1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы. Түркі жазуы



бет28/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

32. Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы. Түркі жазуы.
Қазақстан географиялық жағынан Түркі әлемінің қақ ортасында орналасқан. Қазақ елінің кең-байтақ даласы көшпенді өмір салтының және сол салт негізінде қалыптасқан түркі өркениетінің төл бесігі. Бүгін түркітек­тес елдердің көпшілігінде жоғалып бара жатқан ұлы бабаларымыздың құндылықтары әлі күнге дейін қазақ ортасында сабақты жалғасын тауып келеді. Түркі мәдениеті тұрғысынан қазақ­тар солтүстікте Еділ мен Жайық, оңтүстікте Сырдария мен Әмудария жағалау­ларындағы қалаларда өмір сүрген­діктен, далалықтар ретінде түркі мәдениетінің ең саф үлгісін сақтай білді. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы, тілі мен әде­биеті, музыкасы, дүние­танымы, шежі­ре дәстүрі – нағыз көне түркі өрке­ниеті­­нің жалғасы. Бұлай болуындағы негізгі себептің бірі – ХХ ғасырға дейін қазақтардың Еуразияның ең соңғы көш­пенділері ретінде өмір салтын жал­ғас­­тыруы болса керек. Ескерткіштерге келетін болсақ, дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. Х-ХІІ ғ. әдебиетке қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер жатады. Ж.Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі», А.Яссауидің «Даналық кітабы», А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», С.Бақырғанидың «Хакім ата», «Жұбан ана», «Әулие Мария» туындылары Х-ХІІ ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек, ислам дінінің енуіне байланысты көшкен. Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VIII ғ.). Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің (Сібірдегі) бойынан (мұндай жазбалар Қазақстан жерінен де көптеп табылған, солардың ең көлемдісі Талас ескерткіші) табылған. Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.). Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық тасқа ойылып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері – хандар, бектер, тектілер туралы баяндауынан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Ескерткіштердің авторлары сол жазуларда есімдері аталатын Йоллығ-тегін мен Тоныкөк деген болжам бар. Оларды елдің тарихын, тағдырын толғап айтушы ежелгі ақын-жыраулар өкілдері деуге болады. Орхон жырларында «Алпамыс», «Қобыланды» жырларындағы сияқты ел өмірін суреттеуде, ерлікті жырлауда, хан-бектерді мадақтауда өлеңмен бірге арасында қара сөздер де араласып отырады. Сондықтан, оны эпикалық мұрамыздың көне үлгілерінің бірі деуге болады.
Түркі жазуы мен түркі мəдениеті туралы сөз қозғағанда көне түркі жазуы, көне түркі əліпбиі, түркі руникалық əліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш əріптік жазуы болғандығына назар аударамыз. Жазу тарихы – өте қызық. Мəселен, Көне түркі Орхон - Енисей əліпбиінде 35 əріп бар. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1. Орхон ескерткіштері.
2. Талас ескерткіштері.
3. Енисей ескерткіштері
Жазу бағыты оңнан солға қарай көлденең жазылатын болған. Көне түркі әліпбиі сонымен бірге өте жетілген әліпи болды. Академик . Бартольд бұл әліпби түркілерге өте тиімді әліпби болғанын атап көрсеткен еді.


33.Ұлттық музей-қорық жобалары: Ботай, Сарайшык, Бозок. Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің географиялық құраушысы ретінде.
«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы аясында елімізде республикалық деңгейдегі Бозоқ, Ботай және Сарайшық — үш музей-қорығы ашылды.Ескерткіштерді қорғау үшін мемлекеттік мекеме болу қажет.Сол үшін осы музей-қорықтары ашылған болатын.Бұл үлкен жетістік болып табылады. Оның ішінде, алғашқысы – Сарайшық, екіншісі – жылқы малы алғаш қолға үйретілген жер екенін бүкіл әлем мойындаған Солтүстік Қазақстандағы Ботай. Үшіншісі – Бозоқ. Сондай-ақ бұл жоба тұңғыш рет жалпыұлттық деңгейде іске асырылып жатыр.Еліміздегі әрбір ауылда, елде мыңжылдық тарихы бар қасиетті жерлер бұрыннан бар. Бұл жоба соның бәрін бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынған.
Киелі жерлер арқылы ел өз-өзін тану, тарихын, дәстүрін танудың маңызын түсінеді. Туристік сапармен сол жерлерді аралап шыққанда батыстағы ағайындар шығыстағы қасиетті жерлерді білсе, шығыстағы ағайындар оңтүстіктегі жерлерді білсе, сөйтіп, бүкіл Қазақстандағы қасиетті жерлер бәріне бірдей белгілі болса, бұл елдің басын қосады. Жобаның негізгі мақсаты осыда.
Сарайшықта отыз орындық жұмыс орны ашылды. Солтүстіктегі Ботай музей-қорығында да отыз адамдық жұмыс орны құрылған.Сол өңірлердегі азаматтар бұл киелі жерлерді қысы-жазы күтіп-баптап ұстайтын болады.
Сонымен қатар бүгінде үш жерде сапар орталықтары салынып жатыр. Мәселен, Алматыдағы Тамғалы тасқа барсаңыздар, не күтіп алатын адам жоқ, не күтуші жоқ. Осы олқылықты жою мақсатында сапар орталығы сол жерде ашылады. Қалған екеуі Отырар және Ұлытауда ашылатын болады. Ендігі жылы Сарайшық қосылады, сөйтіп жыл сайын инфрақұрылым арта береді. Өңірлерде киелі жерлер үшін қаражат бөлініп жатыр. Мысалы, Шығыс Қазақстанда Берелге, қорық ретінде ашу көзделген Шіліктіге қаражат бөлінуде. Сөйтіп, әр облыс өз өңіріндегі туризмді дамытуға өз үлестерін қосады.Киелі жерлерді анықтағанда біз ескеретін негізгі критерийлердің бірі ол – аңыз. Өйткені бізде тек қана мазарлар мен үңгірлер ғана емес, сонымен қатар тас бар, су бар, тау бар. Олардың көнелігі емес, халықтың соған сеніп тағзым етуімен, аңызымен мықты.Ескерткіштерді қорғау туралы заңға «қасиетті нысандар» бабы енгізілсе, заң қабылданғаннан кейін заңды түрде киелі жерлер қорғауға алынады. 
Арнайы паспорт жасалып, бекітілген мемлекеттік тізілімі болады. Ондай ескерткіштеріміз мемлекеттік қорғауға алынады. Бүгін көптеген ескерткіштеріміз мемлекеттің қорғауында. Мемлекеттік тізімге кірмеген, бірақ ел қасиетті деп таныған ескерткіштер де бар, соларды ескеретін боламыз.


33. Ұлттық музей-қорық жобалары: Ботай, Сарайшык, Бозок. Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің географиялық құраушысы ретінде
Осыдан екі жыл бұрын 2019 жылдың тамызында Үкіметтің қаулысымен «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылған болатын. Адамдардың ежелгі тұрағы отырықшылық тұрмыс салтымен ерекшеленеді. Жартылай жер үстіне тұрғызылған үйлер ағаштан, саз балшықтан, жылқы сүйегінен, қайыңның қабығынан және шымнан салынған. Олардың пішіні көпбұрышты, ал төбелері күмбез тәрізді болған. Ботайлықтар қола дәуіріне дейін екі мың жыл бұрын мыстан жасалған құрал-саймандар мен әртүрлі заттарды пайдаланған. Алғаш рет жылқы түлегін қолға үйретіп, қымыз ашытқан. 15 гектар жерді алып жатқан «Ботай» қонысынан 158 баспананың орнын белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт жетекшілік еткен экспедиция тауып, төрткүл дүниеге танытқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет