1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Ұлы қазақ ақыны Абай ойшыл ретінде



бет9/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

9. Ұлы қазақ ақыны Абай ойшыл ретінде.
Абай Құнанбаев Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы 23 тамызда дүниеге келген. Абай, шын есімі- Ибраһим-қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін салушы, философ, аудармашы,композитор, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы жаңартуды көздеген реформатор. Әкесі Құнанбай сол замандағы атақ-даңқы алысқа жеткен ірі тұлғалардың бірі болған.
Ақын ең алғаш сауатын ауыл молдасынан ашып, 10 жасқа толғанында Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде дәріс алады. Құнанбай Абайдың басқа балаларынан зеректілігін байқап, оны елге шақыртып алып, 13 жасында әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырады. Абай әкесінің жанында жүрген жылдарда атқамінер би-болыстардың айла-сұмдықтарын, қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, кертартпа салт-сана мен әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінеді. Сонымен қатар, патша әкімшілігінің отаршылдық саясаты мен ел жағдайын көріп, “елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осындай мақсатпен болыс сайлауына түседі де, жеңіп шығып, 1876-1978 жж. Қоңыр-Көкше өңіріне болыс боладі. Осы жылдары Абай өз қолындағы билік арқылы әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендер мен ұрлық жасағандарды аяусыз жазаға тартып, халық қамқорына айналды. 1870 жылдары Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдары Н. Долгополов, А. Леонтьевпен танысуы- Абайдың әлеуметтік-саяси көзқарасасына оң ықпалын тигізді.
Абай алғаш өлең жазуды 10 жасында бастаған, бірақ 40 жасынан бастап қана көркем әдебиетке шындап ықылас қояды. Өлеңдерін алғашқыда Көкбай атынан бастырған. Ақын шығармалары үш жүйеде өрбиді: біріншісі-төл өлеңдері, екіншісі — ғақлия (қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі-өзге тілдерден аударған өлеңдері. Қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 жж. аралығында қолға алған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған “Қара сөздері”- дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Қара сөздерінде ақынның көркемдік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінеді. Жалпы саны қырық бес шығармадан тұратын қара сөздері тақырыбы жағынан әр алуан. Ең алғаш 1918 жылы қара сөздері Семейде “Абай” журналында жарық көрді. Қазіргі кезде ақынның қара сөздері көптеген әлем тілдеріне аударылған.
Абай өзінің өлең- еңбектерінде қазақ халқын еңбек етуге шақырып, жас ұрпақты білім-ғылым үйренуге, адамгершілік пен имандылыққа баулыды. Жастарды бес нәрседен - өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтықтан аулақ болуға, бес асыл іске - талап ету, еңбекті сүю, терең ойлау, қанағатшыл болу, рақымшылық жасауға асық болуға шақырды.
Абай өз шығармаларында қазақ қоғамының сол замандағы барлық жақтарын ашып көрсетті. Оның қара сөздері , өлеңдері мен аудармалары балаларға үлкен тәлім-тәрбие беріп, олардың саяси идеологиялық көзқарасын қалыптастырды. Ақын өзінің талантты шәкірттерін де тәрбиелеп өсірді. Ақынның ізбасар шәкірттері: Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия еді.
Жақын туыстарының, балаларының бірінен соң бірінің ажал құшуы әрі ақынның қудалауға душар болуы Абайдың денсаулығына қатты әсерін тигізді. 1891 жылы ақын інісі Оспаннан айырылса, 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Абайға бұл қайғылы оқиғалар өте ауыр тиді. Осылайша Мағауияның өлімінен соң 40 күннен кейін Абай қайтыс болды.
Абай халқымыздың ұлттық әдебиетінде, отанымыздың тарихында аса көрнекті орын алады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетлермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет