1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру


Нефротикалық синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет28/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия

9. Нефротикалық синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру.

Нефротикалык синдром



Бағалау критериі

Балл бойынша бағасы

1

Ол пациентпен құрметпен және жылы жүзбен амандасты, (қадір-қасиеттің барлық ережелерін сақтай отырып - эпид. Режим). Науқаспен өзін таныстырды. Ол науқасты өзіне қабылдады, оған қолайлы жағдай жасады. Пациенттің атын, тегін және жасын сыпайы және сыпайы түрде нақтылады. Науқасқа қол жетімді, ол өзінің сұрақтарын шағымдарды, ауру тарихын және эпидті түсіндіру үшін тұжырымдады. анамнез.

4,0

3,0

2,0

0

2

Науқасты жалпы тексеруден дұрыс өткізді (жағдайы ауыр, қимылсыз отырады, терісі бозарған, акроцианоз, бет ісінген, аяқтарындағы ісіктер, төменгі арқа). ЧДД 32 мин. Пульс 92 / мин. АҚ 70/100 мм с.б.

10,0

8,0

6,0

0

3




6,0

4,0

2,0

0

Нефротикалық синдром Нефротикалық синдромның себептеріне созылмалы гломеруло нефрит , безгек , сепсис , туберкулез , қант диабеті , амилоидоз , дәне кер тінінің жайылмалы аурулары т . б . ауру түрлері жатады . Нефротикалық синдром зат алмасу үдерістерінің бұзылуынан — оның ішінде негізінен май және белок алмасудағы өзгерістерге бай ланысты дамиды . Осындай өзгерістердің әсерінен шумақ капилляр лары қабырғаларының трофикасы мен өткізгіштігі бұзылады . Бірінші зәрде пайда болған белок бөлшектері мен липоидтар бүйрек өзек шелерінің қабырғаларына сіңеді және эпителиалдық клеткаларда дистрофиялық өзгерістер тудырады . Нефротикалық синдромның дамуында аутоиммундық механизмнің де маңызы зор . Клиникалық көрінісі . Нефротикалық синдромға тән негізгі әрі жалғыз шағым тұрақты түрдегі пайда болатын ісік . Ісік көбіне нау қастың бел аймағында болады . Науқастың түсі бозғылт , қабақтары ісінген , көз саңылаулары тарылған , таңертеңгілікте олар қиындықпен ашады . Сонымен қатар ісік аяққа , бел аймағына , ішке , қолдарға жайылады . Ісік жұмсақ болады , саусақпен басқанда теріде тез жоғалатын шұңқыр қалады . Ісіну сұйықтығы ішкі ағзаларға , сірлі қабыҚТЫ Қуыстарға жиналады . Нефротикалық синдромда артериялық қан қысымы өзгермейді , сол жақ қарыншада гипертрофия белгілері болмайды . Бұл нефроти калық синдромның созылмалы гломерулонефриттен айырмашылығы болады . Ісіктің көбейген кезеңінде зәр мөлшері азая - ды , тәулігіне небәрі 250—400 мл . зәр бөлінеді . Оның салыстырмалы тығыздығы жоғары болады ( 1.030—1.040 ) , құрамында белок 10—20 % -ке дейін көбейеді және көбіне альбуминдер болады ( альбуминурия ) . Зөр тұнбасында - гиалинды , түйіршікті және балауыз төрізді цилиндрлер , бүйрек эпителиінің клеткалары , холестерин кристалл - дары табылады . Ұзақ және тұрақты түрдегі протеинурия организм - нің белоктық мұқтаждығына және қан сарысуында белоктың , әсіресе альбуминнің төмендеуіне ( 4-5 % дейін ) әкеліп соғады . Бұл лабораториялық зерттеу арқылы анықталады . Альбумин - глобулинді коэффициент төмендейді ( қалыпты жағдайда 1,2-2,0 ) , альфа – 2 глобулиндер , гамма глобулиндер азаяды . Нефротикалық синдромда ісінудің дамуы гипопротеинемиямен , әсіресе гипоальбуминемиямен түсіндіріледі . Гипоальбуминемияда қан сарысуының онкотикалық қысымы төмендейді , су тіндерге жиналады , айналымдағы қан көлемі азаяды . Бұған жауап ретінде бүйрек үсті бездерімен альдостеронның , ал гипофизбен антидиуретикалық гормонның түзілуі көбейеді , зәр онан сайын азая түседі . Организмде хлорлы натрий жиналады , ісік күшейе түсіп үлкейе береді . Келесі тұрақты белгінің бірі – липидемия . Қанның сарысуында холестериннің ( 500 мг % — 1360 ммоль / л - ге дейін ) , фосфолипид тердің , бейтарап майдың концентрациялары көбейеді . Бұл өзгерістер белок алмасуының бұзылуымен және гипопротеинемиямен байла нысты болуы мүмкін . Сонымен лабораториялық зерттеу арқылы нефротикалық синд ромға тән үш белгіні анықтауға болады : протеинурия , гипопротеи немия және гиперхолестеринемия . Бүйректердің қан тазалау қызметі нефротикалық синдромда бұзылмайды , азотемия байқалмайды . Бүйректердің негізгі функционалдық сынамалары ұзақ уақыт қалышты жағдайда қалады . Бүйректердің созылмалы ауруларында нефротикалық синдромның табиғатын анықтауда бүйректер биопсиясы аса құнды мәлімет береді . Ағымы . Аурудың ағымы ұзақ жылдар бойына созылады . Әр түрлі қосылған инфекциялардың әсерінен ісіктің үлкеюі байқалады . Емдеуі . 1. Белокқа бай тағамдар ( 1 кг дене салмағына 2-2,5 г белок ) беріледі , ас тұзы шектеледі . 2. Кортикостероидты препараттар ( преднизолон ) және иммунодепрессанттар ( имуран т . б . ) негізгі ем ретінде қолданылады . 3. Қатты ісінулер кезінде зәр шығарғыш препараттар беріледі : ( гипотиазид , фуросемид ) . 4. Уақытша оңалу кезеңдерінде санаторлық ем ( Байрам - Али ) алуға кеңес беріледі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет