1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Қазақ халқының мифтері мен аңыздары



бет4/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы
12 rus
4. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары.
Қазақ мифологиясы Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаратылуы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік жұмыртқадан» шығуы жайындағы көне үнділік мифті, болмаса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге болады. Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған, содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер – адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған. Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыздар мифтерді пайдаланған, мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан. Қазақтар жақсылықістерді басқаратындарын аруақперіштеперизат т. б. десе, жамандық істерді басқаратындарын перішайтанжын, албасты, жезтырнақ т. б. деп атайды. Қазақ – ежелден малшаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті асақадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өміртіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады.Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің «Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының«Қамбар ата», ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» бар депесептейді. Бұл аталған есімдердің барлығы – бір кездеріданышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар. Қазақхалқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көрусәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуымүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуымүмкін). "Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындайтүсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады.Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылықжасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмірсыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушықарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққасоғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолынкүтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы менбұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке суқұяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнепнемесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан.Жындардың, албастылардың, шайтандар мен басқа дамифологиялық мақұлықтардың пайда болу туралы мынадайәңгімелер айтылады. Адам ата мен Хауа ананың арасындаадамның кімнен жаратылғандығы жөнінде талас туады: Хауаана «менен» десе, Адам ата «жоқ, менен» дейді. Қайсысыныңсөзі рас болып шығатынына көздерін жеткізу үшін екеуіұрықтарын бөлек-бөлек жинайды. Адам ата ұрығын құмырағасақтайды, Хауа ана мақтаға орап қояды. Белгілі бір уақыт өткенсоң қараса, құмыра ішінде адам пайда болған екен, мақтаныңішінде де бірдеңе жыбырлайды. Бірақ ол адам емес, дию, жын, пері болып шығады. Албасты, жын-шайтанның әйелге үйіркелетіні де осыдан дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет