1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Компьютерлік сауаттылық және мәдениет. «Сандық Қазақстан» жобасы



бет31/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

36. Компьютерлік сауаттылық және мәдениет. «Сандық Қазақстан» жобасы.
Компьютерлік сауаттылық — практикалық жұмыстарда компьютерді қолдану біліктілігі. Қазіргі кезде іскерлік пен білім салаларында міндеттілікке айналды; белгілі бір саладағы мәселелерді шашу жолында компьютерді қолдану үшін керекті мүмкіндіктер мен білімдер жиыны. Компьютерді пайдалана отырып, мвліметтер оку, жазу, есептеу, сүрет салу және де акпарат іздеу жолдары.
Ақпараттық орта — жаңа ақпараттық өнімді өндірумен байланысты адамзат әрекетінің үнемі кеңейіп отыратын аумағы, технология мен қызметі, себебі, қазіргі ақпараттық ортаға ғылыми – ақпараттық орталық байланысты емес, ақпараттық желі, кітапхана мен архивтер, кеңселік жүйелер, бұқаралық ақпараттық құралдар, яғни түгелдей индустрия құру, сақтау, өңдеу және адамзат әрекетінің барлық аумағында ақпаратты тарату. Бұл «ақпараттық қоғам» тенденциясын көрсетеді – бұл ақпараттық технология негізінде байланыс каналдары мен өзара әрекет ететін мүшелер арқылы іске асырылады. Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар мен студеттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен – күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына — ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Ақпараттық қоғам қалыптасуының басты механизмі – қоғамның барлық саласында ақпараттық технологияны тиімді қолдану негізінде ақпараттық ресурстарды өндіру индустриясын құрайды және өңдеуді қажет ететін ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттылық сауаттылық түсінігі 1990 ж ақпараттық мәдениетті үйретуге екі жақты амалдың нәтижесінде қалыптасты: бір жағынан — кітапхананы жүргізу және ғылыми – ақпараттық әрекет позициясымен, ал екінші жағынан компьютерлік технологияны меңгеру позициясымен.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез келген ақпарат көзін — анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын т.б. дұрыс пайдалана білу, алынған мәліметтерді ой елегінен өткізіп, талдай білу деген сөз. Қазіргі Интернет желісінде жұмыс істеу білімгерлерімізге әлемдік білім, ғылым жетістігінен хабардар болып , оны игеруге шексіз мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Ақпараттық мәдениет түсінігін анықтауда ғалымдар мәдениеттің коммуникативті және әлемтану аспектілерін енгізумен бастайды. Коммуникативті «диалогтық» аспектіні түсіну, яғни кең мағынада « адам-адам» диалогы сияқты қарастырылады және «адам-компьютер» диалогы, яғни мынаны игеруге: басқаның көзқарасын тыңдау, ойына араласу, ақпаратты кез-келген түрде көру, өзінің ойын жеткізу және өзінің ақиқатын дәлелдеу, жалпы шешім табу мен жалпы мақсатқа жету үшін бірігіп бағдарлама құру әрекеті . Коммуникацияны әртүрлі авторлар компьютер және адам диалогы деп қарастырған (В.А.Каймин, Н.Угринович, Н.М.Розенберг, А.В. Соловев т.б) адам-компьютер-адам немесе компьютерлік коммуникация деп атайды. Компьютерлік коммуникация желілік бағдарламалық – ақпараттық құралдармен қорланады, сөйлеудің ауызша және жазбаша жаңа үлгісі қалыптасады, бұл ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялармен жүзеге асырылады. Біздің көзқарасымызда, студенттердің тұлғалық ақпараттық мәдениетінде интеллектуалдық сапасы, таным үрдісін өзіндік ұйымдастыру қабілеті, критикалық ойлау қабілетін енгізуге болады. Студенттердің ғылыми-ақпараттық іздеу контекстінде өзіндік интеллектуалдық әрекеті тәжірибесі пайда болады, өзгереді, оларда ғылыми ойлау дамиды.
Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші және тұрақты жұмыс орындарын құрушы бола алады. Цифрландыру жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасына жаңа технологиялардың бейімделуі мен оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналады.
Сандық технологиялар көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Үкімет ұсынған қызметтерге бизнес пен халық еркін қол жеткізеді, ақпарат алмасу жылдамдығы артты, жаңа бизнес бағыттарын қалыптастырып, жаңа сандық өнімді құрастыруға мүмкіндік туды. Еліміздегі ауқымды бағдарламалардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» жобасы. Оның басты мақсаты – халықтың тұрмысындағы сандық экожүйенің даму үрдісін жеделдету арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жандандыру төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:
1) «Сандық Жібек жолын» жасақтау қолжетімді, жылдам әрі қорғанысы мықты сандық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталады.
2) «Жасампаз қоғамды» қалыптастыру арқылы цифрлы экономиканың дағдыларын дамытып, халықтың сандық сауаттылығын ашуға мүмкіндік туады.
3) «Цифрлық жаңғыру» бағыты экономиканың әр саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында сандық технологиялардың қолдану бойынша жұмыс істейді.
4) «Белсенді сандық үкімет» электронды және мобильді жүйенің жетілуін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметті жолын жеңілдетуді қарастырады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттің стратегиялық міндеттері мен қызметтері айқын. Ең алдымен, еліміз үшін өзекті әрі маңызды істердің шешімін табу – негізгі міндеттердің бірі. Соның ішінде, мемлекеттің басқару тиімділігін өсіру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, білім деңгейін жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру сынды мәселелердің шешімін қарастыру жүктелді.
Ақпараттық технологиялар экономикаға көп жаңашылдық әкеледі. Біріншіден, бизнесті жүргізу жеңілдей түседі. Олар халықаралық келіссөздердегі шығын көлемін азайтады.Екіншіден, олардың көмегімен жаһандық көлемде тұтас нарық қалыптасып, тұтынушылар қоғамы құрылады. Халықтың сандық сауаттылығын арттыруды мақсат тұтатын бағдарламаны іске асыру жолында білім беру материалдары жиынтығы әзірленеді. Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың барлық сегменттерін оқыту үдерістері де ұйымдастырылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы осы бағдарламада шешілетін болады. Ол ақпараттық технологияларды күнделікті пайдаланатын және кәсіби өмірде олардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатын креативті қоғамды құру үшін басты бағдар болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет