" Тыныс алу жүйесі қызметінің жетіспеушілігі ” деген түсінікті терапияға 1854 жылы Винтрих деген ғалым енгізген . Сыртқы тыныс алу аппаратының қызметі организмді оттегімен қамтамасыз етуге және зат алмасу реакцияларының нәтижесінде түзілген көміртегінің қос тотығын сыртқа шығаруға бағытталған . Бүл қызметті , біріншіден , сыртқы және альвеолалар ішіндегі ауа арасындағы газ алмасуы арқы лы , екіншіден альвеолалардың және өкпелік капиллярлардың қабыр ғалары арқылы оттегі және көміртегі қос тотығының диффузиясы арқылы іске асырылады . Өкпенің және бронхтардың жедел және созылмалы ауруларының көбісі тыныс алу кызметінің жетіспеу шілігіне апарады . Өкпедегі морфологиялық өзгерістер мен тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі әрдайым сәйкес келе бермейді , оны есте сақтау қажет . Қазіргі уақытта , " тыныс алу қызметінің жетіспеу шiлiri ” деп организмдегі қанның қалыпты газ құрамының сақта луының қамтамасыз етілмеуін айтады . Бұл жерде сыртқы тыныс алу аппаратының қызметі жүрек - қан тамырлар жүйесінің қызметімен тығыз байланысты екенін әр уақытта есте сақтау керек ; жүректің шамадан тыс көп жұмысы тыныс жетіспеушілігіне бейімделудің ең бір маңызды элементі болып есептелінеді .