1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



бет12/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
1414557800387
13- нұсқа

1. Неологизм сөзді табыңыз.

А)* Ермексаз.

В) Шоқпар.

С) Ханша.

D) Мырза.

Е) Атамекен.
2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз: А,ә,е,э,ы,і, ...

А) О.
В) Ө.


С) Ү.
D)* И.

Е) У.
3. «Б» дыбысының қандай екенін анықтаңыз.

А) Еріндік дауысты дыбыс.
В) Қатаң дауыссыз дыбыс.
С) Ашық дауысты дыбыс.
D)*Ұяң дауыссыз дыбыс.

Е) Қысаң дауысты дыбыс.


4. Деректі зат есімді табыңыз.

А) *Қобыз.


В) Сезім.
С) Ақыл.
D) Ой.

Е) Реніш.


5. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз.

А) *Елудей,ондай.


В) Бесінші.
С) Жетеу.
D) Сексен бес.

Е) Онның бірі.


6.Жіктеу есімдіктерінің жіктелген түрін көрсетіңіз.

А) Біреумін,бәріміз.


В)* Менмін,сіздерсіз.
С) Демалысқа,мектепке.
D) Әлдененің,ешкімім.
Е) Киімім,бағаңыз.
7. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз.

Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.

А)* Қарш-қарш.


В) Ауыздығын.
С) Жоқ.
D) Шайнап.

Е) Өтеді.


8. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

А) Болатбектің әні.


В)* Хат арқылы сырласу.
С) Асқар тау.
D) Бақытты жастар.

Е) Біздің мақсатымыз.


9. Стилін белгілеңіз.

Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр,мылқау,танымас тірі жанды...

А) *Көркем әдебиет стилі.


В) Ресми іс қағаздар стилі.
С) Ауызекі сөйлеу стилі.
D) Публицистикалық стиль.

Е) Ғылыми стиль.


10. Мына сөздердің ішінен синонимді табыңыз.

А) Мәдениет,білім.


В) *Жарық,нұр,сәуле.
С) Ине,жіп,оймақ.

D) Мал,мүлік,егін.

Е) Киіз,кілем,алаша.
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Ән айту.


В) Күрделі мәселе.
С) Егіншілік кәсіп.
D)* Місе тұтпады.

Е) Ел билеу.


12. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды табыңыз.

А) Тайбурыл.


В) Бақытжан.
С) *Қараөзек.
D) Құтжол.

Е) Айнабұлақ.


13. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.

А)* Әдептіге елікте.


В) Әдепті екен.
С) Әдепті сөйле.
D) Сөзі әдепті.

Е) Әдепті бала.


14.Қалау райлы тіркесті ажыратыңыз.

А) Осылар санасын.


В)* Санағысы келеді.
С) Санаса қалыпты.
D) Осылар санады.

Е) Санамақ болды.


15.Септеулік шылаулы сөйлемді көрсетіңіз.

А)*Полк командирі кеткен соң пулеметшінің қасына барды.


В) Қарғым-ай,ерекше жаралған жан екенсің.
С) Құдаша қыз-ау, әнің қандай еді, есімнен бір шықпады.
D) Бүгінгі жұмысты тастап мен де келдім.

Е) Бірақ Әбекеңнің сөзінің жаны бар.


16. Сөйлемді көрсетіңіз.

А) Тайлы тұяғымен қалмай.


В)* Еңбек ер атандырады.
С) 20 шақты оқушы.
D) Сен үшін.

Е) Ит терісін басына қаптады.


17. Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

А) Алты-жұп сан.


В) Әжем-дана адам.
С) Ештен кеш жақсы.
D)* Ол-әкем.

Е) Ертең кел.


18. Қыстырма сөз қай сөз табынан,анықтаңыз.

Үшінші,мен ақымақ емеспін.

А) Есептік сан есім.


В) Болжалдық сан есім.
С) Жинақтық сан есім.

D)* Реттік сан есім.

Е) Бөлшектік сан есім.
19. Төлеу сөзді анықтаңыз

А) *Мағжан шешен өлсе,артында сөзі қалатынын айтты.

В) «Үш жұрттың тілін білген өзгеден үш есе биік тұрады»,-деген халық.

С) Абай адамгершілік,адамдық жайын қозғайды.

D) «Қайтуды ертең сөйлесейік»,-дедім.

Е) «Тәңірім ием,атпады ғой таңың!»-деді күңіреніп.


20. Есімдіктен жасалған қос сөзді көрсетіңіз.

А) Қайта-қайта.


В) Алым-салым.
С) Менің ойым-осы.
D)*Өзді-өзі.

Е) Анда-санда.


21. Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз.

А) Тұрақты тіркес.


В) Жаңа сөздер.
С)* Күрделі атаулар.
D) Қос сөздер.

Е) Біріккен сөздер.

22. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

А) Балаша.


В)* Соншалық.
С) Сеніңше.
D) Көзінше.

Е) Тотыдайын.


23. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол жақын жерде орналасқан.


В) Білесің бе?
С)*Қыс.
D) Білмесең,тыңда!

Е) Сен-оқушысың!


24. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ділдәні Абайға айттырған уақытта,Алшынбай ауылы күміс тартқан.


В) *Қартайсақ та,дауысымыз жаспен бірдей.
С) Жапырағы судырлап,тал таранды сұлуша.
D) Бойда қайрат болмаған соң, айтпа сөз.

Е) Осы жолдан таймай адал жүрсең,жетпейтін мақсат жоқ.


25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі;күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.


В) Шешім- шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі-күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
С)* Шешім- шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі,күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
D) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

Е) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі,күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет