Мәтіндегі деректен Жиембет жыраудың қай ханға қызмет еткенін анықта:
A)Тәуекел хан
B)Хақназар хан
C)Есім хан
D)Қасым хан
E)Тәуке хан
11. Ежелгі Египетте құдайға теңеді:
A)құлдарды
B)құрылысшыларды
C)егіншілерді
D)перғауындарды
E)балықшыларды
12. 1236 жылы Батыс елдеріне жорықты бастаған мемлекет билеушісі:
A)Шайбан
B)Бату
C)Шыңғысхан
D)Орда-Ежен
E)Жошы
13. Ежелгі Римде өткізілген басты ойын-сауықтардың бірі
A)садақ ату
B)бұқалар жарысы
C)жаяу жарыс
D)суға жүзу
E)гладиаторлар сайысы
14. Иранда XVIII ғасырдың соңынан бастап билік құрған әулет:
A)Цинь
B)Пехлеви
C)Каджар
D)Сүлеймен
E)Сефевид
15. Майкл Фарадейді 1831 жылы ашқан жаңалығына байланысты замандастары атады:
A)«Ұлы ойшыл»
B)«Ұлы ағартушы»
C)«Найзағай әміршісі»
D)«Мазурка королі»
E)«Ғұлама замандас»
16. ХІХ ғасырдың ортасында Жапонияны күштеп ашқан:
A)орыстар
B)испандықтар
C)америкалықтар
D)голландықтар
E)немістер
17. 1924 жылы республика болып жарияланған Азиядағы мемлекет:
A)Камбоджа
B)Монғолия
C)Вьетнам
D)Тибет
E)Қытай
18. Қытай кеңестері туралы
Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды...
Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды. Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі,тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы,кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді...
Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды.Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды.
Достарыңызбен бөлісу: |