1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары


-дәріс. Ақан сері шығармашылығы



бет4/10
Дата06.02.2022
өлшемі169,98 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция

9-дәріс. Ақан сері шығармашылығы.
1. Ақан серінің өмірбаянына қатысты деректер.
2. Ақан серінің өнерпаз ретінде даму сатылары.
3. Ақан – қазақтың талантты әнші-ақындарының бірі.
Ақан /Ақжігіт/ 1843 жылы Көкшетау қаласынан 70 шақырым жердегі Қоскөлде қыркүйек айында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған соң Қызылжардағы Уәли
ахун хазіреттің медіресесінде үш жылдай оқиды. Мұсылманша сауатты ақын араб, парсы, шағатай тіліндегі көне әдебиет үлгілерімен танысады, орыс тілін игереді, қазақтың ауыз әдебиетімен терең сусындайды. Ақан өмір сүріп жатқан кез—гуманизм идеясы бел алып
тұрған уақыт болатын. Ақан сері - лирик әнші, ақын. Оның сүйіспеншілік тақырырыбындағы өлеңдері көп. Бір топ өлеңдері өзінің шын ғашықтарының атымен аталады: «Ақтоты», «Ұрқия», «Жамал», «Нұрила», «Балқадиша», «Мақпал қыз», «Ғалиянұр», «Ақшабақ» т.б. екінші тобы жалпы сұлу қыздарға арналады: «Ұзатылғалы
жатқан қызға», «Қыз сипаты», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Қалқа бала», «Еркем-ай», «Қарағым», «Қажы қызына»», «Сұлу қыз жаңа піскен алмадағы», «Көңіл сыры».. Осы аталған туындылардың ішінен білетінін студент өз қалауы бойынша айтып береді. Бұл шығармаларда қыз сұлулығы туралы айтылғанмен, бірін-бірі қайталамайды.
Ақан өлеңдерінде қазақ жігіттерінің де бейнесі жасалынған. Әсіресе, ақынның «мені» айқын көрінеді. «Үш жүзге атым мәлім Ақан сері», «Оралдың мен ақиығы қырандағы», «Біз сұңқар сізге тиген ұрымдағы», «Біз қанжар алтындаған қынындағы», «Болғанда сізбақ иран, біз-сандуғаш».. Ол арнау өлеңдерінде жастарға ақыл айтып, жақсылыққа үндеп, өнерге баулиды, кәсіп қылып, білім үйренуге, ар-ұятты жоғары ұстап, мағыналы өмір сүруге шақырады.
«Айтайын замандасқа біраз кеңес» толғауында жастардың 13 түрлі мінез сипаттамасын
береді, әйелдің де бес түрін кескіндейді, «Әйелдер сипаты» өлеңінде әйелді бағалауға, сыйлауға шақырады. «Жаман қатын» өлеңінде типтік нашар әйел бейнесін көрсетеді.
Оның осыған қарама-қарсы өлеңі де бар.
Сұрақ. Қазақ әдебиеті тарихында осы тақырыптағы қандай авторларды және өлеңдерін білесіңдер?
Өзі өмір сүрген заманның қайшылықтарын терең білген ол топтан бөлектеніп, бойын
арзан нәрселерден аулақ ұстайды. Оның бөлектенуін оны ұнатпайтын топ басқаша түсініп,
жала жауып, ақылынан адасты, перімен араласты деген лақап таратады. Шығармашылық толғанысты өзге пенделер түсіне алмайды. Бұл жайлы Ә.Тәжібаев «Ақан сері» деген зерттеу жазған/1963/. Ақан серінің «Халқым сенген», «Асыл мен жасық», «Достарыма»,
«Жақсы мен жаман», «Өсиет өлең», «Адамның біліміне ақыл серік» өледерінің мәні терең.
Адамды қанауға ол өз наразылығын білдіріп отырған, елімен бірге замана зардабын
көреді, жерінен, қонысынан айрылады. Ел билеушілерінің шын сырын халық алдында
әшкерелеп, оларға қарсы ардагер азаматтардың бейнесін жасайды. «Парашыл оязнай»,
«Шалабай болысқа», «Нұртазаға», «Науан хазіретке», «Бір болысқа» өлеңдерінде дін иелері мен билеушілер сынға алынған. Шоғырмақ болыстың сайлауда жеңіліс тауып, болыстық белгі мен мөрді алып қашып, күлкі болғанын т.б. келемеж еткен.
Елдің бойындағы алааяқтық, арсыздық, мансапқорлық, керітартпа мінез-құлықтарды
сынап, қазақтың бейқам, қарекетсіз халіне өкініш білдіреді. «Он үш жетім» термесінде
көл, кәрі, кедей жетімдігі туралы айта келіп, 8-ші білімі ескерусіз қалған ғалым жетім
дейді. Ақынның сол кездегі саяси қозғалыстан хабардар болғаны жайлы Е.Ысмайылов пен
А.Нұрқатов өз мақалаларында айтқан.
Жеке басының қасіреттері – Ұрқиядан, жерінен, Құлагерінен, Көкжендет, Базаралыдан айырылуы – оның өлеңдеріндегі әлеуметтік зар сарынын күшейтті. Өмірдегі көрген-білгендерін түйіндеп, нақылға айландырып, философиялық ой қорытындыларын беріп отырды.
«Дегенге аяқ-басшы, ой –жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсыға бітсе дәулет бақ айланар,
Жаманға бітсе дәулет, әуейленер».
Өмірдің өтпелілігінайтып, жастық шақты босқа өткізбеуге, тіршілік қамын ойлауға шақырады.
Ақан лирикасы өмірге деген құштарлықтың үлгісіндей.
«Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан..» деп, өз өлеңдерінде байырғы қара өлең
формасын шебер пайдаланған. Жас кезеңдерін де дағдылы жырға қосқан. «Жиырма бес», «Кәрілік», «Жастық шақта». Ақан кейде халық өлеңдерін өз әуендеріне текст ретінде де қолданған, содықтан оның әуендері халықтық деп те танылған. Өз өледерінде орыс, парсы, араб сөздерін де араластырып отырған. Он алты қыз.
Қалқаға анда-санда жазған назым,
Ғалымның дәптеріндей томда жатыр...
Тартылғантелеграмның сымындай боп.
Омбыға патша мұрагері келген жылы Шыңғыс төре Ақанды ертіп барады. Оның даусы, әніне риза болған мұрагер алтын медаль беріпті-мыс/А.Жұбанов/ .
Ақан сөздерін мағына жағынан М.Жұмабаев беске бөледі:
1. сықақ. 2 . ғашықтық. 3. айтыс һәм мақтау. 4. сопылық. 5. қазақ қайғысы жайлы өлеңдер. Ақан өмірін Мағжан ертегідей сұлу өмір деп, «судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір» деп бағалаған. Ақан мен Біржан өндерінің біразы А.Затаевичтің «1000» және «500» ән жинақтарына енген.
І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан кімдер үзінді келтіре алады?
Қазірде тілімізде «серінің Құлагері де сөреге жетпей жығылған», «Әр Құлагердің өз Батырашы бар» деген бейнелі сөздер қолданыста бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет