5)ПЕДАГОГТЕР МЕН АТА АНА АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ
Ата-аналардың бәрі жақсы.Алайда кейбір жағдарларда ата-аналар;өздерінің пікірлерін жалғыз дұрыс пікір деп ойлап ешкімді тыңдағысы келмейді.Кейбір ата-аналар баланың амандығы тәрбиесі үшін ақысын төлеуге дайын тұрады.Бала үшін басты мәселе үнемі қолдары босамайтын және оған уақытының бір бөлігін қиюға қолдары тимейтін жақын адамдар түсінбестігі болып табылады.Балалар көбінесе ықылас, қамқорлық, қолдау мейірімді қатынасты қалайды.Түрлі ата-аналар кездеседі,бұл тәрбиешіге қиындық туғызуы мүмкін.Ата-ананың балаға балабақша жайлы айтқан ақпараттары жағымды болған сайын педагог пен бала арасындағы қарым-қатынас жақсы болады.Бала тарапынан жағымды қатынас ата-аналардың балабақшаға қатынасын және оның педагогикалық ұжыммен ынтымақтастағына әсерін тигізеді.Ата анамен әңгіме барысында аты-жөнімен немесе “сіз” деп қарым-қатынас жасаған жөн.Себебі,бұл тәрбиешінің ата-анаға деген сыйластығын білдіреді.Ата-ана арасындағы маңызжы диалог көңіл өоя тыңдау.Ата-ананың негативін азайту үшін оны ықыласпен тыңдау қажет,бұл тәрбиешенің оған ата-ананың не айтып тұрғандығын нақты білдіруін көрсетеді.
8.Отбасы мен педагогтар арасындағы әрекеттестіктің психологиялық негіздері
Отбасы мен педагогтар арасындағы психологиялық іс-әрекеттер балаға әсер етеді.Өйткені,отбасындағы тәрбие мен мектеп қабырғасындағы педагогтардың берер тәрбиесі екі түрлі болады.Сол жағдайда балада ата-аналары мен педагогтардан арнайы бір олардың ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін қажет етеді.Себебі,бала психологиялық жағдайда екі жақтан қолдау күтеді және сол қолдаудың арқасында балада өзіндік даму,құлшыныс,алға қарай дамушылық пайда болады.Балада осындай қасиеттерді көрген ата-ана мен педагогтың бойында баланың жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында,мектеп қабырғасында тиімді тәрбиелі ортаны беруі, бала тәрбиесіне қатысты барлық жағынан қарастырып, оның білімі мен біліктерін үнемі көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен психологиялық және педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы өте маңызды.Педагогтардың арнайы ұйымдастырып жатқан психологиялық іс-әрекеттері яғни,психологиялық-педагогикалық жиналыстар,пікірталастар,сауалнамалар баланың дамуына және онымен қоса ата-аналардың психологиялық жүйесін дамытуға ықпал етеді.
Қорытындылай келе,отбасындағы ахуал көбіне балаға тікелей әсер етіп жатады.Сол себепті,педагогтың міндеттерінің қатарына тәрбие тікелей қатысады.Педагогтың немесе сынып жетекшінің баланың отбасымен, ата анасымен байланыста болуы өте маңызды.Баланың өз құрдастарының арасында, оқып жүрген ортасында ата-ананың қолдауы қажет.Сонымен қатар,отбасының әлеуметтік тұрмысымен де таныс болуы міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |