2. «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің құрылымы мен «Экономика» кафедрасының сипаттамасы
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Экономика және қаржы» факультеті 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасының негізінде құрылған.
Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Экономика және қаржы» факультетінің құрамында 7 кафедра жұмыс істейді: «Экономика», «Менеджмент және маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономикалық теория», «Бизнес және коммерцияландыру», «Халықаралық туризм және сервис».
Жоғары оқу орындарында экономикалық жоғары білімі бар мамандарды дайындау бұл қазіргі заман талабы. Осы мақсатта факультетте нарық жағдайында сұранысқа ие келесі:
5В050600 - «Экономика»;
5В050900 - «Қаржы»
В050800 - «Есеп және аудит»;
5В050700 - «Менеджент»;
5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;
5В051100 - «Маркетинг»;
5В090200 - «Туризм»;
5В090400 - «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандықтары бойынша студенттерді жан-жақты дайындау жүзеге асырылуда.
Факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистр оқытушылар айналысады. Олардың арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, АҚШ, Еуропа елдерінің ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар бар. 2004 жылдан бастап:
6М050600 - «Экономика»,
6М051100 - «Маркетинг»,
6М050700 - «Менеджмент»,
6М052000 - «Іскерлік әкімшіліктендіру»,
6М050900 - «Қаржы»,
6М050800 - «Есеп және аудит»,
6М090400-«Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандықтары бойынша магистратура ашылып жұмыс жасауда.
Сонымен қатар факультетте 2014 жылдан бастап MBA - Іскер әкімшілік магистрі бойынша магистратура ашылды.
Сондай-ақ, 2010 жылы факультетте 6D050600 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды.
Оқу процессінде оқытудың заманауи технологиялары: кредиттік жүйе, кейс-технология, оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістері енгізілген.
Факультеттің профессор-оқытушыларының құрамымен жыл сайын 150-ден аса оқулық, оқу құралдары, электрондық оқулық, әдістемелік нұсқаулар шығарылуда, оның 75%-ы мемлекеттік тілде.
Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестр оқып келуге мүмкіндіктері бар.
2017 жылдың қыркүйек айынын 01 жұлдызынан бастап факультет "Басқару және бизнес" жоғары мектебі болып қайта құрылды.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің "Басқару және бизнес" жоғары мектебі халықаралық стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға етіп қалыптасуына зор жағдай жасайды.
Оның ішінде экономика кафедрасы
Кафедра тарихы
«Экономика» кафедрасының негізін ертеректе қалыптасқан Қазақ химия-технологиялық институтының – «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасы құрайды. Технологиялық оқу орнының құрамында бола отырып, кафедра инженер-экономистер дайындығын жүргізді. Алғашқы түлектер 1969 жылы шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |