27.Өндірістік логистика негіздері. Міндеттері мен мақсаттары Өндірістіклогистика - өндіріс процесінде материалдық ағымдарды басқару процесі.Өндірістік логистиканың мақсаты:-материалдық игіліктерді құрайтын немесе сақтау, орау, өлшеу, салу және т.б материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар ішінде материалдық ағымдарды оңтайландыру болып табылады.
Өндірістік логистиканың міндеттері:1.Тұтынушылар тапсырысы мен дайын өнімге деген қажеттіліктерді болжамдау негізінде өндірісті жоспарлау
2.Кәсіпорынның басқа өндірістік бөлімшелері арасында және цехтардың өндірістік
міндеттерінің жоспары мен графигін қалыптастыру
3.Аяқталмаған өндіріснормативтерін орнату мен олардың орындалуын бақылау
4.Өндірісті жедел басқару мен өндірістік міндеттердің орындалуын ұйымдастыру
5.Дайын өнім сапасы мен санын бақылау6.Өндірістік жаңашылдықтарды енгізуді жүзеге асыру мен қалыптастыруға қатысу7.Дайын өнім өндірісінің өзіндік құнын бақылау
28.Өндірістік логистиканың функциялары. Өндірістік логистиканың өзектілігінің басқа аспектісі күрделі бұйымдар шығару бойынша кооперация шеңберінде өндірісті ұйымдастыру болып табылады. Бұл жағдайда көлік-тасымалдау операциялары, егер жүктерді жүйеішілік тасымалдау үшін жеке көлік құралдары пайдаланылса, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы көлікті пайдалану кезінде көліктік операциялар өндірістік логистиканың объектісі болуы мүмкін.Өндірістіклогистикада өнімнің құнына елеулі әсер ететін шығыс нормаларына ерекше назар аударылады. Материалдық ресурстар шығынының нормалары-бұл белгілі бір сападағы өнім бірлігін дайындауға және технологиялық, оның ішінде логистикалық операцияларды орындауға жұмсалатын шикізаттың, материалдардың, отынның ең жоғары рұқсат етілген мөлшері.
29.Тапсырысты орындау циклі Өндірістіклогистика қарастыратын логистикалық жүйелер өндірісшілік логистикалық жүйелер деп аталады. Оларға өнеркәсіп кәсіпорындарын, қоймалары бар көтермекәсіпорындарды, тізбекті жүк станцияларын, тізбекті теңіз порттарын және т.б. жатқызуға болады. Өндірісшілік логистикалық жүйелерді макро және микродеңгейлерде қарастыруға болады. Макродеңгейде өндірісшілік логистикалық жүйелер макрологистикалық жүйелердің элементтері ретінде болады. Олар осы жүйелердің жұмыс қарқынын белгілейді, материалды ағымдардың көзі болып табылады. Макрологистикалық жүйелердің қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу мүмкіндігі, оларға кіретін өндірісшілік логистикалық жүйелердің шығушы материалды ағымның сандық және сапалық құрамын тез өзгерте алу қабілеттілігімен анықталады.
Микродеңгейдегі өндірісшілік логистикалық жүйелер белгілі бір бірлікті, тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тығыз байланысқан бірқатар элементтер болып табылады. Бұл элементтер: сатып алу, қоймалар, қорлар, өндіріске қызмет көрсету, көлік, ақпарат, өткізу және кадрлар материалды ағымдардың жүйеге кіруін, оның ішінде жылжуын және жүйеден шығуын қамтамасыз етеді. Логистика концепциясына сәйкес, өндірісшілік логистикалық жүйелерді құру кәсіпорын ішіндегі жабдықтау, өндірістік және өткізу звеноларының жоспарлары мен әрекеттерінің тұрақты түрде үйлесу және өзара дұрыстау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет.