Профессорлық-оқытушылық құрам:
Кафедраның ПОҚ 2018-2019 оқу жылы 29 адамды құрайды. ПОҚ штаттық құрамы 100%, яғни 27 штаттық оқытушы және 2 қосымша істеушілер. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 2018-2019 оқу жылында 51.7 % құрап отыр: штаттық оқытушылардың ішінде 6 – профессор, 7 доцент, 14 аға оқытушы, 13 магистр және 1 оқытушы. Мемлекеттік тілде сабақ жүргізе алатын оқытушылар үлесі штаттық оқытушылардың 89.6% құрайды. ПОҚ-ның мамандарды дайындау бейінділігіне сай базалық білімі бар. ПОҚ орташа жасы – 45жас.
Кафедраның барлық пәндері мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі - 69,1%. «Экономика» кафедрасының іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі – оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының негізгі мақсаты дәрістерді және семинар сабақтарын, СӨЖ және ОСӨЖ ұйымдастыру және өткізудің, курстық жұмыстарды дайындау және қорғаудың, дипломдық жұмыстар мен бизнес-жоспарлар тақырыптарының аясында студенттердің ғылыми зерттеулер орындауларының сапасын жоғарылату; кекйстар, іскерлік ойындар, презентациялар қолданып сабақтар өткізу және т.б. Кафедра ПОҚ дайындаған ғылыми-әдістемелік жұмыстары оқу үдерісінде кеңінен қолданылады.
2018-2019 оқу жылында «Экономика» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқу жұмыс жоспарлары негізінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орындалды.
Кафедраның барлық пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары бар және олармен қамтылу 100% құрады.
Кафедра оқытушылары факультет және университет деңгейінде өткізілген әдістемелік семинарларға белсенді қатысуда. ПОҚ –ның дайындаған оқу-әдістемелік жұмыстары (оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулары, электрондық оқулықтары) М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де жыл сайын ұйымдастырылатын аймақтық әдістемелік форум аясында ұйымдастырылған көрмеге қойылды.
Кафедраның ПОҚ оқу үдерісінде интерактивті оқыту әдістерін белсенді түрде қолданылады. Кафедраға бекітілген 419 аудиториясында интерактивтік тақта сабақтарды, ғылыми және әдістемелік семинарларды жүргізуге арналған.
Бұл жерде әрбір оқытушы тақтаны пайдаланып, дәріс өте алады. Дәріс және практикалық сабақтарда оқытушылар кейстар, іскерлік және рөлдік ойындар қолданып, есептер шығарады және мәселелі жағдайларды қарастырады.
«Экономика» кафедрасында 2015 жылдан бері «Экономика» бағыты бойынша Халықтар Достығы Ресей Университетімен (ХДРУ) бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асып келе жатыр. Екі диплом бағдарламасы - М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де ХДРУ мен бірге қатысатын жүйелік білім беру бағдарламасы. Білім беруді аяқтағанда екі ұйым – серіктестермен білім алушыларға екі дипломды алу қарастырылған.
5В050600-Экономика мамандығы бакалавриатының білім беру бағдарламасы.
Бұл мамандықтың бакалавры экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешуге, замануи технологияларды қолдануға, ақпараттарды өңдеуге, шешім қабылдауға қатысты арнайы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылардың кешенін игереді. Оның тәуекел және белгісіздік жағдайда, дәстүрлі емес мәселелер мен тәжірибелік міндеттерді шешу үшін жеткілікті теориялық дайындығы болуы қажет. Шығармашылық, белсенді кәсіби және әлеуметтік қызметке, экономикалық және өзге де басқару қызметтері шегінде тәжірибелік міндеттерді сапалы орындауға дайын болуы тиіс, сонымен бірге өндірісті ұйымдастыру негіздері, қоғамның даму заңдылықтары, материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерістерінде адамдардың экономикалық әрекеттері туралы теориялық білімі болуы керек.
Экономика мамандығының бакалавры 6М050600 «Экономика» мамандығының магистрлік бағдарламасы бойынша білімін жалғастыра алады. Оқу мерзімі – 1 (бейінді) және 2 (ғылыми педагогикалық) жыл. Біліктілігі және академиялық дәрежесі: Экономика магистрі.
Бакалаврлардың кәсіби қызмет нысандары:
Барлық формадағы кәсіпорындар мен фирмалар, мекемелер, ұйымдар мен экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары, нарықтық инфрақұрылымдар, ҒЗИ және оқу орындары.
Достарыңызбен бөлісу: |