1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Жаңаша заманның фильмдерінде айтарлықтай өзгерістер туындады



бет30/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

Жаңаша заманның фильмдерінде айтарлықтай өзгерістер туындады:
1. Үй мен отбасының жағымды бейнелері қалыптаса бастады. Бір қызығы, барлық негізгі оқиға қаладан дəстүрлі кеңістік — ауыл мен қыстаққа ауысқан. Ғасырлар бойғы халықтың ғұрыптық өмірі мен салт-дəстүріне сүйене отырып, режиссерлар дəстүрлі мəдениеттің ерекше əлемін қайта жаңғырта бастады. Фильмдерде бірнеше ұрпақтардан тұратын — əжелер мен аталар, немерелер мен шөберелер бар үйлесімді отбасылар пайда бола бастады. Мұндай фильмдерді түсініп қабылдай бастады, сонымен бірге, ақыры, біздің шынай өміріміз бен менталитетімізді көрсететін фильмдер түсіріле бастады. Бұған таң қалатын ештеңе жоқ, себебі отбасы қоғамның негізгі əлеуметтік капиталы болған жəне болып қала береді, əсіресе бізде, Орталық Азияда.
2. Алайда толық үйлесімділікке жетуге əлі алыс. Кинематографиядағы көрініс тапқан қоғам өмірінің айқын индикаторы — бақытсыз балалардың бейнелері. Фильмдерде біз тағдыры ауыр балаларды көреміз, əсіресе қазақ киносында. С.Апрымовтың «Три брата», Р.Кимнің «Подсолнухи», А.Қарақұловтың «Жылама!» фильмдерінде балалар қаза болады, бұл режиссерлардың халықтың болашағы жоқтығы ойларын көрсетеді. Əкесіз, анасыз толық емес отбасыда өмір сүріп жатқан балалар бейнеленген картиналар əлі де көп. 
3. 1998 жылдан басталған қазақстандық кинематографиядағы ең маңызды өзгеріс — əке бейнесінің өзгеруі. Ол да біртіндеп жүзеге асырылады: өгей əкенің жоқтығы, кейін əлсіз əке пайда болады, ақырында, күшті əке. Тəуелсіздік заманындағы картиналарда ескі кеңестік жүйенің өзі ретінде əке əлсіз, сыртқы əсерге қарсы тұра алмайтын, алқаш немесе өгей əке етіп көрсетіледі. Дегенмен, жасөспірім ұлдар өте күшті, жəне бұл — жаңа мемлекеттіліктіктің құрылуының көрсеткіші.

35.Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы.
Мәдениет экологиясы— жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығы.. Қоршаған ортаға немқұрайлықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік соулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді.
Қазіргі уақытта қоғам назары экологиялық білім беру проблемасына аса назау аударылуда. Себебі, қазіргі таңда кез-келген адам баласы үшін кезек күттірмейтін екі мәселе туындап отыр. Біріншісі, адам қазіргі кезде табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болуы, алайда мұның арты орны толмас экологиялық қиын жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Екіншісін таңдар болса, онда биосфераны сақтап қалуға тырысу керек, ол үшін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет. Экологиялық білім беру проблемасына қоғамның назар аударуының тағы бір себебіне, антропогендік түрдегі (табиғи ресурстардың азаюы, биоалуантүрліліктің төмендеуі, қоршаған орта жағдайының төмендеуі, зиянды қосылыстардың көбеюі және т.б.) экологиялық проблемалардың пайда болуы жатады. Қазіргі кезеңде экологияның ғаламдық мәселелері көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін:
1. Экологиялық білім беру – бұл пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі.
2. Экологиялық тәрбие – ол білім алушы санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет