1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет60/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия

Клиникада тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі ентігумен , көге румен , ал ақырғы кезеңінде , жүрек қызметінің жетіспеушілігі қосыл ғанда , ісінулермен белгіленеді ( 64 - сурет ) . ( Түрлі - түсті суретті қараңыз ) . Дені сау адамға ауыр физикалық күш түскенде организм бейім делу механизмдерді пайдаланса , ол тап осы механизмдерді бронх өкпелік ауруы бар науқаста тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі дамығанда да қолданады . Бірақ та бұл механизмдер науқас адамдарда дені сау адамдардан едәуір ертерек іске қосылады , мысалы , ентігу мен жиі дем алу өкпе эмфиземасымен сырқаттанған адамда жәй ғана , баяу жүргеннің өзінде де байқалады . Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің ең бір ерте байқалатын белгілеріне өкпе желдетілуіне теңбе - тең ( адекватты ) , сәйкессіз өзгеруі ( демалудың жиілену , терендеуі ) жатады , сау адаммен салыстырған да , аз ғана физикалық күш түскенде пайда болады , бұл кезде бір минут ішіндегі тыныс көлемі ( мтK ) ұлғаяды . Кей кезде ( өкпе эм физемасында , бронхиалды астмада ) тыныс алу қызметінің жетіс пеушілігінің бейімделуі негізінде тыныс бұлшық еттерінің күшті жү мыс жасауы , яғни тыныс механикасының өзгеруі арқылы орындалады . Сөйтіп тыныс жүйесі патологиясы бар науқастарда , сыртқы тыныс қызметінің міндетті деңгейде сақталуы компенсаторлық меха низмдердің және тыныс қорының шектелуі ( ең жоғары өкпелік вен тиляцияның төмендеуі , оттегінің пайдалану өк коэффициентінің төмендеу және т . б . ) қосылуымен орындалады . Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің үдеу сатысына қарсы күреске әр түрлі компенсаторлық механизмдер қосылады және біртіндеп оның дәрежесіне сәйкес келеді . Алдыменен тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің алғашқы кезеңдерінде , қимылсыз күй кезінде сыртқы тыныс апаратының қызметі қалыпты түрде жұмыс жасайды . Компенсаторлық механизмдер тек науқасқа физикалық күш түскен жағдайларда қосылады , демек сыртқы тыныс аппара тының резервті мүмкіншіліктерінің төмендеуі анықталады . Кейін , жеңілдеу физикалық күш түскенде , ал сонан соң тіпті қимылсыз күйде де тыныстың жиіленуі байқалады , ауа жұтып , ауа шығарған кездеріндегі тыныстық бұлшық еттердің күшейген жүмысының белгілері , тыныс актісіне бұлшық еттердің қосымша топтарының қатысуы анықталады . Тыныс жетіспеушілігінің одан да соңғы кезеңдерінде , организмнің компенсаторлық мүмкіндіктері таусыл ғанда артериалдық гипоксемия мен гиперкапния білінеді . Айқын артериалдық гипоксемияның үдеуіне параллельді жасырын оттегінің жетіспеушілігінің белгілері , қан менен тіндерде клеткалық зат алмасу дың толық тотықталмаған өнімдері ( сүт қышқылы және т . б . ) жиналады . Егерде тыныс алу қызметінің жетіспеушілігіне кіші қан айналы мының шеңберіндегі гипертензия нәтижесінде немесе жүректің оң қарыншасына күштiн артық түсуінен , я болмаса миокардқа әрдайым артық күш түсуінен және оттегімен аз қамтамасыз етілгеннен , миокардта дистрофиялық өзгерістердің зардабынан жүрек қызме тінің жетіспеушілігі қосылса , науқастың қал жағдайы қатты нашар лайды . Өкпенің кең жайылған зақымдануының нәтижесінде пайда болған кіші қан айналымының шеңберіндегі гипертензия өкпенің жеткіліксіз желдетілуіне және альвеоларлық гипоксияға рефлекторлық жауап ретінде пайда болады ( Эйлер - Лильеcтpoни рефлексі ) . Өкпенің ошақты зақымдануында бұл механизм жеткіліксіз туге ұшыраған альвеолалардың қанменен қамтамасыз етуін шек тегендіктен , маңызды бейімдеу қызметін атқарады . Келешекте окпенің созылмалы қабыну ауруларында екенін тыртықтанып өзгеруі жоне өкпе қан тамырлар жүйесінің зақымдануы нәтижесінде кіші қан айналымы шеңберінің қан тамырлары артылып , қан ағуы одан да көп нашарлайды . Оң қарыншаның миокардына артық күші түсуі бірте - бірте үлкен қан айналымы шеңберінде , қан іркілу белгі лерімен анықталатын , оның қызметінің жетіспеушілігіне әкеліп соғады . Тыныс алу қызметінің жетіспеушіліктің себептері және пайда болу механизмімен байланысты өкпе желдетуі қызметінің бұзылыстары үш түрге бөлінеді : обструктивтік , шектелме және аралас . Обструктивтік түрге бронхит , бронхоспазм , кеңірдек және ірі бронхтардың тарылуы немесе қысылуы ( мысалы , ісікпен және т . б . ) нәтижесінде бронх арқылы ауа өтудің қиындалуы тән . Спирогра фия арқылы тексергенде өкпенің минуттық желдетуінің және өкпенің жылдамдаған өмірлік сыйымдылығының айқын төмендеуімен қатар , өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі жатады . Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің шектеме түрі пневмо склероз , гидро- , пневмоторакс , плевра жапырақшаларының бір біріне кең жайылып жабысуы , кифосколиоз , қабырғалар шеміршек терінің қатаюы , қабырғалар қимылының шектелуі және т.б. нәти жесінде өкпенің кеңею қабілетінің шектелуінде байқалады . Бұл жағдайларда ең бірінші ең жоғары дем алу мүмкіншілігінің тереңдігінің шектелуі , яғни өкпенің өмірлік сыйымдылығының және өкпенің минуттық желдетуінің төмендеуі байқалады , бірақ та тыныс актісінің динамикасына , яғни қалыпты дем алу тереңдігінің жылдамдығына , ал қажетті жағдайда тыныстың айқын жиіленуінің өзіне де айтар лықтай кедергі болмайды . Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің аралас түрі жоғары атал ған екі түрдің белгілерін қосады , кейде бір түрдің белгілері асып түрады ; бұл созылмалы өкпе және жүрек аурулары кезінде кездеседі . Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі өкпенің ірі қуыстарында , каверналарда , абсцестерде және көптеген ірі бронхоэктаздарда ана томиялық жансыз кеңістіктің ұлғаюы нәтижесінде де пайда болады . Бүл түрге өкпе тромбоэмболиясы кезіндегі циркуляторлық бұзы лыстар себебінен пайда болған тыныс жетіспеушілігі жатады . Өкпенің қайбір бөлігінде қан айналымы сақталғанменен желдету қызметіне қатыспаса ( мысалы , пневмония , ателектаз ) , өкпеде ауа біркелкі та ралмағандықтан ( бөліп таратқыш бұзылыстар ) тыныс алу қызметін нің жеткіліксіздігі тағы да туады . Бүл себеrrен веналық қанның бір бөлігі оттегімен қанықпай жүректің сол жақ бөліктеріне құйылады . Патогенезі жағынан қан - тамырлық шунттар нәтижесінде пайда болған тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі жақын түр . Осы кезде веналык қанның бір бөлігі өкпе артериясынан өкпе капиллярларына ақпай , тікелей өкпелік веналарға құйылып , артериалдық қанменен арала сады . Бұл жағдайда өкпеде қанның оттектеуі бүзылады , бірақ өкпенің сау бөліктерінде бейімдеу нәтижесінде желдетуі күшейсе , гиперкап ния байқалмауы да мүмкін . Бұл - жарым - жарты тыныс алу жетіс пеушілік , яғни оның тоталдық тыныс алу жетіспеушілігінен айыр машылығы - гипоксемия мен гиперкапния болмайды .

