Құрылысы/хим.табиғаты
: Е дәрумені өзінің химиялық табиғаты
бойынша туыстық қосылыстардың- токоферолдардың тобын
құрайды. Токоферол молекулалары екі компоненттен тұрады:
бензохинон туындысы болып табылатын хроманол сақинасы
және изопреноид бүйір тізбегі. Е
витаминіне токоферолдардан
басқа α-, β-, γ- және δ-токотриенолдар - сәйкес токоферолдардың
аналогтары кіреді, олар соңғыларынан бүйірлік тізбекте қос
байланыстардың болуымен ерекшеленеді. Ең үлкен биологиялық
белсенділікті α токоферол көрсетеді.
Биологиялық әсері
: Токоферолдың биохимиялық функциялары
алуан түрлі:
Әсер ету механизмі бойынша токоферол антиоксидант, ол
мембрана фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған
май қышқылдарының оттегімен жанасуына кедергі
келтіретін орында (гидрофобты комплекс тузіп) орналасып,
мембрананы пероксидтік тотығудан қорғайды. Е
витамині
каротин мен А витаминінің молекуласындағы қос
байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен
бірге) селенді глутатионпероксидазаның активті
орталығының құрамына енгізіп, ферменттік
антиоксиданттық қорғаныш жүйесін активтендіреді
(глутатионпероксидаза липидтердің гидропероксидтерін
залалсыздандырады).
Токоферол митохондрия мембранасын тұрақтандырып,
жасушаның оттегіні жұмсауын үнемдейді. Е
витаминінің
мембрананы тұрактандырушы әсерінен митохондрияда
биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың
қабысуы артады, АТФ пен креатинфосфаттың түзілуі
күшейеді. Е витамині тыныс алу жүйесінің және
митохондрияның басты антиоксиданты - убихинонның
биосинтезін қадағалайды.
Токоферол нуклеин қышқылдарының (транскрипция
жеңгейінде), гемнің, микросомалык цитохромдардың және
басқа да гемі бар белоктардың синтезін бақылайды.
Е витамині мембрана фосфолипидтерін бұзатын
лизосомалардағы фосфолипаза А2
активтілігін төмендету
кабілетіне ие.
Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін
нығайтуға кабілетті тиімді иммуномодулятор болып
табылады.
Авитаминозы:
Е витамині жетіспегенде эритроциттердің
гемолизі байқалады, оларда антиоксиданттық қорғаныс
функцияларының активтілігі төмендейді Токоферолдыың
жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы,
бедеулік, бауыр некрозы, ми бөлімдерінің,
әcipece мишықтың
жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық
құрылымдардың мембраналарының өткізгішітігінің артуымен,
оларда липидтердің пероксидті тотығуының өнімдерінің
жиналуымен түсіндіріледі. Е витамині гиповитаминозының
алғашкы сатыларында зақымданған тіндерден ферменттердің
(креатинфосфокиназа, аланинаминотрансфераза) қан сары суына
шығуы және қан сары суында липидтерің пероксидті
тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады.
Тәуліктік қажеттілігі:
20-40 мг
Тағам көздері
:
өсімдік майы, салат, орамжапырақ, астық
өнімдерінің ұрықтары,
сары май, жұмыртқа сарысы.
Достарыңызбен бөлісу: