1. М.Әуезов атындағы ОҚму-дың дамуы мен құрылымы


Жаңашылдық Кәсіпкерліктің



бет6/8
Дата13.06.2020
өлшемі68,55 Kb.
#73364
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Досали Мөлдір Қанатқызы[1]

Жаңашылдық








Кәсіпкерліктің

ерекшеліктері



Дербестік

Жауапкершілік







Ынталылық

Сурет 1. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері


Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

- дербестік және тәуелсіздік;

- экономикалық ынталылық;

- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

- жаңашылдық.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер- өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.

3. Кәсіпкер  – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер  – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.


  1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.

  2. Жер, су бергеніне рента алады.

  3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.

  4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары

     Кәсіпкерліктің нарықтық экономикалық басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда – кәсіпкердің сұранысы қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.

Акция бойынша  дивидент, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте бұл табыстың көзі акционерлік компаниялардың басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет