Ынталандыру.Педагог өткен ҰОҚ-де балаларға санау ұнағаны туралы, «Нешінші?» деген сұраққа топта жауап беріп, қайта санай алатындары туралы айтады. Өзектендіру. Педагог балалардан сұрайды: – Біздің топта қанша ұл бала оқиды? – Қанша қыз бала бар? – Қайсысы көп екенін қалай білуге болады?
Ортасы
6–15
Мақсат қою (проблемалық жағдай). (К) Балаларға №6 электрондық жиынтық полотномен жұмыс ұсынылады немесе қималы үлестірмелі материалдарды (№49-50 кестелер) пайдалануға болады. Педагог кімнің–ұл балалардың немесе қыздардың көбірек
екенін білуді ұсынады. - Суретте кімнің көбірек (азырақ) екенін қалай білуге болады? Балалар өз нұсқаларын ұсынады. Педагог осы сабақта олар салыстыруды үйренетінін хабарлайды. (Ұ) Педагог суреттегі ұл балалардын саны мен қыз балалардың санын есептеуді ұсынады. Балаларсанап, əліппе-дəптердегі №1 тапсырмадағы тиісті орынға тиісті цифрлары бар жапсырмаларды жапсырады. Педагог балалардан сұрайды: – Суретте қайсысы көбірек бейнеленген? – Қыздар ма, əлде ұлдар ма?
Жаңалық ашу.(Ұ) Педагог балаларға суреттегі ұл балалар мен қыздарды санауды ұсынады. Балалар санайды жəне тиісті цифрлар бейнеленген жапсырманы əліпби-дəптердегі №1 тапсырмадағы тиісті жерге жапсырады. Педагог сұрақтар қояды: – Суретте кімдер көбірек бейнеленген? – Қыздар ма немесе ұл балалар ма?
(Ұ) Проблемалық жағдайды шешу үшін педагог балаларға ұлдар мен қыздарды санаған кезде шыққан сандарды қалай салыстыру керек екенін ойлануды ұсынады. Егер бұл сұрақ балаларда қиындық тудырса, мұғалім былай деп сұрайды: – Суретте қанша ұл бала бейнеленген? – Суретте қанша қыз бала бейнеленген? – Қандай қорытынды жасауға болады? Балалар бірдей сандық мəнге санау объектілерінің тең саны сəйкес келеді деген қорытындыға келеді. – «Артық», «кем» деген ұғымдар нені білдіреді? (Бірінші жағдайда санау объектілерінің бірінің саны көп санмен, екінші жағдайда – аз санмен анықталады). – «Сонша» деген ұғым нені білдіреді? Педагог топта оқитын ұл балалардың саны мен қыз балалардың санын салыстыруды ұсынады. Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)