1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


В12 витамині, кобаламин, антианемиялық витамин



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата31.10.2022
өлшемі1,21 Mb.
#155920
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Химмм

В12 витамині, кобаламин, антианемиялық витамин. 
Құрылысы/хим.табиғаты
: В12 витамині басқа витаминдерден 
құрылысының күрделілігімен және молекуласында металл ионы - 
кобальттьң болуымен ерекшеленеді. Кобальт пopфиpинтәpiздi 
(коррин ядросы деп аталады) структураның құрамындағы 4 азот 


атомымен жэне 5,6-диметилбензимидазолдағы азот атомымен 
координациялық байланыс арқылы байланысады. 
Биологиялық әсері
: В12 витамині арқылы реттелетін 15 шақты 
реакция белгілі , солардың тек eкeyi сүтқоректілірдің 
жасушаларында жүреді: 

Метил В12- гомоцистеиннен метиониннің тузілуіне 
қатысатын кофермент. Сонымен қатар, метил В12 ДНК мен 
РНҚ-ң алғы заты – нуклеотидтер синтезіне қажет фоль 
қышқылының қатысуымен жүретін үрдістерге жағдай 
жасайды. 

Дезоксиаденозилкобаламин коферменті ретіде тақ санды 
көміртек атомы бар май қышқылдарының және 
тармақталған тізбекті амин қышқылдарының метаболизміне 
қатысады 
Авитаминозы: 
Жануарлар тіндерінде В12 витаминінің 
жеткіліксіздігі Каслдың ішкі факторының синтезінің бұзылуымен 
байланысты (Касл факторы кальций иондарының қатысуымен 
В12 витаминімен байланысып, оның ішекке сіңірілуіне әсер 
етеді). Авитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлык 
(мегалобласттык) анемия. Бұл аурудың негізгі белгілері қанда 
үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы
гемоглобин концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының 
бұзылуы ең алдымен қан жасау жүйесінің тез бөлінетін 
жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының, соның 
iшінде ДНК синтезінің бұзылуымен байланысты. В12 
витаминінің авитаминозына жүйке жүйесіндегі бұзылыстар тән, 
бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары ыдыраған 
кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен
тармақталған амин қышқылы жиналуымен түсіндіpyгe болады.
Тағам көздері
: бауыр, сиыр, шошқа, қой еті, жұмыртқа, сүт, 
ірімшік, сиыр бүйрегі, скумбрия, асшаян және мидия. 
Тәуліктік қажеттілігі: 
0,003 мг 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет