9.Отбасы мен педагогтар арасындағы әрекеттестіктің педагогикалық негіздері Баланың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуде ата-ана мен мектептің арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтауда ,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе отырып шешу маңызды.Өткені,отбасы мен мектеп, ата-ана мен педагогтер қарым-қатынасы мәселелері бүгінгі жағдайда әр оқушының тұлға болып қалыптасуы, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесінің табысты болуы көптеген жағдайда нақ осы мәселелерді шешуге байланысты болады. Бүгінде педагогтің ата-анамен жұмысы оларды оқу-тәрбие үрдісіне белсенді қатыстыра отырып,мектептің ата-аналармен өзара қарым-қатынасының ерекшелігі, осы екі жақтың тығыз өзара байланысы мен белсенді әрекетінің бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып мұғалімі және сол сыныптың тәрбиешілері қамтамасыз етеді. Олар мектеп пен отбасы арасындағы ұйымдастыруда жетекші роль атқаруы тиіс. Ол үшін ата-анамен педагогтың арасында өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық таныта білу керек. Міне,отбасы мен педагогтар арасындағы әрекеттестіктің педагогикалық ынтымақтастықтың негізі осылай құрылуы тиіс.Негізінен ата-аналар мен педагогтардың педагогикалық мәдениетін көтеруде ең көп таралған форма жалпы алғанда мектеп бойынша және сынып бойынша ұйымдастырылатын ата-аналар жиналысы.
10.Ата-аналарды мерекелік іс-шараларға,ата-аналар жиналыстарына тартудың қажеттілігі Қазіргі таңда отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейтіп,бағытты жұмыс жүргізу,ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шараларға,ата-аналар және сынып жиналыстарына тарту өте маңызды.Себебі,баланың тәртібі,оқу үлгерімі педагог пен ата –ананың арасындағы екі жақты тығыз байланыс орнату үшін жасалынады.Яғни,балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады,балалар маңызды жетістіктерге жете алады,ата-аналар мұғалім жұмысымен жақын танысып,оны бағалай біледі және де ата-аналар балаларының оқыту жүйесімен және оқу жоспарларымен танысады.Осы іс-әрекеттер арқылы ата-аналар өздерінің бала тәрбиелеуге,оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді.Сонымен қатар,ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында тиімді тәрбиелі орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты баланың білімі мен біліктерін үнемі көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Қорытындылай келе,мұғалімнің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін ата-аналар аса қажет етеді.Сондықтан да педагогтардың оқушыларға ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек балаға ғана емес сонымен бірге ата-аналарға аса қажет. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуде ата-ана мен мектептің арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау керек.