкендерге жаңа ғана пештен шыққан ыстық нан жеткізіледі. Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді.

Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды. Он жыл ішінде ол алғаш рет жұмысына барған жоқ. Оның төсегінің жанында шешесі отыр.

- Арман, оқушылар бүгін жаңа піскен нан жемейді... – деді анасы жай ғана.

Түсте балалар асханаға келді. Үстел үстінде кешеден қалған нан тіліктері қойылған.

- Бүгін неге қатқан нан берілген? – деп сұрады балалар.

- Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Арман.

Балалар қатқан нанның қиқымын еденге түсірмеуге тырысып, сақтықпен алып жеп отыр.


1)Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта:

А) Арманның шешесі қандай адам?

В) Жаңа піскен нанды асханаға кім әкеледі?

С) Арманның әкесі неліктен ауырып қалды?

D)Арманның әкесі кім болып жұмыс істейді?
2)Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:

А) Үстел үстіне ыстық нан қойылған.

В) Балалар қатқан нанды жемей отыр.

С) Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды.

D)Арманның әкесі жұмыстан көп қалады.
3) Жұптық жұмыс. Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айтып бер.
Жоспар:

1) Арманның әкесі

2) Қатқан нан тіліктері

Оқылым

2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Ерік пен Серік – ағайынды балалар. Олар ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдап, қызықтайды.

Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына салып, үйіне әкелді. Әкесі оған:

- Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің? Бозторғай – пайдалы құс. Олар дән жемейді. Егінге түскен зиянды құрт-құмырсқаларды жейді, - деді.

Балалар өз қателігін түсінді. Ертеңіне жұмыртқаны орнына апарып қойды.


1)Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.

• Балалар қайда тұрады?

• Тоғайда нелер көп?

• Бозторғай қандай құс?



2) Мәтінге ат қой ____________________________________

3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _____________________ _____________________________________________________________________

Жазылым

3. Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз.

Тірек сөздер:


шығамыз

біргеміз

аулаймыз

жүреміз

күлеміз










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет