2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентімұражайы.
Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясығимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысыжұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады.Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистерімен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.
3. Атамекен мұражайы
Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда(екі футбол алаңы)елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихыментанысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала-Астана мен Алматы орналасқан.
Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.
4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы
Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекетқайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткішіорнатылған.Тарихи архитектуралық ескерткішсаналғанымен,мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді.Мұражайда 6000-ға жуық материалдаржинақталған.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жертелімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражай яғни,Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залдардан тұрады. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозицияларжинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға беріп жатады. Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жобасы болыпсаналады.
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қаматамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай қорықтардың құрылуымен сипатталады.Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы”, “Мәдениет туралы”, “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді.
20)Қазақстандағы заманауи бұқаралық мәдениет
Рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі, елбасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы турасында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек».
Расында да, қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері танылды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауиҚазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауижетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.
Бұл жоба нені меңзейді? Бұл жоба арқылы неніұтуға болады? Ең бірінші, Біріккен ұлттар ұйымындағы ең беделді алты тілді меңгеру. Бұл, әрине, міндеттелген үрдіс болмауы да мүмкін, бірақ аталған алты тілді меңгеру арқылы ұлттың жаһандық бәсекедегі қабілетін көрсете аламыз. Олтілдер: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілі.
Екіншіден, жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетіміз қалыптасу керек. Біздің қалыптасқан мәдениетіміз емес, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан мәдениетті ұсына білуі керек.
Үшінші жағынан, мәдениетті кітап не қағаз түрінде ғана таныстыру емес, түрлі мультимедиалық тұрғысынан да көрсете білу керек. Себебі қазірзаман барынша оқудан гөрі көзбен көруге ыңғайлы смарт заттарға назар аудара бастады.
Жобада суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармалары қамтылды. Соған орай 4 түрлі бағыт айқындалды:
1. Әдебиет
2. Классикалық және дәстүрлі музыка
3. Театр, кино және хореография
4. Бейнелеу өнері
Оған әдебиет саласындағы, «театр, кино және хореография» жанрындағы, бейнелеу өнері және музыка саласы бойынша үздік шығармалар енгізілді. Туындыларды алдын-ала іріктеуқоғамдық талқылауды ескере отырып жасалды.
Еліміздің мақтанар мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшін оның мәдениетін тану керек. Сондықтан алдағы жылдары жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі зор болады. Соны жүзеге асырудабіз де атсалысайық.
Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болыптабылады.
Достарыңызбен бөлісу: |