Ортасы
6–15
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
Педагог электрондық жиынтық полотномен жұмыс ұйымдастырады. Балалар бір стақанға 10 зат жинайды, 10 санының үлгісін шығарып қояды, екінші стқанға 2 зат жинап, үлгісін шығарады. Санды атап, санның жазбасын шығарады. (Ө) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1- тапсырманы орындауды ұсынады. Балалар қалып қойған санды 1-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегінде дұрыс тəртіппен жапсырады. Əрбір екінші қарындашты сары түске бояйды. Жаңалық ашу. (Ө) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі №2 тапсырманы орындауды ұсынады. Педагог бірінші стақанда қанша қарындаш бар деп сұрайды. Балалар санау арқылы санын анықтайды. Балаларға тағы бір қарындаштың суретін салып, қарындаштардың санын санау ұсынылады. Педагог стақанда қарындаштар қанша болды деп сұрайды. Осы тапсырманың арқасында балаларды «келесі сан» жəне «бір санға үлкен сан» деген ұғымдарды қалыптастыруға дайындайды. Осындай əрекеттер мен талқылауларды балалар қалған екі жағдайда өз бетінше жүргізеді. Балалар егер тағы 1 қарындаш қосса, стақандағы қарындаштардың саны қалай өзгеретінін, əрбір нақты жағдайда сол саннан кейін қандай сан келетінін түсіндіреді.Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)
|
Əліппе-дəптер.
Әліппе-дəптер.
|