7.Кәсіпорынның өндірістік құрылымы. Цех. Анықтама. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз-кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін, қуаттары мен жұмысшылар саны бойынша ара қатынасын қамтитын өндірістік процестің ұйымдастыру түрі.
Өндірістік құрылымның екі түрі ажыратылады:
Кешендік ӨҚ (көп сатылы) – мұнда кәсіпорында өндіріс процесінің барлық сатылары бар: дайындау, өндеу және шығару сатылары.
Мамандандырылған ӨҚ (бір, – екі сатылы) кезінде бір немесе екі саты жоқ, олар бойынша өндіріс процесі басқа кәсіпорындардан бірлескен жеткізілімдер түрінде қамтамасыз етіледі. Өндірістік құрылымның алғашқы элементі жұмыс орны болып табылады.
Цех—өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе шикізат жасалатын (өндірістік цех) не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (көмекші цех) құрылымдық бөлімшесі. Цех- Өндірістің жалпы процесіне қатыса отырып, шеберхана негізгі өндіріске (немесе тұтастай кәсіпорынға) техникалық немесе экономикалық қызмет көрсету үшін өнім өндірудің белгілі бір функцияларын орындайды. Мақсатына қарай Цех негізгі (өндірістік), қосалқы, қызмет көрсететін, қосалқы және жанама болып бөлінеді.
8.Цехтардың жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар.Негізгі цехтар: 1) дайындау; 2) өңдеу 3) шығару (құрастыру) болып жіктеледі.
Көмекші цехтарға мыналар жатады: жөндеу, слесарь-жөндеу, құрал-саймандар, энергетика және т.б. қызмет көрсететін цехтар өнімді сақтау, шикізатты, материалдарды және дайын өнімді тасымалдау функцияларын орындайды.Өндірістік цехтың жұмысын ұйымдастыру- күрделі әрі жауапты міндет. Бұл мәселені сәтті шешу үшін Өндірістік цехты, учаскені, жұмыс орнын құра отырып, келесі аспектілерге назар аудару қажет.
Жұмыс жағдайлары еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жұмыс орындары өрт қауіпсіздігі техникасына сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс орындары жұмысқа қажетті барлық заттармен жабдықталуы керек.
Өндірістік цехты материалдармен, шикізатпен, керек-жарақтармен, жартылай фабрикаттармен және т. б. қамтамасыз етудійымдастыру қажет.Жұмыс орындары қажетті құжаттамамен жабдықталуы керек.