Тыныс алу қызметі жетіспеушілігінің тағы бір түріне өкпенің альвеоларлық - капиллярлық мембранасы арқылы газ алмасуының бүзылуы жатады . Бұл түр альвеолярлық - капиллярлық блок » кезінде мембрана қалыңдағандықтан газдың екі жақтық трансмем брандық диффузиясы бұзылғандықтан пайда болады . Әдетте , көміртегі қос тотығының диффузиясының жылдамдығы оттегінен 20 есе артық болғандықтан , бүл түрде гиперкапния байқалмайды . Тыныс алу қызметі жеткіліксіздігі бүл түрінде артериалдық гипок семия және көгеру , күшейген желдетуге сәйкес келеді .

Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі жедел ( мысалы , бронхиал ды демікпе ұстамасында) және созылмалы ( ұзақ мерзімді өкпе ауру ларында ) түрлерге бөлінеді .

Тыныс алу қызметі жетіспеушілігін үш сатыға немесе үш кезең ге жіктеп бөледі . Тыныс алу қызметі жетіспеушілі аурудың қазіргі мезгілдегі жағдайын көрсетеді .

І кезеңі тыныс алу қызметі жетіспеушілігінің белгілері , әсіресе ентігу , тек қана айтарлықтай физикалық күш түскенде ғана байқалады .

ІІ кезеңі тыныс алу қызметі жетіспеушілігінде ентікпе шамалы физикалық күш түскенде пайда болады , бұл кезде компенсаторлық механизмдері қосылады .

Ал , тыныс алу қызметі жетіспеушіліктің І кезеңінде ентігу мен көгеру науқастың қимылсыз күйінде де байқалады . Сонымен қатар , функционалдық өкпелік сынамалардың қалыпты көрсеткіштерден едәуір ауытқулары анықталады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет