3-деңгей 1)ҚАЗІРГІ ОТБАСЫНЫҢ ҚОҒАМДА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕПІ ЖӘНЕ РӨЛДІК ҚҰРЫЛЫМЫ Отбасының негізгі міндеті-баланы қоғамда өмір сүруге дайындау.Қазіргі таңда қоғам үшін баланың дүниеге келуі және бала тәрбиесі өзекті мәселелепінің бірі болып саналады.Және де бұл жерде отбасының атқаратын рөлі зор дегім келеді. Қөғам үнемі өзінің демографиялық өсуін қамтамасыз ету керек.Сол үшін мемлекет жастардың отбасын құруына, бала өсіруіне мүдделі.Баланың қоғамда бағаланатын құндылықтарды меңгеруін, білім алуын, кәсіп таңдауын қоғамда өмір сүруге үйретілуін алдымен отбасы қамтамасыз етеді. Ал рөлдік құрылымына келетін болсақ ол бойынша 2бөлімге жіктеледі: 1-ші туыстық құрылым бойынша екіге бөлінеді, нуклеарды және кеңейтілген отбасы. Нуклеарлы дегеніміз- отбасының балаларымен жеке тұруы.Кеңейтілген отбасы-отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйелінің туысы тұруы. 2-ші жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша екіге бөлінеді,эгалитарлы және авторитарлы отбасы. Эгалитарлы тең құқылыққа негізделген.Яғни әйел мен еркектің дәрежесі тең.Авторитарлы шешімді күйеуі қабылдайды.
2)ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ МЕН ӨМІР СҮРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Қазіргі таңда әртүрлі отбасылар бар.Негізгі екі сипатын атайтын болсам толыққанды және толық емес отбасы. Толыққанды отбасы бұл отбасында барлық отбасы мүшелері түгел.Ал толық емес отбасы отбасында әкесі немене анасы,балары жоқ болуы.Әр отбасы әртүрлі және әр отбасының өзіндік ұстанатын қағидаларыда бар.Кейбір отбасылар бір бірімен арақатынасы жылы жәнеде бірбіріне көмекке дайын тұрады бос уақыттарын бірге өткізеді,бір бірін ренжітпеуге тырасыды және де ата-ананың берген тәрбиесі баланың қандай екенін көрсетеді.Отбасында ең маңыздысы тәрбие деп санаймын.Яғни отбасының қандай екенін бала тәрбиесінен ақ көруге болады дегім келеді.Енді кейбір отбасылар суық келеді.Отбасы мүшелері бір-біріне салқынқанды қарап бір-біріне мән бермейді.Бұндай жағдайлар көбінесе толық емес отбасыларда кездеседі.Әкесі немесе анасының жоқтығы баланың психологиясына әсер етеді.Себебі әкенің бергенижылулығын анасы бере алмайды ал ананың берген жылулығын әкесі бере алмайды.Сондықтан отбасында әр адамның өзіндік орыны бар.