1. «Өндірісті басқару» түсінігінің анықтамасы



бет5/19
Дата23.05.2023
өлшемі53,69 Kb.
#177471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ОПМ ссс

9.Өндіріс түрлері. Мінезді.
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. Кез келген өнімдіөндіру үшін төрт элемент керек:
сол өнімді дайындайтын табиғи зат; өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы адам еңбегі; оның мақсатты бағытталған қызметі; аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушысы;
Автоматтандырылған өндіріс - барлық өндірістік компоненттерінің жұмысын (технологиялық жабдықтар, қоймалық және көлік жүйелері, жинақтау учаскелері жәнет.б.) компоненттер қызметі бағдарламасы, сөйтіп, өндіріс объектісі ауысқан кезде технолгияларды жедел қайта құруды қамтамасыз ететінбір тұтас көп деңгейлі басқару жүйелерін үйлестіретін өндіріс белгісі (линия, участок, цех - завод).Жеке-дара өндіріс - жасап шығарылатын және жөнделетін бұйымдарды аз көлемде шығару және кең номенклатурамен сипатталатын өндіріс. ( Ауыр машина жасауга, кеме станок ,трубина өндіруге тән).
Массалық өндіріс - ұзақ уақыт бойы үздіксіз жасалынатын немесе жөнделетін бұйымдардыүлкен көлемде шығару мен аз номенклатурамен сипатталатын өндіріс. Тәжірибелік өндіріс - қайта жобаланылатын өндірістің технологиялық құжаттамасын және конструкциясын жасап шығару немесе зерттеулер жүргізу үшін бұйымдарды үлгілер партиялар мен серияларлық етіп өндіру. Өнеркәсіп өндірісі - өнеркәсіп өндірісі бірліктерінде (линияларда, учаскелерде, цехтарда, заводтарда) өнім шығару. Сериялы өндіріс - мерзімді партиялап қайталынатын жөндеу немесе жасап шығару бұйымдарының салыстырмалы түрде көп көлемде шығарумен және шектеулі номенклатурамен сипатталатын өндіріс. Машина жасау өнеркәсібінде ж/е металл өңдеуде кең таралған.
10.Негізгі өндірістің цехтарының жіктелуі. Олардың сипаттамалары. Цех бірнеше учаскелерді біріктіреді – ол өнімнің немесе оның бөлігін өндіруге, немесе өндіріс процесінің белгілі 2 сатысын орындауға мамандандырылған кәсіпорынның әкімшілік – оқшауландырылған бөлігі. Цехтің түрлері екі белгі бойынша ажыратылады:
Бағытталуы бойынша: - негізгі цехтар – негізгі профильдік өнімді немесе өндіріс процесінің аяқталған бөлігін өндіретін. Өндіріс процесінің сатылары бойынша негізгі цехтар дайындау, өндеу және шығару түрлеріне бөлінеді; - қамтамасыз етуші цехтар – негізгі цехтар үшін қосалқы өнімді өндіретін (энергетикалық шаруашылық, құрылыс цехі); - қызмет көрсетуші цехтар – негізгі және қамтамасыз етуші цехтар үшін өндірістік қызметтер көрсететін (жөндеу цехі, көлік және қойма шаруашылығы); - тәжірибелік – эксперименттік цехтар – жаңа өнім түрлерінің макеттері мен тәжірибелік үлгілерін жасап сынайтын; - қосалқы цехтар – қосалқы материалдарды өндіріп өндейтін, сонымен бірге өндіріс қалдықтарынан өнім шығаратын цехтар; - көмек етуші цехтар – зауыт территориясын жинайтын, ауыл шаруашылықтық өнім шығаратын цехтар.
Мамандандырылуы бойынша:- Технологиялық – мұнда өндіріс процесінің белгілі бөлігі орындалады. Мұның негізгі кемшілігі өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы және қолданылатын ресурстардың тиімділігі аз, нәтижеде өндірістін шығындары жоғары, өндірістік циклдің ұзақ болуы мен өндірістің пайдалылығы төмен. -Заттық (бөлшектік-тораптық) құрылым кезінде әрбір цех бір немесе бірнеше конструкциясы ұқсас өнімдерді шығаруда мамандандырылады, және номенклатурасы тұрақты өнімнің жаппай өндірісіне сәйкес келеді. Мұның артықшылығы прогрессиетік жоғары өндіргіш айрықша жабдықтауды енгізу мүмкіншілігі ( автоматтандырылған тасқынды линиялар, икемді өндірістік жүйелер). Бірак таза түрде заттық құрылым сирек кездеседі, сондықтан аралас құрылым түрі кең тараған. – Аралас (заттықтехнологиялық) – мұнда дайындау цехтардың технологиялық құрылымы, өндеу цехтарының бөлшектік-тораптық, ал шығару цехтарының – заттық құрылымы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет